Перейти к основному содержанию

bavaria_seasonX_1200x120.gif


1230 просмотров

В Атырауской области наблюдается рост тяжких экономических преступлений

К тяжкой категории правонарушений относится 44,3%

Фото: Shutterstock

За 2018 год Службой экономических расследований (СЭР) ДГД по Атырауской области зарегистрировано 106 правонарушений, из которых 47 или 44,3% правонарушений относится к тяжкой категории, передает корреспондент «Kursiv».

«Для сравнения, в 2017 году ведомством было зарегистрировано 198 экономических правонарушений, 31 из которых можно относить к категории тяжких», - пояснили в пресс-службе ДГД по Атырауской области.

Управлением по расследованию правонарушений в финансовой сфере СЭР ДГД за 2018 год окончено досудебное расследование и направлено в суд по 77 уголовным делам.

По итогам 2018 года установленный ущерб по уголовным делам, по которым окончено досудебное расследование, составил почти 790 млн тенге, из которых в доход государства возмещено более 545,6 млн тенге. Наложен арест на имущество на общую сумму свыше 22 млн тенге.
 
Согласно данным департамента по государственным доходам (ДГД) по Атырауской области, в прошедшем году поступления в государственный бюджет увеличились на 337,2 млрд тенге или на 33%.

В 2018 году при плане в 1 трлн 360 млрд тенге фактическое поступление в госбюджет составило 1 трлн 374,7 млрд тенге, что на 337,2 млрд тенге больше показателя предыдущего года. Выше прогнозируемого плана было собрано 14,7 млрд тенге, пояснили в пресс-службе ДГД Атырауской области.

Прирост по доходам в республиканский бюджет составил 292,5 млрд тенге, достигнув 1 трлн 100 млрд тенге, увеличившись на 36%. В 2017 году фактически было собрано свыше 807 млрд тенге налогов в РБ. Переисполнение прогнозного плана на 10,7 млрд тенге.

В местный бюджет в 2018 году было собрано налогов на 274,6 млрд тенге, что на 44,8 млрд тенге или на 19% больше аналогичного показателя 2017 года (229,8 млрд тенге). Переисполнение - 4  млрд тенге.

При этом отдельно в Нацфонд регион перечислил более 1 трлн 435 млрд тенге, что на 28% или на 315,9 млрд тенге больше, чем было направлено за весь 2017 год (1 трлн 119,6 млрд тенге).


819 просмотров

Өзгелерге есік ашық: Өзбекстан визалық режимді жеңілдетті

2019 жылдың 1 ақпанынан Өзбекстан тағы 45 елден келетін туристер үшін визасыз режим енгізді

Фото: Shutterstock

Өзбекстан 45 елдің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим орнатты. Осылайша, ресми Ташкент алдағы 6 жылда кірмелі туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Ал көрші елдердің турагенттіктеріне шетелдік клиенттерді ұстап қалу үшін, Өзбекстанға бағытталған логистикалық тізбекті табуға немесе өздерінің ерекше ұлттық туристік өнімдерін дамыту үшін инвестор іздеуге тура келеді. 

Отбасылық жағдайға байланысты саяхат

Осы күнге дейін Өзбекстанға 19 елдің азаматтары визасыз кіре алатын еді. Ал биыл олардың қатары 64-ке жетті. Тағы 76 мемлекеттің азаматтары электронды виза рәсімдей алады. Әлемнің 54 елінен: Алжирден Ямайкаға дейін, транзитпен кетіп бара жатқан жолаушылар өзбектерде 5 күн бойы визасыз қонақтай алады. Сонымен қатар, Ташкентте 400 000 долларға, ал Қарақалпақстан мен басқа да облыстарда 100 мың долларға жылжымайтын мүлік сатып алған азаматтар Өзбекстанда тұру ыхтиярхатын иелене алады. Бұндай ыхтиярхат алуға мүмкіндік берілген елдердің саны – 110.

Өзбек билігі елге кіру саясатын түбегейлі өзгертіп жатыр. Өзбекстан Республикасының бас консулы Аброр Фатхуллаев Kursiv.kz берген сұхбатында, елде 2019-2025 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы бекітілгенін айтып өтті. Оның мақсаты – «Өзбекстанды аймақтық және әлемдік туризм нарығындағы бәсекеге қабілетті елге айналдыру». Осы тұрғыда туристер ағынын  жылына 9 миллионға жеткізу жоспарланған, соның ішінде 2 миллионын алыс шетелден келетін туристер құрауы тиіс. 

Ең қызығы сол, «турист» деп кімді атауға болады? Айталық, ӨР Мемлекеттік статистика комитетінің дерегі бойынша, елге кірген 2,8 млн шетелдіктің тек 203,7 мыңы ғана «келу мақсатым – туризм» деп көрсеткен. Ал 2,2 миллионы өз туысқандарына қонаққа барған. Алайда, олардың мейрамхана мен экскурсияға ақша жұмсауына ешкім қарсы болмаған сыңайлы.

Былтыр Ташкентте өткен Халықаралық туристік инвестфорумға жиналғандар бір туристің Өзбекстандағы  апталық шығыны, шамамен 619 доллар деп бағалаған. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Азиза Абдухакимова келтірген деректерге сүйенсек, 2017 жылы өзбек туристік қызметінің экспорты $546,9 миллионды құраса, ал 2018 жылы  $1,04 млрд-қа жеткен. Бас консулдың айтуы бойынша, 2025 жылға қарай, бұл көрсеткіш $2,2 миллиардқа жетуі тиіс, жалпы алғанда, туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі  2,3 пайыздан (2017 жылғы көрсеткіш) 5% жетуі керек. Бұл туристерді орналастыратын демалыс аймақтарының саны да 900-ден 3000-ға дейін өсіп, ал туристік фирмалардың саны 1700-де дейін жетуі керек. Салыстырар болсақ, «Туристік Қамқор» қорының төрайымы Инна Рей жарты жыл бұрын Қазақстанда 500-ге тарта туристік фирма жұмыс істейтінін айтқан еді. 

Туризм_Монтажная область 1.jpg

Расында, бұл өзбектердің қолынан келетін секілді. Қазақстандық «Гранд» корпорациясының директоры Елена Радченко Өзбекстан бағытындағы турларға деген сұраныс соңғы 2-3 жылда 50 пайызға артқанын айтады. tutu.ru сайтының мәліметтеріне сүйенсек, Ташкент Жаңа жылдық демалыс орны ретінде, Прага мен Берлинді қоса алғанда, барлығының алдын орап кеткен. «Бұл – нақты ақпарат. Біздің компания ғана жүздеген туристерді қабылдап алды», – деп растайды ташкенттік «Central Asia Travel» компаниясының атқарушы директоры Николай Сербин. «Екі жылдан бері ол жаққа қазақстандық туристердің де сұранысы жоғары»,– деп тұжырымдайды алматылық «BeStar Travel» компаниясының менеджері Виктория Еремина. Екі сарапшы да туристік ағынның артуын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің елге кіруді оңтайландыру саясатымен байланыстырады. Бұл ретте Николай Сербин 2020 жылдың өзінде-ақ, туристердің қатары 3-4 есе артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
 
Ал Аброр Фатхуллаевтың айтуынша, ел билігі визасыз режимнен бөлек, көлік инфрақұрылымын, ойын-сауық индустриясын дамытуды қолға алған. Сонымен қатар, маман дайындауға да басымдық бермек. Көптеген дамыған елдегідей, туристік полицияны дамыту жолға қойылмақ. Этнографиялық, аспаздық, денсаулық сақтау және туризмнің басқа да түрлеріне арналған тақырыптық аймақтар мен кластер құру, мақсатты туристік бағдарламалар жасау жоспарланған. Өзбекстанның Бас консулы бұл шаралар аймақтағы трансшекаралық туризмді де дамытуға ықпал ететініне сенімді.

«Өзбек билігі қазіргі трендтерді тиімді пайдалана алды» деп тұжырымдайды нарық өкілдері. 

–Соңғы кездері ТМД елдері аймағындағы туризмге қызығушылық артып келеді, – дейді Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкенова. Ұлттық валюталардың бірнеше рет құнсыздануы ТМД туристерін арзандау демалыс аймағын іздеуге мәжбүрледі. Айталық, бұрын туристер ағылатын Түркияның бағалары қалтаға салмақ түсіре бастады. Оның орнына адамдар Грузия, Әзірбайжан мен Ресейді таңдап жатыр. Ыстықкөл жағасындағы туристердің басым бөлігін қазақстандықтар мен ресейліктер құрайтыны құпия емес.

Ендеше неге Өзбекстан алға озып шықты? Кеңес заманынан бері, «Өзбекстан – тарихи ескерткіштер  шоғырланған мекен» деген түсінік қалыптасқан. «Сонымен қатар, өзбектердің әр ісіне ұлттық мәдениетін қосатынын да ескеру қажет», – деп пайымдайды Рашида Шәйкенова. Ал Сербин мырзаның пікіріне сүйенсек, туристерге «Өзбекстанның аймақтық қауіпсіздік бойынша рейтингі жоғары болуы» маңызды. Оған қоса, «Өзбекстанда инфрақұрылым деңгейі біршама жақсы». Соған қарамастан, ол әлі де саланың дамуын тежеуші фактор болып тұр. Н.Сербиннің пайымдауынша, сұраныс ұсыныстан артық. Ал Елена Радченко инфрақұрылым мен бағадан еш өзгеріс байқап отырған жоқ. Осы орайда Николай Сербин жақын арада жағымды өзгеріс болатынына сенімді, өйткені оның алғашқы қарлығаштары да бар: ресейлік әуетасымалдаушылар Мәскеу мен Ташкент арасына құны 150 еуро тұратын акциялық билет ұсына бастады. 

Ал еуропалық және америкалық туристер Өзбекстанға экзотика іздеп барады. Елена Радченко мен Виктория Еремина біздің туристер көбінесе Ташкент, Самарқан мен Бұқар қалаларына саяхаттайтынын айтады.  Бірақ қазақтар көрші елге тарихты танып, дәмді палаудан дәм тату үшін ғана бармайды. Өз атын атамауды жөн көрген ташкенттік көлік компаниясының өкілі «Өзбекстанға өз бетімен, жолдамасыз  кіретіндердің қатары артты» деп тұжырымдайды. Шымкент пен Тараздың тұрғындары Ташкент мейрамханаларында тойлатып қайтқанды жақсы көреді. Оған қоса, өзбек стоматологтары мен косметологтары да сұранысқа ие.    

Туризм_Монтажная область 1 копия.jpg

Өзгелерді байқа, өзің де ақша тап

Еуропа мен Американың туристері негізінен, бірден бірнеше елді көру үшін келеді. Николай Сербиннің сөзіне сүйенсек, нарықта Орта Азияның 5 мемлекетіне қарата айтылатын «Five -stans» бренді қалыптасқан. «Дегенмен, аймақтық туризмнің көшбасында – ондаған мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим орнатқан – Өзбекстан, Қырғыстан және Қазақстан тұр», – дейді сарапшы. 

Ал жақын шетелден келетін туристер керісінше, бір саяхатында 1 мемлекетке, ары кетсе, 2 елге ғана барады. «Біздің Өзбекстанда серіктестеріміз бар және олармен жұмыс істеуге әрдайым дайынбыз. Өйткені олар әр клиенттің көңілін тауып, сапалы қызмет көрсетуде. Кейде кешенді турға да сұраныс болады, соған орай біз ұсыныс әзірлейміз, бірақ, өкінішке қарай, бұндай турларды сатып алатын туристердің қатары аз», – дейді «Гранд» компаниясының өкілі Елена Радченко. «Шетелден келетін туристер үшін Қазақстан мен Өзбекстанды қамтитын дайын өнім жоқ. Белгілі бір топ сұраныс жіберсе, арнайы тур жасалуы мүмкін, бірақ ондай қажеттілік туындаған жоқ», – дейді Виктория Эремина.

Ал Рашида Шәйкенова осындай өнім пайда болатынына сенімді. Қазіргі кезде Қазақстан туристік қауымдастығы ЕуроОдақ жобасы аясында ауылдық туризмді дамытумен айналысуда. Аталмыш жоба Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанды біріктіреді. Экологиялық туризм шеңберінде аймақ елдерін біріктіретін 28 арнайы тур дайындалған.

Сонымен қатар, Шәйкенова ханым Қазақстан өзінің ерекше турөнімін дамытуы керек деп тұжырымдайды: «Біріншіден, бұл – Қазақстанның көз тоймас табиғаты, қайталанбас ландшафты, екіншіден – көшпенділердің мәдени мұрасы. Қазір біз көшпелі өмір салтын толықтай көрсете алмаймыз, дегенмен, жартылай көшпелі тұрмысты таныстыруға күшіміз жетеді», – дейді сарапшы. Әзірге қазақстандық турфирмалардың басты міндеті – ресейлік туристерден айырылып қалмау. «Олардың қатары жыл сайын артады, сондықтан біз бұл туристер ағынын жоғалтып алмай, Өзбекстаннан Қазақстанға тартуымыз керек», – деп тұжырымдайды Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы.

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Министерство информации и коммуникаций РК ужесточает правила аккредитации журналистов в освещении мероприятий. Как Вы думаете, почему они это делают?

Варианты

Цифра дня

2%
годовых
составит ставка по ипотеке для многодетных и неполных семей

Цитата дня

Я, как президент и гарант Конституции, учитывая интересы нашего народа, принимаю следующее решение. Считаю, что Правительство должно уйти в отставку. Новое руководство Правительства должно выработать действенные шаги по повышению уровня жизни, стимулированию экономики, реализации стратегических задач

Нурсултан Назарбаев
президент Казахстана

Спецпроекты

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank