Медсақтандыру қорына бір айда 34 млрд теңге аударылған

Жарияланды
Қорда жалпы сомасы 250 млрд теңге жинақталған

2020 жылдың қаңтар айында міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруға жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды, деп мәлімдеді орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов. 

«2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды», – деді ол.

Жарнаның басым бөлігі  мемлекет есебінен түскен, ол 24 млрд теңгені құрайды. Ал қаңтар айының ортасында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жинағы 250 млрд теңгеден асқаны жарияланған еді. 

Алайда жыл басында халықтың 88 пайызы МӘМС қатысушысы болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төрағасының айтуынша, оның ішінде 11 миллионға жуық адам – жеңілдігі бар 15 санатқа кіретін азаматтар, ал олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. 

Қазірдің өзінде 40 млрд теңге МӘМС аясында медициналық көсек көрсетуге жұмсалған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға 1 258 медициналық ұйыммен келісім-шарт жасаса, оның ішінде 657-і – мемлекеттік меншіктегі медициналық ұйым (52%) және 601-і жеке меншік (48%) мекеме. 

Сондай-ақ оқыңыз