Перейти к основному содержанию

424 просмотра

Алматыда алдағы екі жылда 8 мектеп салынады

Бұл мектептерде 13 мыңнан аса оқушы оқитын болады

Фото: Shutterstock

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде мектептердегі орын тапшылығы мәселесі көтерілді. Әсіресе бұл Алатау ауданындағы  кейбір шағын аудандар үшін өте өзекті. 

Әкімнің айтуынша, 2021 жылға дейін  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 900 орынды 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі "Рахат" ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай  –1800 орынды 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 2017 орынды 5 қосымша құрылыс салынатын болады. 

Жалпы, Алматы – бұл туу мен көші-қон есебінен халықтың өсу қарқыны жоғары ірі мегаполис екенін атап өткен жөн. Орта есеппен алғанда оқушылар саны жылына 12 мың балаға артып келеді. 

2019 жылы 13 білім беру нысаны және 3174 орынға арналған 162 жеке меншік мектеп пайдалануға берілген. 2020 жылы 27 білім беру нысанының құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те белсенді түрде атсалысуда. 2020-2022 жылы жеке инвестициялар есебінен 2240 орынды 4 мектеп, 8000 орынды 300 балабақша ашу жоспарлануда. 

Осылайша, бұл шаралар екі ауысымда білім беретін мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға дейін азайтуға, сондай-ақ 10 мың орынға арналған балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік береді.
 

banner_wsj.gif

498 просмотров

Оқушылар 16 наурыздан каникулға шығады

ЖОО-лар мен колледждер онлайн оқуға көшеді

Фото: kursiv.kz

Қазақстан оқушылары демалысқа мерзімінен бұрын жіберіледі, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі. 

Олар 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалады. Негізі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 21 наурыздан 2 сәуірге дейін еді.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов бұл шаралар коронавирус қаупіне байланысты алдын алу үшін қолға алынып жатқанын айтып өтті. 

Колледждер мен жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшірілетін болады. 

«16 наурыздан бастап  колледждер мен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға көшіру керек, оның ішінде барлық техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып білім бағалауда бар», – деп қорытындылады вице-премьер сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. 

Covid-19 инфекциясының жаңа түрі  2019 жылдың соңында пайда болды. Індет Қытайдан басталып, бүкіл әлемге тарады.11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа ауруды пандемия деп таныды. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша  инфекция жұқтырғандар 126 мыңнан  асып, қаза болғандар саны 4 мыңға жетті.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif