Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


1422 просмотра

Карагандинец выиграл 24 миллиона тенге в лотерею «Сәтті Жұлдыз»

Из практически 75 тысяч участников именно ему удалось «сорвать куш»

Счастливым стал ноябрьский тираж лотереи «Loto 6/49» от национального оператора Сәтті Жұлдыз для жителя Караганды. Из практически 75 тысяч участников именно ему удалось «сорвать куш» в размере 24,5 миллионов тенге.

По словам главного победителя лотереи Дулата, ставку он сделал всего за несколько часов до проведения специального розыгрыша суперприза, которая и совпала с выигрышной комбинацией. 

«Навскидку, в лотерею я играю примерно сорок лет, билеты покупаю хоть и не каждый день, но довольно часто. До этого мне также удавалось выиграть, еще в советское время, на победный билет тогда можно было съездить даже на юг», - поделился участник лотереи. 

Он добавил, что близким о победе сообщил не сразу.

«На мой взгляд, такую информацию надо выдавать дозированно», - считает Дулат. Разумеется, что семья новость восприняла очень эмоционально.

К слову, всю сумму победитель перевел своей жене, как он отметил, в качестве подарка ко дню рождения. 

В Сәтті Жұлдыз напомнили, что в связи с увеличением стартового суперприза, сумма которого составляет 20 млн тенге, национальный оператор лотереи провел специальный тираж, упростив правила розыгрыша. 

По словам организаторов, в розыгрыше принимали порядка 75 тыс. человек. А в ходе специального тиража игры «Loto 6/49», прошедшего 21 ноября, и был определен счастливый победитель суперприза.  Сумма выигрыша составила 24,5 млн тенге. Приз определен в категории «5 номеров + бонусный шар». 

«Мы объявили о том, что будем организовывать этот специальный тираж, и в связи с этим у нас увеличилось количество ставок практически в 2 раза. Подобного рода выигрыш у нас впервые. И на сегодняшний день он стал самым крупным в истории лотереи Сәтті Жұлдыз», - рассказали представители национального лотерейного оператора.   

Стоит добавить, что в стороне не остался и продавец счастливого билета. Он также получил приятный бонус от оператора лотереи в размере 1% от суммы выигрыша, что составляет порядка 250 тысяч тенге, рассказали в  Сәтті Жұлдыз.  

«Мы ожидаем, что зимой у нас еще будут такие крупные выигрыши в связи с выходом новой игры. К слову, победителя нам удалось найти не сразу. Поиски проводились в течении пяти дней, и если бы он не востребовал выигрыш, то деньги бы ушли государству. Поэтому, конечно же, лучше, когда победители приходят к нам сразу», - отметили в Сәтті Жұлдыз.

Справка: 

Игра Loto 6/49 стартовала в марте текущего года, лотерея проходит каждую среду. На сегодняшний день национальный оператор лотереи Сәтті Жұлдыз выплатил казахстанцам около 1 млрд тенге.


323 просмотра

ШҚО шенеуніктері кең кабинеттерін босатып жатыр

Осы оңтайландыру нәтижесінде облыстық бюджет 7 миллион теңгеден аса қаржы үнемдемек

Фото: Shutterstock

Мемлекеттік органдардың тиімсіз шығынын қысқарту үрдісі Шығыс Қазақстан облысында баяу жүріп жатыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аймақтағы өкілдері екінші мәрте ескерткеннен кейін ғана, әкімдіктің басқарма басшылары кең кабинеттерін босатып, шағын бөлмеге көшуге келісті. 

Бұны шығарған біз емес... 

Жергілікті атқарушы орган басшылары артығымен иеленіп отырған кабинеттерді оңтайландыру  – ел президентінің былтыр күзде берген тапсырмасы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 281 кабинетті тексеру нәтижесінде тиісті норманың сақталмағаны анықталған: 22 мың шаршы метрдің 4 мыңын қысқарту қажет. Босаған бөлмелер әуелде басқа мемлекеттік органдарға немесе жалға беріледі деп жоспарланған. 

2019 жылдың ақпанында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес агенттігі облыстық департаменті берген алғашқы ескертуден кейін де Елбасының тапсырмасы біздің аймақта орындалмай жатты. Мемлекеттік органдардың ешқайсысы жоғарыдағы талапқа мойынсұнғысы келмей, бұл мәселе мемлекеттік қызметкер жөніндегі кеңесте бірнеше рет талқыға салынды. 

Тек 2 ай өткен соң сең орнынан қозғалғандай болды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ШҚО департаменті жетекшісінің орынбасары Қайрат Сапарғалиев берген ақпарат бойынша, мекеме басшылары 4 мың шаршы метрді артығымен пайдаланса, әкімдік қызметкерлерінің кабинеттері жалпы нормативтен 9 мың шаршы метрге асып кеткен. Әсіресе Семей қаласындағы мемлекеттік мекемелердің кабинеттері тым кең екен. Айталық, мекеме басшылары 830 шаршы метр аумақты артығымен пайдаланса, қызметкерлердікі 1,8 мың шаршы метрден асып кеткен.
 
«Қазіргі кезде кейбір мемлекеттік органдардағы жағдай жақсарғанын байқаймыз. Айталық, Өскемен қалалық білім басқармасының кабинетіне бөлімнің 7 қызметкері көшірілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының 2 орынбасары жалпы аумағы 22 шаршы метр болатын бір кабинетте отыр. Босаған бөлмелер конференц-залға айналған. Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының кабинетіне open space принципі бойынша бөлім басшылары мен 2 штаттан тыс қызметкер көшірілді, – дейді Қайрат Сапарғалиев. 

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Семей қаласы әкімдігіне Достоевский 110 мекен-жайындағы ғимаратты босату ұсынылған, ол өз кезегінде бұндай ғимаратты ұстау шығынын 5 миллионға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімі Ермак Салимовтың да кабинетін қысқарту ұсынылған. Оны әкімдік қызметкерлері ашық форматтағы кеңсе ретінде пайдаланады. 

Ал Бесқарағай ауданында әр жерде отырған 6 бөлімді біріктірген, енді олар мемлекеттік қызметті бір жерде отырып көрсетеді. Ал осы кабинеттерді ұстауға кеткен шығынды қысқарту есебінен бюджеттің 2 миллион теңгесі үнемделеді.

Осындай оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаржы 7 миллион теңгені құрайды деп жоспарланған. Кейін бүкіл жалға алу келісім-шарттарын рәсімдеу шаралары аяқталған соң, бұл сома көбейеді деп күтілуде. Ал қызметкерлер көшкен немесе конференц-залға айналған бөлмелер ешқандай экономикалық әсер бермейді. 

«Ұсыныстарды жүзеге асыру барысында жергілікті деңгейдегі биліктің өзгеріске дайын еместігін байқадық. Әкімдер мен аппарат басшылары кең кабинеттерінен, демалыс және қабылдау бөлмелерінен бас тартқысы жоқ.  Бұған мысал ретінде аудан орталығы тұрғындарының атынан келіп түскен шағымды айтсақ болар, олар оңтайландыру жүріп жатқанына қарамастан, аудан әкімі өзіне демалыс бөлмесін жасап алғанын жазады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі ескерту алып, ол бәрін талапқа сай ретке келтіретін болады», – дейді департамент өкілі.

Басшысың ба, халқыңа жақынсың ба? 

Оңтайландыру жобасына, форматы біршама өзгеше болса-дағы, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту мәселесі де кіреді. Мектептер үшін жаңа талап: директордың кабинеті бірінші қабатта орналасуы керек, ал ауруханалар үшін – бірнеше мекемені бір ғимаратқа орналастыру талабы қойылған. 

Қайрат Сапарғалиев келтірген деректер бойынша, облыстағы 655 мектептің 255-де мектеп директорының кабинеті екінші не одан да жоғары қабатта орналасқан. Оны 1-қабатқа түсіру мүмкіндігі тек 140 мектепте бар екен. Бұл жұмыс жаңа оқу жылы басталғанша бітуі тиіс.
 
Ал денсаулық сақтау саласында 10 медициналық мекемені біріктіру көзделген. Әзірге жалпы тізімнен тек 4 мекеме біріккен: Семейдегі медициналық статистика бюросы №1 Семей қалалық емханасымен біріксе, облыстық Ана мен бала орталығы Өскемен қалалық балалар тағамы комбинатымен қосылған. 

Қысқарту ма, жабу ма? 

Айта кету керек, оңтайландырудың барлығы күтілген нәтиже берген жоқ. Мәселен Балалар тағамы комбинаты Ана мен бала облыстық орталығымен өткен жылдың сәуір айында біріктірілген еді, ол іс жүзінде комбинаттың жабылуына әкеп соқты. Егер бұрын 1 жасқа дейінгі баласы бар ата-аналар комбинаттан қолдан қоректендіруге арналған «Биолакт» сүт өнімін ала алса, оңтайландырудан кейін оларға дәріханада сатылатын құрғақ сүт қоспасына көшуді ұсынған. Бұрынғы сүт асханасы босатқан тұрғын-жай бір жыл бойы ешкімге жалға берілмей, бос тұр.
  
Тағы бір мысал – Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының шағын кабинетке көшуі. Бас сәулетшіні аумағы 45 шаршы метрлік кабинеттен көрші 21 шаршы метрлік шағын кабинетке көшірген еді. Ал босаған кабинетті Қайрат Сапарғалиевтің айтуынша, жалға беру жоспарланған. 
 
«Департамент айтқан ескертпені орындап, бірден басқа кабинетке көштім. Бұл мен үшін бас ауыртатын нәрсе емес. Мәселе басқада, басқа бақылаушы органның талаптары бойынша, ғимараттың ішіндегі бір бөлмені бөтен компанияларға жалға бере алмаймыз», – дейді Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымов.

Сондықтан бас сәулетшінің кабинеті әзірге жабық тұр.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

Цифра дня

Почти 900 млн
тенге
пожертвовали казахстанцы кандидатам в президенты РК

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций