Перейти к основному содержанию

1700 просмотров

Японское агентство JICA выделит Узбекистану $3,5 млрд

На развитие малого бизнеса, промышленности и сельского хозяйства

Фото: Morumotto / Shutterstock.com

Агентство международного сотрудничества Японии (JICA) выделит Узбекистану $3,5 млрд на развитие малого бизнеса, фермерства, промышленности, энергетических, инфраструктурных и экологических проектов. Договорённость об этом достигнута на встрече президента РУз Шавката Мирзиёева и руководителя JICA Синичи Китаоку в Токио.

Японское агентство уже реализовало в Узбекистане проекты по реконструкции аэропортов Ургенча, Самарканда и Бухары, расширению Талимарджанской ГЭС. Сейчас в стадии выполнения находятся программы по модернизации Навоийской ТЭС и строительству Туракурганской ТЭС.

В ходе официального визита главы Узбекистана в Японию были подписаны ряд бизнес-соглашений между двумя странами. В частности, Isuzu Motors и Itochu инвестируют $15 млн в Самаркандский автозавод. Это позволит к 2021 году увеличить объём производства автобусов, грузовой техники и пикапов с 5 до 10 тыс. единиц в год. Японская финансовая группа Sumitomo Mitsui выделит заём «Узпромстройбанку» в размере $100 млн. А Нацбанк Узбекистана подписал с этой корпорацией финансовое соглашение на $200 млн.

banner_wsj.gif

204 просмотра

Коронавирустың әлем экономикасына тигізетін соққысы ауыр

Әлемдік рецессия туралу айтуға әлі ерте болса да, Қытайдан тараған індеттің салдарынан туындаған дағдарыс әсерін елдің бәрі сезді

Коронавирус эпидемиясының салдарынан Қытайдағы өндіріс көлемінің азаюы мен іскерлік белсенділіктің төмендеуі, қалай болғанда, әлемдік ірі экономиканың бәріне әсер етіп жатыр. 

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, америкалық Goldman Sachs банкінің экономистері жаһандық жалпы ішкі өнім, сонымен қатар, АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі төмендейді деп болжап отыр. Әрине, америка билігі бұндай сценарийді айналып өтуге тырысады,  дегенмен «жағдайдың нашарлауы бек мүмкін». 

Апта басында  бірқатар индекстер жоғары көтерілгенімен, оны тұрақты өсімге бастайтын тренд деп атау өте қиын. Бұл АҚШ Федералды резерв жүйесі қандай қадамға баратынын күту барысындағы ғұмыры қысқа құбылыс деуге келеді. 

Коронавирустың жойқын әсеріне қарсы тұруға ұмтылған ФРЖ қолындағы жалғыз тәсілді қолдануда – пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Еуропаның бірқатар мемлекеттері, Жапония және басқа да елдердің регуляторлары да осы жолды таңдады. Мәселен, экономикасы дамыған елдердің арасында ең бірінші Австралия орталық банкі COVID-19 індетінің таралуына бірден мән беріп, пайыздық мөлшерлемені 0,50 пайызға күрт төмендетті. 

Алайда бұның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. The Wall Street Journal басылымының пайымдауынша,  орталық банктердің «отты күші» соңғы екі жылда өз елінің экономикасын инфляция, сауда соғысы және геосаяси шиеленістің әсерінен қорғау мақсатында қабылданған шаралардың салдарынан айтарлықтай әлсіреген. 

Бұны әлемдік экономиканың коронавирус ауруы туралы ресми хабарлағанға дейін бәсеңдей бастағанын көрсететін ЭЫДҰ мәліметтері де жанама растайды. Егер вирусқа қатысты жағдай шиеленісіп кетпесе, әлемдік экономика 2021 жылы біртіндеп қалпына келе бастауы мүмкін.
Коронавирус індетінен әзірге Қытай экономикасы қатты зиян шегуде, фабрика мен зауыттардағы миллиондаған жұмыс орны карантинге жабылып, тұтынушы секторы тауар мен сатып алушылардың жетіспеуінен зардап шегіп жатыр. ЭЫДҰ жағдай жағымды дамитын болса, Қытай экономикасы бұған дейін болжанғандай 5,7 пайыз емес, 4,9 пайыз өсуі мүмкін деп тұжырымдайды. 

Қытай нарығымен байланысы бар, жеткізу тізбегі осында тұйықталатын компаниялардың барлығы зиян шекті. Біреулері үшін бұл құлдырау болса, келесілері  өсу мүмкіндігі деп қарастыруда. Тіпті дағдарыспен қалай күресу керек деген мәселеде де айырмашылық бар. Мәселен, Италия, Франция, Ұлыбритания сынды елдер халық көп жиналатын жиындардан бас тарту секілді кесімді шараларды қолға алды. Ал Германия, Австрия, Испания және Скандинавия елдерінің басым бөлігі байбаламға бой алдырмауға шақырады. 

Өз кезегінде Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры коронавирусқа қарсы күресте әлем елдеріне көмектесу үшін жедел түрде қаржы бөлумен қатар, барлық қол жетімді құралдарды пайдалануға әзір екенін мәлімдеді. 

Халықаралық валюта қорының басқаршы директоры Кристалина Георгиева мен Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпасс бірлескен мәлімдемесінде «коронавирустың салдарын еңсеру үшін халықаралық ынтымақтастық қажет» деген пікір білдірді, деп жазады The Wall Street Journal. Атап айтқанда, G8 құрамындағы елдердің қаржы министрлері бас біріктіруге ниетті, бұл дамыған мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге және жаһандық рецессия қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif