Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


4673 просмотра

Индийские студенты-медики получили в Казахстане дипломы с ошибками

Из-за ошибок при заполнении их дипломы не котируются

Фото: Shutterstock.com

В международный скандал переросла бюрократическая ошибка, допущенная сотрудниками Медицинского университета Семея. 79 иностранных студентов из Индии, обучавшихся в казахстанском вузе, обратились в генеральную прокуратуру Казахстана с жалобой. В дипломах их имена и фамилии написаны с ошибками, из-за этого в Индии такие документы об образовании не признаются. Молодые врачи остались без работы.

Скандал произошел летом, когда иностранные выпускники Медицинского университета Семея, уроженцы Индии, вернулись домой. Оказалось, что в дипломах 79 человек допущены орфографические ошибки в именах и фамилиях на русском и государственном языках. ФИО на русском языке не соответствовали переводу данных на английский язык. Неточности помешали проведению нострификации документа об образовании в Индии. С такими дипломами молодые врачи не могут устроиться на работу.

Чтобы решить проблему, иностранные студенты написали коллективное письмо в генеральную прокуратуру РК, Министерство здравоохранения, акиму Восточно-Казахстанской области. На региональном уровне была создана партийная комиссия, которая проверила обоснованность жалобы.

«Проверка подтвердила допущенные ошибки со стороны сотрудников Медицинского университета и непринятие мер руководством вуза. Университет, предвидя такую ситуацию, зарезервировал необходимое количество дипломов для исправления. В принципе, у них дипломы есть, на случай если их переписать», – сообщил сегодня на заседании в акимате член политбюро филиала партии «Nur Otan» Олег Чернышов.

При проверке выяснилось, что имена и фамилии на английском языке в дипломах выпускников были переписаны с их иностранных паспортов. А на русском и казахском языке – были записаны фактически на слух. Хотя, согласно правилам, эти данные должны были взять из временных свидетельств о присвоении ИИНа иностранному гражданину. Таким образом, ФИО на разных языках было написано с многочисленными ошибками.

Ректор Медицинского университета Семея Ерсин Жунусов рассказал, что его сотрудниками было проведено служебное расследование. По словам сотрудников вуза, выпускники из Индии не писали никаких жалоб.

«Несмотря на это, мы вышли на связь со всеми студентами и сообщили, что, если необходимо переписать дипломы, мы это сделаем. Единственное, для этого нужно индивидуальное заявление от каждого человека и оригинал первого выданного диплома», – сказал руководитель университета Ерсин Жунусов.

Объясняя, как сотрудники вуза могли совершить такие грубые ошибки при оформлении документов, ректор ссылается на специалистов учебного отдела вуза. Те в свою очередь заверяют, что студенты сами настояли на том, чтобы на русском языке их имена были прописаны именно так.

«Студенты возмущены тем, что тот диплом, который они получили у вас, они не могут им пользоваться, он не признается в Индии. До вас ни один из ректоров не допускал таких ошибок. Теперь 79 человек не могут нормально трудоустроиться и вынуждены доказывать, что получили образование. Это нанесение ущерба имиджу Казахстана. Люди приехали, доверяясь государственной политике нашей страны, вы неправильно им заполняете документы, создаете проблемы. А теперь вы предлагаете, чтобы они приехали, и вы им все исправили?» – сказал аким ВКО Даниал Ахметов.

Ерсин Жунусов считает, что решить проблему можно через компанию – технического оператора, через которую молодые люди приехали в Казахстан. Вчерашние студенты должны оформить доверенность, переправить в Казахстан свои первые дипломы и только потом им выдадут новые.

«Даже если вуз сейчас исправит свои ошибки, заполнит все, как полагается, у нас вырисовывается новая проблема. Есть определенные правила, где прописаны регламенты и сроки утверждения этого документа за границей. Однако, получается, сроки уже не соблюдены, в Индии эти дипломы им не подтвердят», – подытожил Олег Чернышов.

Депутат считает, что вуз должен решать данную проблему уже на уровне Посольства Казахстана в Индии.

Что касается ответственности за ошибки, то на политбюро было принято решение объявить ректору вуза выговор. 


1827 просмотров

Қазақстан университеттеріндегі ең қымбат 10 мамандық

«Курсивтің» рейтингі

Фото: Shutterstock

Егер талапкер мемлекеттік грантқа ілікпей қалса, ата-анасының шамасы жетсе, ақылы бөлімде оқытады. Ал таңдаған мамандықтың жылдық оқу ақысы еліміздің жоғары оқу орындарында әртүрлі.
 
2018 жылы Қазақстанда жалпы саны 114 ЖОО жұмыс істеген. Олардың басым бөлігі – 44 ЖОО Алматыда орналасса, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында 14 ЖОО-дан бар.

Алматы мен Елорданың оқу орындарындағы ақылы білім  облыстармен салыстырғанда біршама қымбат. Бір жылдық оқу ақысы университеттің мәртебесіне, танымалдығына, оқу орнының техникалық жабдықталуы мен оқытушы-профессорлық құрамына байланысты қалыптасады. 

Осы орайда «Курсив» елдегі ЖОО-ларда бакалаврдың  жылдық оқу ақысы қанша екенін сараптай келе, елдегі ең қымбат 10 мамандықты анықтады. 

1-орын – «Құқықтану»

Аталмыш мамандық бойынша оқу ақысы барлық ЖОО-да жоғары. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жылдық оқу құны 1,5 миллион теңге тұрады. 

Ал Сүлеймен Демирел  Университетінде (СДУ)  бұл мамандық – 800 мың тұрса, Нұр-Сұлтандағы М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ-да  жылдық оқу ақысы –788 мың теңге, ал Абай атындағы ҚазҰПУ-да – 599 мың теңге. 

2-орын – «Кеден ісі»

2019 жылы аталмыш мамандық бойынша ҚазҰУ-да жылдық оқу құны құқықтану секілді – 1,5 миллион теңге. Ал Қазақ ұлттық аграрлық университетте барлық мамандық бойынша бір баға белгіленген – 420 мың теңге, сондықтан «Кеден ісі» мамандығын арзандау жерде оқуға болады. 

3-орын– «Қаржы»

Экономика мамандықтары ақысының бір-бірінен аса айырмашылығы жоқ, десе де «Қаржы» мамандығы біршама қымбат және талапкерлердің арасында үлкен сұранысқа ие. Әдетте «Қаржы» мамандығын оқып жүрген студенттердің саны экономикалық мамандықтардан 3-4 есе көп болады. 

Қазақ-Британ техникалық университетінде де осындай мамандық бар, бірақ оның құны өзге ЖОО-мен салыстырғанда біршама қымбат – 2,19 млн теңге. 

«Қаржы» мамандығы ҚазҰУ-да биыл 1,25 млн теңге тұрса, СДУ-дағы оқу ақысы –1,23 млн теңгеге шығады. AlmaU-да білім алу үшін жылына 1,1 миллион теңге төлеу қажет. Ал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Банк ісі» және «Мемлекеттік қаржы» деген ұқсас мамандық бар, олардың бағасы 1,04 млн теңге болса, UIB-да ол 800 мың теңге тұрады. Ал ҚазҰПУ-да оқу ақысы біршама арзан – жылына 585 мың теңге. 

4-орын– «Бухгалтерлік  есеп және аудит»

Оқу ақысы сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасатын тағы бір экономикалық мамандық – «Бухгалтерлік  есеп және аудит».

ҚызҰУ-да осы мамандық бойынша білім алу үшін жылына 1,25 млн теңге қажет болса, AlmaU-да оқу ақысы – 1,1 млн теңге, ЕҰУ-да – 1,04 млн теңге, ал UIB – 750 мың теңге, Абай атындағы ҚазҰПУ-да – 585 мың теңге тұрады. 

5-орын– «Экономика»

Экономист мамандығын талапкер ҚазҰУ-да ақылы түрде – 1,25 миллион теңгеге оқыса, AlmaU-дағы жылдық оқу ақысы – 1,1 млн теңге, Абай атындағы ҚазҰПУ-да – 520 мың,  ҚазҰАУ-да – 420 мың теңге тұрады. 

«Менеджент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» сынды мамандықтардың құны «Экономика» мамандығымен пара-пар. Оларды да рейтингтің 5 орнына жайғастыруға болады. 

6-орын – «Халықаралық қатынастар»

Ең қымбат мамандықтардың екінші бестігін ашатын – «Халықаралық қатынастар». Ол экономикалық мамандықтармен лайықты бәсекеге түсе алады. Мәселен, СДУ-да бұл мамандық бойынша оқу ақысы 1,25 млн теңге болса, ҚазҰУ-да да тура осындай баға. Ал ЕҰУ-да бір жыл білім алуға 1,04 млн теңге қажет болса, ҚазҰПУ-да оқу ақысы – 599 мың теңге. 

7-орын – «Халықаралық құқық»

Халықаралық құқықты оқып, осы саланың маманы болғысы келетіндер ҚазҰУ-да  жылына 1,25 млн теңге немесе ЕҰУ-да 1,04 млн теңге төлеп, білім ала алады. Ал ҚазГЮУ-да  оқу ақысы 788 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-да да осы  мамандық бар, оқу ақысы – 604 мың теңге. 

8-орын– «Әлемдік экономика»

Бұл мамандық өзге экономикалық мамандықтар секілді кең таралмаған. Көптеген оқу орындарында тіпті бұндай мамандық жоқ. Дегенмен оқу құны өзгелер шамалас – ұлттықа университеттерде 1,25 млн теңге тұрса, жекеменшік оқу орындарында сәл арзандау. 

9-орын – «Аймақтану»

Бұл да сирек кездесетін мамандықтың бірі, соған қарамастан оқу ақысы қымбат. Бұл мамандықты  ҚазҰУ-да жылына 1,25 млн теңгеге оқуға болады. Ал AlmaU-да – 1,1 млн теңге тұрады. 

10-орын– «Ақпараттық жүйелер» мен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 

Бұл мамандықтар Қазақстанда жаңа болғанына қарамастан, арзан емес. Мәселен, СДУ-да  219 жылғы оқу ақысы 1,2 млн теңге болса, ЕҰУ-да – 968 мың теңге, ал ҚазҰПУ-да 510 мың теңге тұрады. 

ЖОО-лардың сайтында жарияланған прайст-лист пен қабылдау комиссиясының дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде көптеген университеттер барлық мамандық бойынша оқу ақысын бірдей қылған. Мәселен, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде барлық мамандықтың оқу ақысы 345 мың теңге болса, Алматы технологиялық университетінде 420 мың теңге, Аграрлық университетте де 420 мың. Ал KIMEP-те барлық мамандықтар бойында 1 кредит құны 80,2 мың теңге, яғни жылына 2,88 млн теңге шығады. 

Қандай мамандық екеніне қарамастан, ЖОО-лардың ішіндегі ең қымбаты – Назарбаев Университеті. Гуманитарлық және әлеуметтік бағыттағы мамандықтардың («Экономика», «Халықаралық қатынас», «Антропология» т.б.) орташа бағасы 19 мың долларды құрайды, ол Ұлттық банктің 25 шілдедегі курсы бойынша 7,3 млн теңгеге тең, ал басқа мамандықтардың бағасы 23 мың долларды немесе 8,8 млн теңгені құрайды. Бұл ЖОО-ға түсу үшін қосымша тест тапсыру керек.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

b2-uchet_kursiv.png

 

Цифра дня

1,6 млрд
тенге
задолжали казахстанские работодатели своим работникам

Цитата дня

Порой некоторые лозунги и призывы выглядят крайне привлекательными, но их авторы не несут ответственности перед страной. Реформы ради реформ - это верный путь к кризису и потери управляемости государством. Уверен, никто из нас этого не желает. Развитие должно быть последовательным, поступательным, без забегания вперед, но и без отставания.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций