Перейти к основному содержанию

149 просмотров

Медсақтандыру қорына бір айда 34 млрд теңге аударылған

Қорда жалпы сомасы 250 млрд теңге жинақталған

Фото: Shutterstock

2020 жылдың қаңтар айында міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруға жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды, деп мәлімдеді орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов. 

«2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды», – деді ол.

Жарнаның басым бөлігі  мемлекет есебінен түскен, ол 24 млрд теңгені құрайды. Ал қаңтар айының ортасында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жинағы 250 млрд теңгеден асқаны жарияланған еді. 

Алайда жыл басында халықтың 88 пайызы МӘМС қатысушысы болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төрағасының айтуынша, оның ішінде 11 миллионға жуық адам - жеңілдігі бар 15 санатқа кіретін азаматтар, ал олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. 

Қазірдің өзінде 40 млрд теңге МӘМС аясында медициналық көсек көрсетуге жұмсалған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға 1 258 медициналық ұйыммен келісім-шарт жасаса, оның ішінде 657-і – мемлекеттік меншіктегі медициналық ұйым (52%) және 601-і жеке меншік (48%) мекеме. 

banner_wsj.gif

195 просмотров

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тесттен кім тегін өтеді?

Экспресс-тесттер ақылы болмақ

Фото: shutterstock.com

Шетелге шықпаған және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болмаған қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тесттен тегін өтпейді. Бұл туралы 26 наурызда өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

"Олар тек эпиданамнез болған жағдайда қолданылады, яғни науқас шетелден келсе ғана. Біз шетелден келгендердің бәрін міндетті түрде тексеріп, науқастармен жақын байланыста болған адамдардың барлығын провизорлық карантинге жатқызамыз. Алайда тест-жүйелер жай ғана алдын алу немесе скрининг мақсатында пайдаланылмайды", – деді ол.

Бюрабекова қазіргі уақытта Қытайда шығарылған тест-жүйелері қолданылып жатқанын хабарлады.

Комитет басшысының  айтуынша, соңғы уақытта Қазақстаннан шықпаған және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болмаған адамдардың бұл инфекцияға қатысты диагностикалық тестттен өтуінің қажеті жоқ.

"Бұл тесттер ауру белгілері және эпиданамнез болғанда ғана қолданылады. Яғни, егер ол ешкіммен байланыспаса, қазір 1А және 1Б санатына жатқызылған шетелден келмесе, ауру белгілері пайда болғанға дейін бұл – пайдасыз нәрсе. Яғни, ол теріс нәтиже көрсетеді, бірақ диагностика ретінде ешқандай ақпарат бере алмайды", – деді Бюрабекова.

Адамның врус жұқтыған-жұқтырмағаннын зеттеуге 7-8 сағат кетеді, ал нәтижесі 12 сағаттан соң ғана дайын болады екен.

Жақында Қазақстанда 60 мың тест жеткізілген. Келесі аптада 150 мың тест келеді деп жоспарланған.

Ал экспресс-тесттер елге бірнеше демеушінің есебінен жеткізіледі. Бірнеше компанияға бір жолға тест әкелуге рұқсат берілді. Бірінші партия осы аптада келуі керек. Экспресс-тестілеу "Олимп" зертханасының базасында өткізіледі.

Бұл экспресс-тесттер пациентте антиденелердің бар-жоғын анықтайды, яғни кім дәл қазір ауырып тұрғанын, немесе ауру жеңіл өтіп, сауыққанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл санатқа тыныс алу жүйесінің ауруы бар адамдар, қауіп тобына кіретін пациенттер және ауырып қалғандар, соның ішінде қарт адамдар мен 18 жасқа дейінгі балалар кіреді.

«Қазір экспресс-тесттен өтетін адамдар санаты нақтыланып жатыр. Бұл кез-келген жастағы пациент болуы мүмкін, өйткені бұл жеке зертхана, керісінше, көптеген адамдарды қамту мақсатында олар бұл тестілеуді ақылы түрде жүргізе алады. Ал оны тегін тек вирус жұқтыруы мүмкін деген кісілер ғана өте алады", - деп түйіндеді Бюрабекова.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif