Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


64184 просмотра

Размер базовой пенсии теперь можно узнать на eGov.kz

Услугу по заказу справок по расчёту базовой пенсии запустили на портале электронного правительства

Справку по расчету размера базовой пенсионной выплаты можно получить через портал eGov.kz. Об этом сообщили в пресс-службе АО "Национальные информационные технологии".

Воспользовавшись данным сервисом, расположенным на главной странице портала eGov.kz, пенсионер получает справку о том, в каком размере он будет получать новую базовую пенсионную выплату.

Для получения справки, можно зайти на портал без ЭЦП, авторизовавшись лишь по ИИН, и при помощи SMS-пароля или ЭЦП подтвердить свой запрос.

«Главная цель интегрирования информационных систем Министерства труда и социальной защиты населения РК, ЕНПФ и портала электронного правительства – это возможность получения всей информации о своих пенсионных отчислениях и накоплениях, не выходя из дома. Теперь, при изменениях расчетов базовой пенсионной выплаты, граждане пенсионного возраста смогут получить необходимую информацию в режиме онлайн», - отметил председатель правления АО «Национальные информационные технологии» Асет Турысов.

На портале электронного правительства можно заказать услуги: «Выдача информации о состоянии пенсионных накоплений (с учетом инвестиционного дохода) вкладчика (получателя) ЕНПФ» и «Получение справки о пенсионных отчислениях». Услуги расположены в категории «Гражданам», рубрика «Трудоустройство и занятость», раздел «Трудовые отношения». Данные услуги оказываются бесплатно.

Напомним, что в 2018 году были введены изменения в пенсионном законодательстве. С 1 июля 2018 года в Казахстане будет изменен механизм начисления базовой пенсии. Если на данный момент все пенсионеры получают базовую пенсию в одинаковом размере, то начиная с названного срока размер базовой пенсии будет пересматриваться в зависимости от стажа.

Фото: Казинформ


978 просмотров

Теңіздегі қақтығысқа не себеп?

Ең маңыздыларына тоқталамыз

Фото: Shutterstock

Теңіздегі қақтығыстан бері бір ай өтсе де, үшінші буын зауыт құрылысы әлі тоқтап тұр. Құрылыс жүргізіп жатқан компания шығынға батып отырмыз дейді. Ал жанжалдың ең басты себебі шетелдік компания басшылығы мен қазақстандық жұмысшылар арасында байланыстың жоқтығы болуы мүмкін.

Cherchez la femme

Қысқаша айтсақ, 29 маусым күні болашақ кеңейту жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан Consolidated Contracting Engineering&Procurement S.A.L. Offshore (CCEP) компаниясының жұмысшылары шетелдік қызметкер қазақ қызының суретін әлеуметтік желіде жариялағаны үшін жанжал шығарған.

Компания өкілдерінің «Курсивке» берген ақпараты бойынша, төбелес кезінде CCEP компаниясының кеңсесі мен өзге де қызметтік ғимараттары бүлінген. 

«Сонымен қатар, қоймадағы компанияға тиесілі заттар (рация) жоғалды. Тек бұл емес, құрылыстың тоқтап қалуы салдарынан компания үлкен шығынға ұшырап жатыр, ол жобаның жүзеге асуына кері әсер етіп, еңбек өнімділігі мен жоба серпінінің бәсеңдеуіне әкеп соқты»,– деп тұжырымдайды компания өкілдері.

Сонымен қатар, тәртіпсіздік салдарынан тоқтап қалған Теңіздегі үшінші буын зауыт құрылысы қайта жанданбағанын да айтып өтті. 

«Болашақ кеңейту жобасының басқа бөліктерінде тәртіпсіздік болмады, бірақ бірқатар қызметкерлер жұмыстан босатылды. 1 шілдеден бері болашақ кеңейту жобасының үшінші буын зауыттан басқа құрылыс нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр. ТШО-ның өзге өндірістік нысандары өз жұмысын тоқтатқан емес», – дейді «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі.

Босатылған, бірақ қысқармаған 

Сол арада  ССЕР-дің  қосалқы мердігері «Реформ Строй» ЖШС-нің жұмыссыз қалған 176 қызметкері Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына шағым түсіреді. Аталмыш мекеме басшысы Игілік Әубәкіровтің Курсивке берген түсіндірмесіне сүйенсек, қосалқы мердігердің жұмыс көлемін біткендіктен, ол жұмысшыларын жұмыстан шығаруға мәжбүр болған.

«Келісімшарт 2018 жылдың наурызынан жасалған. Бір жыл ішінде тапсырылған жұмыс толығымен аяқталған. Міндеттелген жұмыс көлемі жүзеге асырылған соң, жасалған еңбек шарттарының күші жойылады», – дейді ол.

Оның айтуынша, «Реформ Строй» компаниясы жұмысшыларымен келісімшарт мерзімі маусым айында бітіп, шілде айында жұмыс істелмесе де, жұмысшылардың жалақысы осы айға толық көлемде төленбек.

Сонымен қатар, мемлекеттік инспектордың айтуынша, Теңіздегі төбелестің себебі мен ондағы еңбек қатынастарын тексеріп жатқан комиссия өз жұмысын жалғастыруда. 

Жұмыс беруші байланысқа шықпай ма?

Айта кету керек, Теңіздегі тәртіпсіздіктен кейін, бұл жанжалдың себептері туралы түрлі болжам жасалды. Бірақ ең басты нұсқа – компания қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас болып тұр. Игілік Әубәкіровтың айтуынша, жұмысшылар компания басшылығы олардың пікіріне құлақ асқанын қалаған. 

«Жұмысшылармен тығыз байланыс болмаған, сәйкесінше ақпарат басшылыққа жетпеген. Яғни бұл кәсіпорын жетекшілерінің қателігі»,– дейді Әубәкіров мырза. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде CCEP-дің шетелдік және қазақстандық жұмысшылары екі бөлек тамақтанатыны жайлы жазылып, жергілікті жұмысшылар асханадағы қызмет сапасына наразылық білдірген-тұғын. Алайда компания өкілдері кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне «нәсіліне, ұлтына, жасына және дініне қарамастан бірдей қызмет көрсетіледі» деп жауап берді.

«Жобада қабылданған кемсітуге жол бермеу  саясатына сәйкес, кез-келген құқық бұзушылық жан-жақты қарастырылады», – деп сендірді ССЕР өкілдері.

Дегенмен, Теңіздегі оқиғадан бірнеше күннен кейін ұйымдастырылған брифингте Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы (KazService)  президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов, шетелдік компанияларда қызметкерлердің жұмысын қадағалайтын жетекші маман ретінде Қазақстанда жұмыс тәжірибесі жоқ шетелдіктерді тағайындауы салдарынан, үлкен жобаларда қайшылықтар мен қақтығыстар жиі туындайтынын атап өтті. 

Әлеуметтік желілерде таратылған хабарламалардың бірінде жанжалға себеп болған суреттің авторы Ели Даудтың ССЕР-де логистика жөніндегі бас әкімші болып жұмыс істейтіні айтылған еді. Алайда компания бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады, тек «компанияның қызметкерлерді іріктеу саясатына сәйкес, барлық қызметкерлер жасына, жынысына, дініне және ұлтына қарамастан, олардың тәжірибелері мен біліктіліктеріне сай, бірдей стандарт бойынша бағаланады» деп атап өтті. Яғни, техникалық және біліктілік конкурсынан өтіп, қойылған талаптарға сай болған үміткерлер жұмысқа қабылданады.

Алайда «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбайдың айтуынша, жұмыс берушілер экспаттарды жұмысқа белгілі бір санат бойынша тартқанымен, олар Қазақстанға келген соң, басқа қызмет ұсынуы – жиі кездесетін жайт. 

«Айталық, компаниялар шетелдік мамандарды жұмысқа шақырғанда тек «инженер мамандығы» деп белгілейді де, ал нақты қандай маман қажеттігін ашып жазбайды. Мәселен, инженердің түрі көп қой, оларға инженер-геофизик пе, әлде басқа инженер керек шығар?»– деп пайымдайды кәсіподақ өкілі. 

Ал ССЕР компаниясы берген мәліметке сүйенсек, қазіргі кезде Теңіздегі құрылыс алаңдарында шамамен 10 мың қызметкер жұмыс істесе, олардың 96% -ы – қазақстандық, ал 4% -ы шетелдік жұмысшылар екен.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

 

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций