Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2 мыңнан асты

Жарияланды
Эпидемияға қатысты жаңа деректер жарияланды

Синьхуа агенттігі 18 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 2004 адам қайтыс болғанын жазады.

Қытайдың 31 провинциясы мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында жаңа типтегі коронавирусты 74 185 кісі жұқтырғаны расталған.

ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің күнделікті есебінде ауруханада жатқан 1 824 адамның емделіп шыққаны жазылған.  

Бүған дейін Қазақстанның Қытайда жүрген азаматтары 3 рейспен елге әкелінген болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, елімізде коронавирус тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз