Перейти к основному содержанию

1107 просмотров

Электронное ЕНТ хотят ввести в Казахстане

Министр образования указал, что ученики ищут способы обмануть систему

Фото: Shutterstock.com

Министр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов на августовской конференции педагогов сообщил, что в ближайшем будущем планируется перевести процедуру сдачи ЕНТ из бумажного в электронный вариант.

«Хочу отметить, что имеют место факты, когда ученики ищут способы обмануть систему – проносят телефоны, думают, как получить баллы не за счет знаний, а с помощью вспомогательных средств. Мы планируем переход к электронной системе сдачи ЕНТ – постепенный переход», – заявил Аймагамбетов.

Он добавил, что ЕНТ должно быть прозрачным, чтобы распределение грантов по его результатам было справедливым.

Напомним, что сегодня в Нур-Султане проходит ежегодная августовская конференция педагогических работников. В мероприятии принимают участие свыше 2 тыс. учителей со всего Казахстана. В этом году ежегодная августовская конференция прошла с участием главы государства Касым-Жомарта Токаева. На конференции были обсуждены вопросы управления изменениями в сфере образования и науки, представлены инновационные идеи и инициативы. 

Также за заслуги в развитии отечественного образования и активную общественную деятельность ряд педагогов награждены орденом «Курмет» и медалями «Ерен енбегi ушiн», «Шапагат», благодарственными письмами президента Казахстана и нагрудными знаками «Ы. Алтынсарин», «Почетный работник образования».

banner_wsj.gif

396 просмотров

Zoom картадан ақша ұрлай ма?

Желіде тараған ақпараттың ақ-қарасын анықтадық

Фото:shutterstock.com

Кеше «Zoom бағдарламасы арқылы хакерлер банк картасындағы ақшаны ұрлай алады екен. Жаңа ғана жаңалықтардан естідік. Телефонымда бір емес, бірнеше банк карталары байлаулы. Сондықтан қосымшаны өшіретін болдым» немесе «Министрліктен №123 бұйрық келіпті, сол бойынша Zoom-ды бәріңізден өшірулеріңізді сұраймыз. Өшірген соң маған белгі беріңіздер» деген аудиожазба тарады. Бұдан кейін ата-аналар дүрлікпей қайтсін? Қашықтан оқуға арналған бұл бағдарламаның қандай кемшіліктері бар? Анықтауға тырыстық. 

Әлқисса, видеоконференцияларға арналған Zoom сервисі наурыз айында күнделікті қолданушылардың жалпы саны 200 миллионнан асқанын мәлімдеді. Карантинге дейін күн сайын 10 миллион адам қолданса, қазіргі жағдайға байланысты еселеп көбейген. Сервистің сенімсіздігі туралы ақпарат тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де тарап жатыр. Қолданушылардың мәліметтерін хакерлер пайдалануы мүмкін деп дабыл қаққандар көп. Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы таратқан мәлімдемеде Қазақстан үшін қауіптің бары айтылған. « Zoom бағдарламалық жабдықтамасының екі осал тұсы анықталып отыр. Бірі - хакерлердің Windows операциялық жүйесінің құпиясөздерін біліп ала алатыны. Екіншісі - MacOS қолданушыларынан сұрамай-ақ микрофон мен веб-камераны қосып алуына мүмкіндік бары». Бірақ желіде тарағандай банк картаңыздан ақша шешіп ала алмайды. Егер сауатты қолдана алсаңыз, ыңғайлы қосымша. 

Білім және ғылым министрі аталған бағдарламаға қатысты пікірін білдірді.

«2,5 миллионға жуық бала бір сәтте онлайн сабақ алғаны бізге қолайсыз екен. Сынақтан өткізіп көрдік. Zoom-ды қолданған соң қолдағандар да, қарсы келгендер де болды. Интернетпен толық қамтылмағандықтан, стримингті қолданбайтын болдық»,- дейді Асхат Аймағамбетов. 

«Zoom - әлем бойынша 45 млрд доллар капитализациясы бар компания. Қазақстан - олар үшін кішкентай тілім ғана. Яғни біз қолданыстан бас тартсақ, олар оған қатты қайғырмайды. Мұнда синхронды түрде қосылатындықтан, желі көтермейді. Бір уақытта миллиондаған адам кіреді, оны ұстап тұру үшін максимум күш қолданылады. Салдарынан интернет құлап, байланыс қатып қалады. Сонымен бірге провайдерлер не теледидар тарапынан кедергі жасалуы да мүмкін. Үшінші себебі - ақпаратты тексерместен тарататындардың кесірінен. Мейлі отандық, мейлі шетелдік сервис болсын, бір уақытта миллион адам кірсе, желі көтере алмайды. Сондықтан асинхронды форматты қолданған дұрыс. Яғни әркім өзіне ыңғайлы уақытта, желіге ауырлық салмай кіре алады. Ал синхронды сабақ өткізу қиындау. Бір үйде бір смартфон болса, үйдегі басқаға да қажет болуы мүмкін. Сабақ кезінде қоңырау шалып қалатын жағдайлар болады. Сол себепті видеожазба түрінде өткізу қолайлы. Ондай жобалар бізде дайын. Олардың ішінде - Daryn Online, Bilim media Group бар. Ең дұрыс шешімдердің бірі - Whats App желісі. Топ ашып, сол жерде тапсырма беріп, өткізуге болады»,- дейді IT-маман Айбек Қуатбай. 

«Қазіргі уақыттағы төтенше жағдай көптеген саланың және басшыларының  бетпердесін ашып жатыр. Жалпы жамандаудан аулақпын. Елдегі ІТ-жүйелердің дамуына толыққанды көңіл бөлініп жатпағанының көрінісі - осы. Яғни бөлінсе де, жеткіліксіз деңгейде болуы мүмкін. Қарап отырсаңыз төтенше жағдай кезінде миллиондап қаржы құйылған eGov жүйесінің өзі сыннан сүрініп жатыр. Оған қоса елдегі сауаттандырудың сыйқы - мынау. Әлі күнге қарапайым ЭЦҚ кілтін алуды, оны қолдануды білмейміз. Кез келген жүйенің кемшілігі болады, кез келген жүйені бұзуға болады. Бастысы - оның толықтай жұмыс істеуінде. Zoom өз жеке басым орнатып, қолданып көрдім. Ондай ауыр емес, қолдануға ыңғайлы. Министрліктің бұл жүйені қолданысқа енгізген себебі де осы деп ойлаймын. Жалпы қазір оқушылар үшін жақсы көмекші болып отырған - Daryn.online жүйесі. Платформаны өзіміздің отандық бағдарламашылар жасаған. Алайда қазір жүйе коммерциялық мақсатта жасалғандықтан, бағалау жағы қиындау. Жалпы өте сауатты жақсы деңгейде жасалған» дейді IT-маман Фархад Әбжаппаров.

Қандай қауіпсіздік шараларын жасау керек?

Конференцияға сілтеме не кілтсөзді ашық қылып қоймаңыз. Хакерлер мәліметтеріңізді осы жағдайда ғана ала алады. Шақыруды сайт, мес-сенджерлердегі ашық топтарға жарияламаңыз. Қатысушылардың тізімін шектеп, электронды пошта не қорғалған канал арқылы шақырту жіберіңіз. Бағдарламаны жүктеместен қатыса алатындай етуге болады. «Күту залы» режимін қосыңыз. Сол кезде ұйымдастырушы бастамай, конференция есігі жабық болады. Чатқа келген сілтемені бірден ашпай, оқыңыз.
 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif