Мәжілісмендер мұғалімдердің «жүктемесін» азайтты

Жарияланды
Нормативтік оқу жүктемесі енді 18 емес, 16 сағат болуы мүмкін

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын ҚР Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдап, құжат Сенатқа жолданды.

 
Депутат Әбдіманап Бектұрғановтың айтуынша, заң жобасы педагогикалық қызметтің өзекті және әлеуметтік, кәсіби түйкілдерін шешуге, мұғалімдердің  жүктемесін азайтуға, көптеген тексерулерден және олардың қызметіне қатысы жоқ жұмыстардан қорғауға,  педагогтарды ынталандыру, сондай-ақ жастарды осы мамандыққа тарту шараларын қолға алуға бағытталған.

Мәселен, 2021 жылғы 1-қыркүйектен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету жөніндегі норма бекітілді. Бұл ретте, атап айтарлығы, мұғалімнің педагогикалық этика нормасын бұзуы, бұрынғыдай әкімшілік құқық бұзушылық емес, Қазақстанның еңбек кодексінде көзделген тәртіптік жауапкершілік ретінде қарастыралатын болады. 

Сондай-ақ, оқушылар арасында халықаралық олимпиада, түрлі конкурстар мен спорттық жарыс жеңімпазын дайындаған педагогке үнемдеу есебінен үш айлық жалақы мөлшерінде, бір реттік сыйақы төлеуді көздейтін норма енгізілген. 

Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген ұстазға 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  бір реттік төлем төленеді. Ал магистр дәрежесі бар мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім ұйымдары мен әскери оқу орындарының мұғалімдеріне 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізіледі.  Ауылда жұмыс істейтін мамандарға жер телімін бөлуде басымдық берілетін болады. 

Сондай-ақ оқыңыз