Перейти к основному содержанию

1390 просмотров

«Елдің бәрін коронавирусқа тексерудің қажеті жоқ» – Е.Біртанов

Үрейге бой алдырмаған жөн

Фото: Аскар Ахметуллин

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтандарды дүрлікпей, тек ауру белгісі болса ғана коронавирусқа тексерілуге шақырды. Сондай-ақ, коронавирусты анықтайтын тест жасалғанын айтып өтті. 

«Шетелден, тіпті, Қытайдан келген адамдардың барлығынан бірдей коронавирусқа зертханалық сынама алудың еш қажеті жоқ. Бұл зерттеу адамда ауру белгісі болса ғана, дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. Өйткені дене қызуы, жөтелу сынды белгілері бар аурулардың 99 пайызы кәдімгі тұмау жұқтырған болып шығады. Қазір бүкіл 18 млн адамды коронавирусқа тексеріп шығудың еш қажеті жоқ»,– деді ол.

Министр ауру белгілері болса ғана, коронавирустан тексерілуді өтінді. Өйткені «көңіл тыныштығы» үшін тексерлудің еш мәні жоқ, өйткені адам тест нәтижесі шыққаннан кейін де инфекция жұқтырып алуы ғажап емес. 

«Біз жаңа коронавирус инфекциясын анықтайтын тестті жасадық, қазір оның  санын көбейтеміз. Бұл коронавирус жұқтыыруы мүмкін делінген пациенттердің барлығы тексеруден өтеді. Нәтижесі бірнеше сағаттан соң қолымызда болады», – деді Біртанов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде инфекция жұқтырды деген күдікпен  ауруханаға жатқызылған 33 адам ем алып жатыр, оларда коронавирус емес екені анықталған. 

Айта кетейік, Ресей Қазақстанға жаңа коронавирус инфекциясын анықтайтын құралдарды берген болатын. 
 

banner_wsj.gif

106 просмотров

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге 1 млн теңге төленеді

Ауырып қалса, 2 млн теңге көлемінде өтемақы беріледі

Фото:shutterstock.com

Коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге 1 млн теңге төленбек. Бұл турала тікелей эфирде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Министр төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекіткенін айтып өтті. 

"Соған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінген. Бірінші топ –  реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы – 3284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 1 млн теңгенің үстінде алады", – деді министр. 

Екінші топ – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы –11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды, яғни орташа айлығын қосқанда, айына шамамен 600 мың теңге алады. 

"Үшінші топ – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер жедел жәрдем жүргізушілері және т. б.  Барлығы 10 994 қызметкер. Олар айына 212,5 мың теңге үстемақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда, шамамен 380 мың теңге алады" ,– деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар Абаевтың айтуынша, медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталған. Олар ауырып қалған жағдайда, 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемі беріледі. Егер мидицина қызметкері  ауырып қайтыс болса, мемлекет оның отбасына 10 млн теңге өтемақы береді. 

Министр мемлекеттік өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезеңде байқалатынын атап өтті. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif