В январе отчисления по ОСМС в Казахстане превысили 34 млрд тенге

К началу года накопления ФОМС составили 250 млрд тенге

Фото: Shutterstock

В январе 2020 года отчисления по системе обязательного социального медицинского страхования в Казахстане составили 34,2 млрд тенге, сообщил 20 февраля председатель правления НАО «Фонд социального медицинского страхования» Айбатыр Жумагулов.

«В январе 2020 года в качестве взносов и отчислений за ОСМС перечислено 34,2 млрд тенге», – сказал Жумагулов на брифинге.

При этом, по его словам, больше всего взносов поступило от государства за льготные категории населения – 24 млрд тенге. В середине января текущего года он же сообщал, что накопления фонда социального медицинского страхования (ФОМС) составили 250 млрд тенге на начало 2020-го.

Однако если на 1 января около 88% населения Казахстана являлись участниками ОСМС, то по состоянию на 20 февраля этот показатель увеличился до 90%, или до 17 млн человек.

По сведениям главы правления ФОМС, из них около 11 млн человек – это представители 15 льготных категорий граждан, взносы за которых осуществляет государство.

Одновременно в январе уже было истрачено 40 млрд тенге на оплату за услуги медицинским организациям в рамках обязательного социального медицинского страхования (ОСМС). По словам спикера, на 2020 год Фондом заключены договоры с 1 258 поставщиками услуг, в том числе с 657 государственными медорганизациями и с 601 частной.

Фонд социального медицинского страхования создан в 2016 году. Отчисления в фонд начались с июля 2017 года. ФОМС является финансовым оператором пакетов гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и ОСМС и закупает медицинские услуги для населения в пределах, установленных правительством. 

banner_wsj.gif

299 просмотров

Жедел жәрдемге күніне 2000 адам хабарласады: Шымкенттегі індет ахуалы қандай?

Шаһардағы карантин режимі 6 шілдеге дейін күшінде

Фото: Shutterstock

Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы күннен күнге өршіп бара жатыр. Жығылғанға жұдырық дегендей енді вирусты пневмония жұқтырушылар саны да артқан. Осыған орай қала билігі науқастарды жатқызатын қосымша орындар даярлауға мәжбүр.

 
    Қазіргі таңда Шымкентте вирус жұқтырушылар саны 1300-ден асып кетсе, оның 800-і симптомсыз науқастар. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тұрғындар жедел жәрдем – 103 нөміріне жиі қоңырау шала бастаған. Қазірдің өзінде күніне 1800-2000 қоңырау келіп түсетін көрінеді. Тұмау диагнозымен ауруханаға жатқызылғандар саны 2 есеге, пневмония диагнозымен жатқызылғандар саны 7,2 есеге өскен (2019 жылмен салыстырғанда). 


    «Инфекция жұқтырған науқастар санының көбеюіне байланысты қалада қосымша 1420 төсек дайындалды. Оның 690-ы – инфекциялық, 290-ы – карантиндік, тағы 440-ы – уақытша орындар. Осылардың есебінен орын жетіспеушілігі проблемасы жойылады деп ойлаймыз. Сонымен қатар қосымша 22 жасанды тыныс алдыру аппараты мен 38 монитор қойылды. 27 маусымға дейін тағы да 40 тыныс алдыру аппаратын қою жоспарланып отыр» деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 


    Кеше ғана (22 маусым) Шымкенттегі теміржол ауруханасында 4 науқастың көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Науқастар ауруханаға өте ауыр халде келіп түскен және олардың қант диабеті, артериалды гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары сияқты созылмалы аурулары болған. Аталған аурухана 120 науқасты қабылдай алады. №8 ауруханаға да сәт сайын келіп түсіп жатқан науқастар саны өте көп. 
    «Бізге хабарласушылар саны екі есеге артты. Егер маусымның алғашқы жартысында күніне 10-12 адам хабарласып, олардың 3-4-еуі ғана респираторлық аурумен ауырса, соңғы аптада күн сайын хабарласушылар саны 20-ға дейін жетті. Олардың 5-9-ы – вирустық жұқпалы індетке шалдыққандар. Тап қазіргі вирусты пневмония өте қауіпті болып тұр. Екінші, үшінші күнінде-ақ жағдай күрделеніп, адамның тыныс алуы қиындайды. Дәрігерлер адамдардың өз бетімен ем қабылдауын құптамайды. Егер сізде температура көтеріліп, жөтел басталып, аяқ-қолы ауырласа дереу дәрігерге хабарласу керек. Дәл осындай қиын кезде 55 жастан асқан адамдардың қоғамдық орындарға бармағаны абзал» дейді №8 аурухана бас дәрігері Сара Оспанова. 
Шаһардағы ахуалдың нашарлауына байланысты бүгін, яғни, 23 маусымнан бастап қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың бұйрығымен мектепке дейінгі барлық мекемелер өз жұмысын тоқтатады. 
    «Егер балаларды ешкімге қалдыра алмайтын болса, онда ата-анасының бірі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі тиіс. Шаралар балалардың денсаулығын қорғау және инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында қабылданып отыр. Балабақшалар жұмысы қаладағы эпидемиялық жағдай тұрақталған кезде барып қайта жанданады. Бұл ретте маска киіп, қолды антисептиктермен жуып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, барлық бекітілген санитарлық талаптар орындалуы тиіс» деп хабарлайды.

 
    Еске салсақ, Шымкенттегі карантин режимі 6 шілдеге дейін ұзартылған еді. 20 маусымнан бері қаладағы ірі сауда орындары (азық-түліктік және азық-түліктік емес) жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар 6 шілдеге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, фитнес-орталықтар, бассейн, базарлар («Жібек Жолы» мен «Қазбек» базарынан басқасы) және спорт кешендері де жұмыс істемейді. Парк, сквер, жағалау, туристік орындар, балалар және спорт алаңқайларына баруға тыйым салынбайды, бірақ адам санына шектеу қойылады. Сондай-ақ 6 шілдеге дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары да 8:00 – 12:00 аралығында ғана жұмыс істейді. 


    Азаматтар денсаулық жағдайы және әлеуметтік сұрақтар бойынша 39-33-47 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласып, ақпарат ала алады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg