Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


476 просмотров

FT: Финансовый директор «Святого престола» осужден за сексуальное насилие над детьми

Кардинал Джордж Пелл – самый высокопоставленный чиновник Ватикана, осужденный за педофилию

Фото: Reuters

Его Высокопреосвященство кардинал Джордж Пелл осужден за сексуальное насилие над детьми, что наносит серьезный удар по стараниям Папы Римского Франциска очистить католическую церковь от этого прегрешения, передает Financial Times.

77-летний Пелл совершил преступление в 1996-1997 годах, в бытность архиепископом Мельбурна (Австралия), его жертвами стали двое певчих хора.

До прошлого года Пелл являлся одним из самых доверенных советников Папы Франциска. В 2014 году он был назначен понтификом на пост префекта Секретариата по экономике, чтобы привести финансовые дела Святого престола в порядок.

На сегодняшний день это самый высокопоставленный ватиканский чиновник, осужденный за растление малолетних.

Всего несколько дней назад, 24 февраля, на саммите в Ватикане, куда были созваны 190 епископов, Папа Римский обещал предпринять конкретные шаги для борьбы с проблемой сексуального насилия над детьми в католической церкви. Папа Франциск назвал священников, позволяющих себе надругательство над детьми, «орудиями Сатаны».

Хотя вердикт по делу Пелла был вынесен единогласно в суде Мельбурна 11 декабря 2018 года, только сейчас стало возможным предать его огласке.

Джордж Пелл, который покинул свой пост в Ватикане и вышел в бессрочный отпуск в 2016 году, чтобы защищаться в суде, должен быть приговорен на следующей неделе.

Бывшего финдиректора Ватикана, вероятнее всего, ожидает тюрьма и извержение из сана Папой Римским, передает издание.

Ранее в феврале 2019 года Папа Франциск за сексуальное насилие над детьми лишил сана 88-летнего Теодора МакКэррика, бывшего архиепископа Вашингтона (США).


20 просмотров

Ақтаудағы демалысқа қанша ақша керек?

Биыл жазда Каспий жағалауындағы демалысқа қанша қаржы кететінін «Курсив» анықтап көрді

Фото: Shutterstock

Ақтауда туристік маусым мамыр айынан басталып, қыркүйектің соңында аяқталады. Туристердің басты мәселесі  –орналасатын орын табуды бірден шешуге болады, өйткені Ақтауда кез-келген қалтаға сай қонақүй мен демалыс орны табылады. 

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының деректеріне сүйенсек, Ақтаудың қонақүйлеріне тоқтаған туристердің қатары өткен жылы 116 пайызға өсіп, 192 мың адамды құраған. Қонақүйлер оларға 3,9 млрд теңгенің қызметін көрсеткен, 2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, ол 119 пайызға артық. Соның өзінде барлық қонақүйлерде қоныстану 27 пайыздан аспаған. Каспий теңізіне түсіп, күнге қыздырынуға негізінен өзге аймақ тұрғындары келеді екен. Өткен жылы демалушылардың саны 169,5 мың адамды құраса, соның 22,5 мыңы – шетелдіктер. 

«Ішкі туризм бойынша Маңғыстау облысы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі 7-орында. Келу туризмі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау облысынан кейін тұр», – деді туризм басқармасының өкілдері. 

Маңғыстау облысында жұмыс істейтін түрлі деңгейдегі қонақүйлердің жалпы саны – 85. Олардың 44-і – Ақтау қаласында, 41-і облыстың басқа аудандары мен қалаларында орналасқан. Бұл қонақүйлерде 2 мыңнан аса бөлме болса, Ақтауда олардың саны – 1275. «Люкс» және «премиум» санаттағы отельдер тек Ақтауда бар. 

Теңіз жағалауында 5 бесжұлдызды қонақүй бар. Бұл қонақүйлерде стандарт бөлме құны 21-32 мың теңге аралығында. Бағасының қымбаттығына қарамастан, бұл жерден адам аяғы үзілген емес. Бұндай отельдер жылына 8-35 мың туристке қызмет көрсетеді. 

Ал «төртжұлдызды» отельдер Ақтауда жоқ, есесіне 2-3 жұлдызды қонақүйлердің қатары қалың. Бағаларында да үлкен айырмашылық байқалмайды.  

«3 жұлдызды» қонақүйлерде бөлмені  10-17 мың теңгеге алуға болады, ал санаты төмендеу қонақүйлердегі баға оның орналасқан орны мен көрсетілетін қызметіне байланысты. Қарапайым қонақүйлерде бір күн қоныстану 5-10 мыңнан басталады, ал оған таңғы ас, монша сынды қосымша қызмет қосылса, 13-22 мың теңгеге шығындануға тура келеді. Айта кетейік, бұл отельдер түрлі жиын мен жарыстарға келетіндердің арасында үлкен сұранысқа ие. 

Теңізден ондаған метр жерде орналасқан «үш жұлдызды» қонақүйлердің бірінде биыл қоныстанушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда, біршама аз екенін айтады. Отель директоры Людмила Давыденконың айтуынша, 2017 жылы демалушылардың саны 4 мыңнан аса болса, былтыр 3 мың  қонақ орналасқан. Ал бұл маусымда 2 мыңға жуық қонақ келсе де жақсы.  

«Біздің негізгі клиенттеріміз – Қазақстан мен Ресейден келетін туристер ғана емес, іссапардағы азаматтар.  Су көлігі компанияларымен келісім-шартымыз бар, олар өз экипаждарын бізге орналастыратын», – деп түсіндірді Давыденко. Алайда былтыр көптеген кеме компаниялары қайта құрылып, олар енді экипаждарын Астрахань немесе Иранда ауыстыратын болған. Соның салдарына отель клиенттерінің басым бөлігінен айырылыпты.  

Ешқандай жұлдызы жоқ қонақүй мен хостелдер Ақтауда көп. Хостелдегі орын бағасы 2 мың теңгеден басталады, ол жерге көбінесе өз бетінше саяхаттап жүрген, бір жерде тұрақтамайтын туристер тоқтайды. 

«Өткен жылы біз велосипед, мотоцикл және жеке көліктерімен саяхаттап жүрген көптеген шетелдік туристерді қабылдадық. Бұндай туристер көбіне ең арзан отельдерді таңдайды», –дейді  хостел директоры Айгерім Мұқышева. 
Жұлдызы жоқ қонақүйлерде бөлмені 5-22 мың теңге аралығында жалдауға болады. Оларға келушілердің қарасы қалың, жылына орта есеппен 3-10 мың адамға қызмет көрсетеді. 

Туристердің біраз бөлігі пәтер жалдағанды жөн көретінін айта кету керек. Бұл жерде баға біршама тұрақты, үйдің теңізге қаншалықты жақын орналасқанына байланысты. Терезесінен теңіз көрінетін 2 бөлмелі пәтерді күніне 6-12 мың теңгеге жалдауға болса, 1 бөлмелі пәтер күндігіне – 6-8 мың теңге, ал 3 бөлмелі пәтер 10-20 мың теңге тұрады. Ал теңізден алыстау шағын ауданда пәтер құны 3 мың теңгеге арзандау болады. 

Тек жазда ғана 

Ақтаудағы отельдер жыл он екі ай жұмыс істесе, демалыс аймақтары тек маусым кезінде ашылады. Бұл жерде қалтаңыз мен талғамыңызға қарай түрлі қызмет ұсынылады. Айталық, қазір жұмыс істеп тұрған 2 демалыс орнында аквапарк, бассейн болса, 5 базада мейрамхана немесе кафе жұмыс істейді. Барлық демалыс орындарының жағалауы құмды және таза (өкінішке қарай, қаладағы жағалауда тазалық жағы ақсап тұр). 

Демалушылар 10 адамға арналған үйлерге орналаса алады. Ол жердегі баға адам басына 2-3 мың теңгені құрайды. Жалпы, нағыз қазақүйге де тоқтауға болады, ол жақтағы баға адам басына 5 мың теңгеден басталады. Шағын үйлердегі бөлмені 12-16 мың теңге аралығында жалдауға болса, коттедж бағасы 25-50 мың теңге аралығында. Ақтаудағы ең қымбат демалыс базасындағы  бір күндік қоныстану бағасы жай үйде – 30-35 мың теңге тұрса вип-коттедждің құны – 600 мың теңге.

Ал аудандардағы баға қандай? 

Облыс аудандарында 41 қонақүй жұмыс істейді. Олар көбінесе жол бойында орналасқан, негізінен өз бетінше саяхаттап жүрген жандарға арналған. Жаңаөзенде қонақүйдегі бөлме орта есеппен 10 мың теңге тұрса, Бейнеу ауылында – 6 мың теңге, Қарақия ауданында – 7 мың теңге, Маңғыстауда  4-8 мың теңгеге жалдауға болады. Аудандардың ішінде ең қымбаты –Түпқараған ауданы десе болар, бұл аудан құмды жағалауы мен керемет айлағымен аты шыққан, оған қоса бұл жақта қаламен салыстырғанда, теңіз суы бірнеше градусқа жылы. Қонақүйлердегі бөлме 7-12 мың теңге тұрады.
Қалтаңыз қалың болса.

Егер демалушының қалтасы қалың, ал көңілі керемет демалысты қаласа, бұндай клиенттерді «стандарт» немесе «жартылай люкс» санатынан жоғары бөлмелер қызықтыруы мүмкін. Айталық, «Премиум» санатындағы қонақүйлердегі «люкс» және «бизнес-люкс» бөлмелердің бір күндік құны – 60-120 мың теңге аралығында. 50 мың теңгелік номерлер де бар. Президенттік люкс бөлмелер 135-160 мың теңге тұрады. Ал Ақтаудағы ең қымбат бөлме «Royal suite» қонақ үйінде, оның 1 күндік құны – 804 мың теңге.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций