74 просмотра

Служба скорой помощи столкнулась с ростом нагрузки

Медики работают на пределе возможностей и ищут пути решения проблемы

Фото: Офелия Жакаева

Общественный совет ОСМС провел заседание на тему «Актуальные вопросы обеспечения медицинской помощи населению в период КВИ». По мнению экспертов, жалобы населения на работу скорой помощи зачастую не учитывают объективных факторов.  

Уже в самом начале заседания его модератор журналист Сергей Понамарев рассказал о том, что многие казахстанцы жалуются на то, что скорая помощь едет на вызов «от двух часов до двух дней», а иногда не приезжает вообще.

Представители системы здравоохранения проблему признают, но призывают общественность взглянуть на ее причины.

«Буду честен, проблемы есть и не все из них получается решить сразу. Однако в части финансирования ФСМС ведется вся необходимая работа, заключены договора со всеми 18 станциями скорой помощи на общую сумму 59 млрд тенге, из них 27,6 млрд уже оплачено. По результатам пяти месяцев текущего года задолженности нет перед службами скорой помощи нет», - заявил председатель правления ФСМС Айбатыр Жумагулов, отметив, что нагрузка на скорую помощь на сегодня возросла.

О том, что с начала июня в стране отмечается резкий рост числа вызовов подтвердил и Бауыржан Джусипов, исполняющий обязанности руководителя Национального координационного центра экстренной медицины. По его словам, время приезда скорой всегда зависит от конкретной ситуации и выполняется согласно предусмотренным нормативам. 

«Ежедневно у нас работают 1400 бригад скорой помощи, это в целом по республике, используется 1900 единиц санитарного автотранспорта, который выезжает на вызовы. В части инфраструктуры существует определенный дефицит, но мы его постепенно закрываем. В прошлом году мы приобрели 300 единиц автотранспорта, в этом году мы планируем закупить еще 800 единиц. Т.е. постепенно мы обновляем инфраструктуру скорой помощи поскольку надо понимать, что во многих регионах сохраняется проблема с износом транспорта», - говорит Джусипов.

По его словам, в целом по стране бригадами скорой помощи обслуживается около 18 тыс. вызовов в сутки. С начала же июня нагрузка на службу 103 возросла на 10%. 

«Увеличение происходит за счет пациентов, которые отмечают у себя признаки острых респираторных заболеваний», - отмечает он.

Как указывают эксперты, дополнительная нагрузка на службу 103 происходит в том числе и из-за многочисленных телефонных обращений со стороны населения с просьбой проконсультировать их по медицинским вопросам. Чтобы решить эту проблему Национальный координационный центр экстренной медицины принял решение развернуть в каждом регионе специальные call-центры и призывает казахстанцев за консультациями обращаться туда, их телефоны опубликованы на странице центра в Facebook. 

По мнению Максута Кульжанова, заместителя генерального директора РГП «Республиканский центр развития здравоохранения» Министерства здравоохранения РК, еще одним способом снизить нагрузку на скорую помощь может стать разработка памятки для тех, кто обращается в службу 103. 

Проконсультироваться по медицинским вопросам можно и позвонив в ФСМС. Как подчеркнул Айбатыр Жумагулов, с самого начала пандемии call-центр фонда выступал в роли единого call-центра по COVID-19 и эту ответственность с себя не снимает и сегодня. При этом эксперт напомнил, что среди самых действенных мер профилактики заболеваний коронавирусом являются гигиена, ношение маски и соблюдение социальной дистанции.

Партнерский материал

banner_wsj.gif

1385 просмотров

Қоғам белсенділері «СК-Фармация» мен ӘМСҚ-ның жаңа басшыларына жаппай қарсы шықты. Олар кімдер?

Экс-басшылар Тоқаевтың сынына іліккен

Коллаж: автордікі

Тәуелсіздік алғалы бергі тарих-намамызға үңілсек, биліктің сындарлы, берік қадам жасаған мезетін саусақпен санап алатын шығармыз. 

Тәуелсіздік алғалы бергі тарих-намамызға үңілсек, көз үйренген бір топ адам шыр айнала безек қағып қызмет біткенді қолғапша ауыстырып келеді. Қай бір жылы қаржы саласын билеп-төстеген шенеуніктің денсаулық саласы тізгінін ұстағанын да көргенбіз.

Тәуелсіздік алғалы бергі тарих-намамызға үңілсек, үкімет ешқашан халыққа құлақ асқан емес. Олар ұлан-ғайыр Қазақстан аумағында халық бар деп ойлар ма екен өзі?

Осы жолы да солай болған сияқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «СК-Фармация» мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшыларының әрекетін сынға алды. Олар туралы әлеуметтік желіде жеріне жеткізе жазылып жатыр. Сондықтан оны қайталамайық. Президент сынынан соң көп өтпей «СК-Фармация» басшысы Берік Шәріп пен ӘМСҚ тізгінін ұстаған Айбатыр Жұмағұлов қызметтерінен кетті. Есесіне жаңа басшылар да көп күттірмеді. Дипломатын ұстап, есіктен сығалап әрең тұр екен. Берік Шәріптің орнына келген Ерхат Исқалиев үнемі майлы жілік мүжіген, қолы басшылық қызметтен босамаған адам болып шықты. Әрі анау-мынау емес, бюджет есебінен шекесі шылқып күн көретін секторларды басқарған: Қазақстан даму банкінің атқарушы директоры; «БРК-ЛИЗИНГ» басқарма төрағасы; «ҚазТемірТранс» президенті; «Қазақстан Темір Жолы» вице-президенті; «Самұрық-Қазына» қоры «Транспорт және Логистика» салалық дирекциясының директоры. Соңғы қызмет орны – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында болған. 

ӘМСҚ-ға келген Болат Төкежановтың да көрген-білгені ешкімнен кем бола қоймас. АҚШ-та мемлекеттік басқару саласындағы мектеп пен мемлекеттік академияны тәмамдағаны да оған біраз айбар берсе керек. Кейін денсаулық сақтау министрлігі құрылымында жұмыс істеген. Вице-министр және жауапты хатшы болған. Әсіресе, соңғы лауазымда жүріп үлкен-үлкен ақшаның тағдырына да жауапты болған... әлде жауапсыз болған... Әйтеуір, кешелі бері желге ұшқан ақша һәм Төкежанов төңірегінде абың-күбің әңгіме көбейіп сала берді...

Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров осы тағайындаулардан соң үкіметке деген наразылығын ашық білдірген. 

«Үкіметтің қоғамға құлақ аспайды. «СК-Фармация» мен ӘМСҚ басшыларын тағайындау процесін билік пен қоғам арасындағы диалог негізінде іске асыруы керек еді. Кеңесе отырып есімі елге белгілі әрі азаматтар сеніміне ие болған жандарды әкелу керек еді. Олай істей алмады. Адамдардың үкіметке деген сенімі одан әрі жоғалды. Бұл екі квазимемлекеттік құрылым азаматтарға моральдық һәм физикалық зиян шектіреді. Дәл осы құрылымдарға халықтық бақылау орнату мәселесін көтеру қажет. Біз халық сеніміне ие бола алатын үкіметке мұқтажбыз. Халық сеніміне ие бола алатын адамдар билікке келуі тиіс. Басқа жолы жоқ» деп жазады саясаттанушы. 

Желі қолданушысы Эльдар Кнардың айтуынша, ӘМСҚ басшылығына келген Болат Төкежанов Қазақстанның дүниежүзілік банкке 80 млн доллар қарыз болып қалуына себепкер болған жан. 

«Ол ақша отандық денсаулық сақтау саласының игілігіне жұмсалды деп айтылды. Сол 80 млн қайда және қалай жұмсалды? Енді қазақстандықтар сол ақшаны 92 млн етіп қайтаруы тиіс. Сондай-ақ былтыр дүниежүзілік банктің қазақстандық Success K компаниясымен бірлесе отырып 742,2 млн теңгеге консультациялық қызмет көрсету туралы келісім жасасқан дау-дамайы есте болар. Бұл жобаға Төкежановтың қатысы бар ма? Анықтау керек! Менің айтарға сөзім жоқ... Бәрі түсінікті... Қош бол, Қазақстан! Біз бәрібір мемлекет бола алмадық» деп жазады ол. 

Журналист Серікжан Мәулетбай да бұл тақырыпқа пост арнаған. 

«СК-Фармация» жаңа басшысы Ерхан Исқалиев ҚТЖ-да қазіргі премьер-министрмен бірге жұмыс істеген. Тоқаев «Бұл қандай ұйым, онда кімдер жұмыс істейді және олар неге үнемі бізді ұятқа қалдырады? 15 жыл бойы осы ұйым туралы естіп келе жатырмын. Бәрі сонда жұмыс істегісі келеді, ұйым айналасында кланаралық мүдделер де бар» деп мәлімдеді. Не істеу маңызды емес, ең бастысы әдемі айта білу. 

   ... ӘМСҚ-ға келген Болат Төкежанов расымен министрлікте жауапты хатшы болған. Бірақ 2019 жылдың қыркүйегіне дейін. Соңғы жұмыс орны – дүниежүзілік банктің әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жобаны басқару тобы. Ол жерде жобаның ұлттық үйлестірушісі болған. Ол айтпақшы, жауапты хатшы қызметінде отырып осы жоба бойынша құжатқа қол қойған. Осы жоба бойынша тек PR-дың өзіне 1 млрд-тан астам теңге бөлінген» деп жазады ол. 

Журналист Ерқанат Көпжасарұлы желідегі парақшасында «СК-Фармация» сияқты мекеменің тіпті қажетсіз екенін жазады. 

«СК-Фармацияға» Асқар Мәминнің өз адамы келді. Ерхат Исқалиевтің жүріп өткен жолына қарап оны бір мықты менеджер деп айту қиын. Күйіп тұрған жерге қалай әкеле салғаны тағы түсініксіз. Түсіндірген ешкім жоқ. Халықты елемейді, ескермейді. Жәй ғана бір суретімен ақпаратты шығара салды. Қалғанын өздерің тауып алыңдар дегені ғой. Қоғаммен байланыс дегенді бұлар түсінбей кететін сияқты. Жалпы «СК-Фармацияның» қажеті қанша? Денсаулық сақтау министрлігі өзі ақ бақылауына алуға болады емес пе? Министрліктегі фармациялық бақылау комитеті не бітіріп отыр?!» дейді. 

HOLA News журналисті Айнұр Коскинаның зерттеуінше, Қазақстан халықаралық қайта құру және даму банкі арқылы дүниежүзілік банктен 80 млн доллар қарыз алған. 2017 жылдың 30 мамырында ел парламенті қарыз туралы келісімді ратификациялаған. Қарызды 10 жыл бойы өтейміз. Денсаулық сақтау министрлігі «Success K» ЖШС-мен 696 699 940 теңгеге келісім жасасқанын растаған. Оның ішінде «әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы» үшін медиа және PR-шараларына арналып 1 млрд теңге және 209 008 долларға келісім жасалғаны да айтылған. Жобаның қаржылық есебін министрліктің жаухатшысы Болат Төкежанов бекіткен. 

    Осыншама енапат ақша қайда жұмсалды, қалай жұмсалды, әділ бөлінді ме, әділетсіз желге ұшты ма, бұл енді ұшы-қиыры жоқ ұлы жұмбақ. Жалпы, бізде жұмбақ көп. Жұмбақтар бірінен соң бірі шешімін таба ма, әлде жұмбақ үстіне жұмбақ жамала ма, оны уақыт көрсетер. 


 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg