В Алматы городские объекты переоборудуют под госпитали

«Халык Арена» будет функционировать в качестве стационара третьего эшелона

Фото: Аскар Ахметуллин

В Алматы планируется подготовить и обустроить более 15 объектов здравоохранения, санаториев и других зданий для работы в качестве ковидных госпиталей. Об этом сообщает пресс-служба акимата южной столицы.

Госпитали создаются на базе имеющихся объектов здравоохранения, для чего их переоборудуют в соответствии с санитарно-эпидемиологическими нормами для полноценной работы.

Устанавливаются перегородки для разделения чистых и грязных зон, шлюзы, дезинфекционные тоннели, приводятся в соответствие системы вентиляции и ведутся другие работы.

Комплекс «Халык Арена» будет функционировать в качестве стационара третьего эшелона.

Соответствующая работа ведется в свободных корпусах ЦГКБ, ЦГИБ, ГКБ. При этом работа учреждений не останавливается.

Также будут подготовлены санатории «Казахстан», «Коктем» и другие подходящие здания. На данном этапе проводится анализ территорий стационаров, систем коммуникаций, коммунальных и энергосетей, прорабатываются вопросы логистики.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

Коронавирус – пневмония. Қаралы статистика неге ұлғайып бара жатыр?

Енді екі ауру түрі бірге саналмақ

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырумен қатар, пневмония дертіне шалдыққандар саны да сәт санап артып бара жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Қазір елімізде КВИ-мен ауыратын 66 895 науқас тіркелсе, оның 27 мыңға жуығы әлі ем қабылдауда. 40 256 адам жазылып шыққан, өкінішке қарай 464 адам көз жұмды. 

    «Жыл басынан бері дәл осы уақытқа дейінгі аралықта елімізде пневмониямен ауырған 234 187 адам тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,3 есеге көп. Бұл статистикаға пневмонияның барлық түрлері (стафилокок, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа бактериялық пневмония) енгізіліп отыр. Жыл басынан бері осы уақытқа дейінгі аралықта пневмониядан 3 327 адам қайтыс болды. Қатаң карантиндік шаралар енгізілгелі 12 күн болды, алайда инфекция таралуын шектеу үшін бұл жеткіліксіз уақыт» деді Цой. 

    Сондай-ақ министр дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бюросы төтенше жағдайлар бойынша аймақтық директоры Дорит Нитцан және Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгемен тікелей эфирде КВИ статистикасына қатысты жағдайды талқылады. 

    «ДДСҰ Қазақстандағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайын, статистикасын жақсы біледі. Жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Ауру статистикаларын біріктіру туралы қазақстандық әріптестердің таңдауын қолдаймыз. Бұл әдіс тек цифрға ғана өзгеріс енгізеді, ал ауру деңгейіне әсер ете алмайды. Бір мәселені түсіну керек – қайта классификациялау кезінде Covid-19 дерегі күрт артып кетеді. Бірақ бұл ауру санының өсуін білдірмейді. Бұл бар болғаны ескі базаның қайта жасақталуы ғана. Қазір босаңсуға болмайды. Вирус қатты таралып жатыр. Бәріне көмек керек. Мемлекет, медқызметкерлер және азаматтық қоғам атсалысып жатыр» деді Дорит Нитцан. 

    Өз кезегінде Алексей Цой коронавирус пен пневмония деректерінің бірге есептелуі Қазақстанның әлемдік рейтингтегі позициясын біршама әлсіретіп тастайтынын, бірақ бұл ауруға байланысты дұрыс болжам жасап, ресурстарды ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік беретінін айтады.

    ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгенің айтуынша, Covid-19 дерегін есептеу бойынша өзге елдер Қазақстаннан үлгі алуы керек деп есептейді. 

    «Бұл тәсіл уақытылы, дәл және стандартталған медициналық ақпараттарды жеткізуге жақсы мүмкіндік. Соңғы бірнеше ай көлемінде ДДСҰ бұл ауру классификациясы үшін жаңа код енгізді. Қазақстаннан коронавирус туындатқан пневмонияның асқынып жатқаны туралы хабарлама келді. ДДСҰ-ның референс-зертханаларында тестілеу жасауға келіскені үшін министрлікке алғыс айтамын. Сондай-ақ министрлік ауру үшін ДДСҰ-ның жаңа классификациясын қабыл алды. Бұл коронавирусқа шалдыққан ауруларды анықтауға мүмкіндік береді» деді Клюге. 

Еске салсақ, осыған дейін министр 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясы мен пневмония статистикасы бірігіп жүргізілетінін мәлімдеген болатын. 


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg