Перейти к основному содержанию


144 просмотра

Этюд в красно-зеленых тонах

Кантемир Балагов рассказал о жизни послевоенного Ленинграда

Фото: Shutterstock

«Дылда» – вторая картина режиссера. В рамках программы Каннского кинофестиваля «Особый взгляд» работа удостоилась сразу двух наград: приза за лучшую режиссерскую работу и приза Международной федерации кинопрессы. 

Мы привыкли к тому, что многие фильмы о войне заканчиваются всеобщим ликованием. Ленты, где речь идет о послевоенных годах, чаще всего показывают большую стройку – люди, пережившие войну, с горящими глазами строят новую жизнь, с уверенностью глядя в светлое будущее. Но далеко не для всех война закончилась с последним выстрелом. Да, затягиваются раны, восстанавливаются дома, но как быть с перемолотыми в труху душами?

В какой-то степени фильм Кантемира Балагова основан на реальной истории. Он снят по одному из интервью из документального романа нобелевской лауреатки Светланы Алексиевич «У войны не женское лицо», в котором есть все то, о чем не принято говорить вслух: насилие, аборты, убийства собственных детей ради выживания… Все то, через что прошли в те годы миллионы советских женщин. И все то, с чем они были вынуждены жить после.

Война в «Дылде» осталась в прошлом, но отпустить ее никак не получается. Она живет в искалеченном городе, полном отголосков голода, страха, смерти. В людях, которые пытаются жить, строить отношения, но не могут дать друг другу ничего из того, что им действительно нужно. И не потому, что не хотят. А потому, что, скорее, нечего.

Действие фильма разворачивается первой послевоенной осенью 1945 года в Ленинграде. В центре истории – болезненные отношения подруг-зенитчиц Ии (Виктория Мирошниченко) и Маши (Василиса Перелыгина), которые после демобилизации пытаются вернуться к мирной жизни. Но при этом «Дылда» – это нечто большее, чем рассказ о двух подругах. Балагов препарирует дружбу людей, объединенных общей травмой. Дружбу, в которой любовь и жертвенность тесно переплетаются с брезгливостью и презрением.

Как и в дебютной «Тесноте», режиссер передает эти отношения не только с помощью диалогов и великолепной актерской игры, но и с помощью цвета. Ленинград в объективе оператора Ксении Середы словно на холстах фламандских художников залит желтым неживым светом. Принявшей мир «Дылде» Ие Балагов отдает зеленый, а не отпустившей войну Маше – кроваво-красный. Постепенно окружающее пространство расцвечивается зеленым и противостоящим ему красным. И эта игра цвета становится еще и основным саундтреком. Музыка, как и подробности жизни героев и война, здесь вынесена за скобки.

Действие, пропитанное послевоенной меланхолией, развивается медленно и тягуче, время от времени рассыпаясь на ряд эпизодов – историй второго плана, которые порой яркими штрихами, а порой парой акварельных мазков создают настроение картины. Например, парализованный солдат и его жена, просящие об эвтаназии. Или четырехлетний мальчишка, играющий с ранеными солдатами в игру, где надо изобразить животных. Единственное животное, которое он узнает, – это птица. А когда ему достается изобразить собаку, он молчит. Ему подсказывают: «гав-гав», но он не понимает. Он никогда не видел собак. Потому что в блокаду их съели. 

В фильме нет убийств, крови, насилия, но в какой-то момент становится не просто страшно, а жутко. Именно потому, что это – правда. 

А еще в фильме нет ни одного изображения Сталина, Ленина и прочих элементов, характерных для советского времени. Есть тщательно воссозданный художниками послевоенный Ленинград – с коммунальными квартирами, трамваями, госпиталем. Страна Советов лишь изредка мелькает в кадре каким-нибудь случайным плакатом. В остальном же пространство фильма – внесоветское, внеполитическое. И за это Кантемира Балагова хочется поблагодарить отдельно. Ведь, действительно, война калечит души независимо от страны и социального строя и не щадит никого – ни победивших, ни проигравших, ни детей, ни взрослых.


1226 просмотров

Ермек Тұрсынов: «Қазақстандық кинода құндылықтардың дағдарысы мен құлдырауы байқалады»

Қазақстан кинематографистер Одағының басшысы Ермек Тұрсынов «Kursiv.kz-пен» қазақстандық кинематография туралы өз пікірімен бөлісті

Фото: Офелия Жакаева

Ағымдағы жылдың ақпан айында еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдары атақты режиссер Ермек Тұрсыновтың Қазақстанның кинематографистер Одағына басшылыққа келгені туралы ақпарат таратты. Бұл сенсация еді. Өйткені Ермек Тұрсынов 2000-жылдардан бері өзін қандай да бір қызметпен байланыстырғысы келмейтінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Ендеше қазақстандық кинематография мэтрінің бұндай қадамға баруына не себеп болғаны жайлы – оның «Курсивъке» берген эксклюзивті сұхбатында.

– Ермек Кәрімжанұлы, Кинематографистер Одағының Төрағасы – саяси қызмет пе? Бұрын солай еді, қазіргі жағдай қандай? Мемлекетке бағыныштылық бар ма, биліктен қандай да бір нұсқау түсе ме, әлде қазір барлығы қоғамдағы салмаққа келіп тіреле ме?

– Жазушылар Одағы, Композиторлар Одағы, Суретшілер Одағы, Дизайнерлер Одағы сынды барлық шығармашылық одақтар – қазіргі кезде аморфты, яғни енжар, тұлғалық қасиеттен айырылған құрылым болып тұр. Бұл – өлім мен өмірдің арасында жатқан науқастың басындағыдай жағдай.

– Десе де, Сіз бұл қадамға бардыңыз. Айтпақшы, бұл қызмет сайланбалы ғой?

– Әрине, сайлайды. Бірнеше үміткер болды. Әркімнің өз бағдарламасы бар. Яғни, кәдімгі бәсеке болды. Мен алғаш рет қатыстым. Десе де, бірнеше жыл бұрын Игорь Вовнянко, Сләмбек Тәуекел сынды қазақ киносының мэтрлері, басқалары да осындай сайлауға түсуге ұсыныс жасаған еді. Бірақ ол кезде шығармашылық одақтардың дәурені өткен деп санағандықтан, (әлі де сол пікірдемін) келісімімді бермеген едім. Иә, баяғыда-а-а-а, Кеңес Одағы кезінде олар салиқалы, ықпалды, беделді ұйым болды. Расында, шығармашыл жандардың нағыз ордасы еді. Ал бүгінде олардың күні өтіп, жамбасынан шойнаңдап қалған.

– Бұл дұрыс па, әлде бұрыс па?

– Бұл жерде мәселе оның дұрыс-бұрыстығында емес. Жағдай осылай қалыптасты. Мүмкін көптеген адамдардың санасында одақтардың маңыздылығы қалып қойған шығар. «Кинематографистер Одағы» немесе «Жазушылар Одағы» деген қалай жақсы естіледі? Кәсібилердің ерекше бір қауымы! Бірақ, өкінішке қарай, олар баяғы беделінен, бағытынан айырылып қалған. Біз айтып отырған Кинематографистер Одағының өзі, соңғы жылдары БАҚ бетіне шығып кеткен көптеген дау-дамайдың кесірінен, қоғамда беделі де, ықпалы да қалмады. Бұның барлығын қайта қалпына келтіріп, сенімге қайта кіру керек. Жақында құрылтай өтті, осы құрылтайда пікірталас болды.

– Нағыз пікірталас па?

– Иә-иә, әрине! Ал пікірталастан соң, ашық дауыс беру жарияланды. Ашық дауыс берілді деп тағы да басып айтамын!

– Аздап қатерлі қадам екен.

– Қатерлі? Жоқ! Меніңше, бұл – дауыс берудің ең әділ түрі.

Ермек Турсунов_1_OFL (17).jpg

– Ендеше кімнің қолдап, кімнің қарсы шыққанын көруге болады ғой?

– Довлатовтың бір сөзі бар еді: «Дауыс беруге барамыз ба? Жоқ, бір-бірімізді сызуға барамыз» деген. Сондықтан бәрі ашық болды. Осылай бола тұра, өзім соған ұмтылып, төрағаның қызметін маған беруді сұраған жоқпын. Оның үстіне, мен әртүрлі қоғамдық пікірталастан, ұрыс-керістен алшақ кеткем.

– Дәл осы жағдай таңғалдырып тұр. Соңғы 15, тіпті 20 жылдың жүзінде Сіз қандайда бір жоғары лауазымға жайғасуға ұмтылған жоқ сияқтысыз?

– Иә, шынын айтқанда, мен баяғыда-ақ бұндай ойынға тойғанмын. Бастық та болып, қандай ғана қызметте отырмадым. Саясатқа да араластым, енді әлеуметтік маңызды мәселелер мен өзекті мәселелерге араласудан бас тартып отырғаныма бірталай уақыт болды. Бар назарымды өз кітаптарым мен фильмдеріме аударып отырмын. Өзіммен өзім болып жүрмін.

– Сол екі ортада аяқ астынан құрылтай өткізіліп, пікірталас басталып, төраға болып кеттіңіз!

– Расында да, неге аяқ астынан? Өйткені «Кино үйінің» айналасында қалыптасқан ахуал баяғыдан бері менің наразылығымды тудырып келген. Бүгінгі таңда оның жағдайы тура Жазушылар Одағы іспеттес: ғимараттың жан-жағына түрлі-түсті қайдағы бір жарнамалық плакаттар ілінген, ал жазушылар болса 3-4 бөлмеде тығылып отыр, ал қалған бөлігінде кімдердің жайғасқаны белгісіз. Бүгінгі таңда «Кино үйінің» 60 пайызы коммерциялық ұйымдарға тиесілі болып отыр. Бұл ғимаратты кинемотографистерге қайтарып бергім келеді. Оның үстіне, Кинематографистер одағының қарамағында қалған 40 пайызды да саудагерлерге жалға беру көзделді. Тіпті өз құрылтайымызды филармония қабырғасында өткізуге тура келді. Біздің жиналатын жеріміз де жоқ.

– «Кино үйінің» әжептәуір кинозалы да бар емес пе?

– Болған. Ол жерде менің түсінгенімше, кино көрсетуді көздемейтін қандай да бір жоба іске асырыла бастаған. Бұрынғы кинозалдың күрделі жөндеуіне қаржы салған адам ол жерде не болатынын өзі де білмейтінін айтады. Қынжылтатын жағдай. Сондықтан ақыр аяғында мен бұған араласып, қарашаңырақты өз адамдарына қайтарып бергім келді. Ғимараттың тарихи маңызы зор емес пе? Аты аңызға айналған. Оны Шәкен Аймановтың бастамасымен тұрғызып, ондағы әрбір заттың әу бастан-ақ кино туралы сөйлейтіні меңзелген еді. Мәселен, біз опера театрында мейрамхана ашылып, филармонияда ойынхана жайғасқанын қаламаймыз ғой? Ендеше неліктен «Кино үйінде» аты да заты да белгісіздер орналасуы тиіс?

– Бұл мәселенің көтерілгеніне қанша жыл болды?

– Көп. Ол Иманғали Тасмағамбетовтың да, Ахметжан Есімовтың да кезінде көтерілген. «Кино үйінің» қомақты үлесін иеленіп отырған саудагерлермен де сөйлестік, бірақ белгілі біп себептерге байланысты, келісімге келе алмадық. Ғимаратты кинематографистерге қайтару мүмкіндігі енді ғана пайда болды.

– Осы жерден бастап толығырақ айтсаңыз?

– Жоқ, әзірге бүкіл жоспарларыммен бөліскім келмейді. Тек белгілі бір келісімге келгенімізді айта аламын. Барлығы сәтті өткен жағдайда, тіліміз тасқа деп, ескі фотосуреттер мен бұрынғы жобаларды қолға алып, «Кино үйін» алғашқы кейпіне келтіру жоспарда бар. Еске түсірерлік жайттар жоқ емес бар. Мәселен, оның екінші қабатындағы кафеде келушілер режисерлер мен актерлерді кездестіре алатын. Ол жерде бүкіл кинолардың тұсаукесері өтетін. Ол жерде тақырыптық кинокөрсетілімдер ұйымдастырылатын. Тек киноға қатысты емес, бүкіл шығармашылық интеллигенцияның бас қосатын жері еді. Жазушылар Одағындағы «Қаламгер» кафесі сынды, ол жерге келіп, әншейінде қол жетпейтін Олжас Сүлейменов, Ғабит Мүсірепов, Герольд Бельгермен жолығып, әңгімелесуге болатын. «Қаламгерде» де, «Кино үйінде» де пікірталастар шығармашылық тұрғыда өрбитін. Қазір біздің пікірталасымыздың тақырыбы өзгерді: кімнің кім екенін анықтаудан ары аса алмай жатырмыз.

– Ал бұрынғы кездері «кімнің кім екені» туралы сөз таластырмайтын ба еді?

– Бұрындары қандай жақсы кітап жарық көрді, қандай жаңа фильм шыққаны жайлы көбірек айтысатын еді. Қазіргі айтысты құлақ түріп тыңдап отыра алмайсың. Сондықтан маған барлығын «Кино үйінен» бастау керек сияқты көрінеді. Театрдың киімілгіштен басталатыны секілді, кинематографистер жағдайында да олардың өз Үйі – «Кино үйінен» бастау қажет. Әйтпесе не болып кетті? Үйімізге қонақтарды кіргізген едік, кейін жаман үйдің қонағы билейді демекші, өзіміз қонаққа айналып, «заттарымызды алып кетуге рұқсат па?» деп есіктен сығалап тұрамыз.

Ермек Турсунов_1_OFL (7).jpg

– Ендеше барлық мәселе «Кино үйіне» келіп тіреліп тұр екен ғой?

– Бұл алғашқы қадам. Қара Шаңырағымызды қайтарып алғаннан кейін, біз бас біріктіру мәселесімен айналысамыз. Өйткені біз шеберханалық ынтымақтастықтың не екенін де ұмытып қалдық.

– Бүгінде ынтымақтастық жоқ па? Осы уақытқа дейін Қазақстанда режиссерлердің біреуі әріптестері туралы жаман пікір айтқанын естімедік. Ал Ресейде жанжал деген бастан асады: бүгін Кирилл Серебренников мырзаға қатысты шу шықса, ертең ол Алексей Учительмен байланысты болады. Ал бізде ше?

–          Мен біздің кинематографистер арасында шеберханалық ынтымақтастық жоқ деп санаймын. Біріншіден, адамдарға ненің – «кино» екенін, ненің – «кино емес» екенін ұғындыру керек. Соңғы жылдары орын алған жағдай қатты көңіл қынжылтады. Қазақстандық кинода құндылықтардың дағдарысы мен құлдырауы байқалады. «КИНО» түсінігінің беделі түсіп тұр. Бүгінде кім кино түсірмейді десеңші! Қазір эстрадада жүрген адамдар кино түсіре бастады. Қайрат Нұртас түсірді. Бүркіт те кино түсірді. Баян Есентаева (бүгінде Алагөзова – «Къ») да осы салаға қол салды. Бұрынғы «КВН-щиктердің» тұтастай бір толқыны киноға бет бұрды. Бірақ бұның барлығы кино емес! Түсінесіз бе?

– Олар өз киноларына бизнес ретінде қарайтын шығар мүмкін? Негізінде кино бизнес па?

– Тұра тұрыңыз. Мен не үшін Ұлттық кітапханада, былайша айтқанда, өз киноклубымды аштым деп ойлайсыз? Менің тізімімде 150 кинокартина бар, соларды көрсетемін. Заманауи киноны көрмеймін, кинотеатрларға бармаймын.

– Яғни, сіз, мысалға, Marvel-дің түрлі супербатырларға толы киноларын мойындамайсыз ба?

– Мәселе мойындағанда немесе түсінбегенде емес. Мен олармен былғанғым келмейді. Менің санама ұстаздарым құйған және өзімнің жеке тәжірибем арқылы қалыптасқан кино туралы түсінігімді сақтауға тырысып жүрмін. Мен кино терминдерін жақсы білемін, қайсысы – нағыз кино, қайсысы – кино емес екенін ажырата аламын деп есептеймін. Жоғарыда аты аталған адамдар таза кино түсірмейді. Бұл – entertainment, бұл – көңіл көтеру, сауық құру. Онда киноға қажетті анықтауыш белгілердің бәрі бар: барлығы камераға түсіріліп, әлдеқандай актерлер ойнап, суретшілер, әрлеушілер жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұның барлығы кино емес, fast-food екенін түсіну керек!

– Ал бұл жаман ба?

– Бұл жаман да, жақсы да емес. Тепе-теңдік сақталуы қажет. Бұл бағытқа қарсы емеспін: fast-food-тың болғаны дұрыс, бірақ сапалы, пайдалы асхана да аса қажет. Бұрынырақта 30:70 арақатынасындағы тепе-теңдік бар еді. Кейіннен 40 та 60 болды. Одан кейін 50:50-ге түсті. Бұлардың қайсысы ең тиімді екенін білмеймін. Бірақ күні-түні бірыңғай fast-food көргеннен соң, жараның да ауылы алыс емес. Күнде картоп жей беру мүмкін емес екенін түсінесіз бе?

– Егер адам оны қатты жақсы көрсе ше? Бүгін асылған картоп жесе, ертең картоп езбесін, ал арғы күнгі ас мәзірінде – қуырылған картоп пен драник болса ше?

– Ал жарайды, бір күн, бес күн, он, жиырма – адам ағзасы картопты осынша күн жеуге шыдайтын шығар. Бірақ одан кейін қайтарымсыз өзгерістер басталады.

– Иә, әрине, мен толып кетемін.

– Оған қоса ебедейсіз боласыз. Сондықтан әр-алуандылық болуы тиіс. Мен бұндай сауық-сайранға, бұл адамдарға қарсы емес екенімді түсінулеріңіз керек. Нұртас Адамбайға, Нұрлан Қоянбаевқа, немесе құдай сақтасын, Баян Есентаеваға ешбір қарсылығым жоқ. Бірақ бұл айналмалы әткеншекті көрген кезде, адамдарды осындай азық-түлікке тойдырып жібере ме деген қорқыныш бар. Ең бастысы, бұдан ештеңені ой елегінен өткізбейтін жастар зардап шегеді. Өз дәрістерімде осыны айтып, кітапханада осымен айналысамын. «Балалар, мынау – кино, мынау – кино емес, жай ғана entertainment – көңіл көтеру» деймін. Сыртқы келбеті ұқсас болғанымен, сапасы жағынан айырмашылық бар, әлемге әйгілі Adidas компаниясы өнімінің Abibas деген қытайлық жасанды көшірмесі сынды. Бұл аяқ киімде 2-3 күн ғана жүрсең, алдыңғысын жылдар бойы еш қиындықсыз киесің. Орасан зор жасандылыққа айырбас жүріп жатыр, оған да ешкімді кінәлай алмаймын. Бірақ әр нәрсенің өз орны мен өзіндік құны болуы керек. Бүгінгі көрерменнің білместігі мен тәжірибесіздігін пайдаланып, кейбір кісілердің оған түкке тұрғысыз нәрсені тығып, сол үшін қалтасын қағуы – ең кемі – жақсылықты бағаламау, ең көбі – кәсіби біліксіздік. Сондықтан Нұртас Адамбайға да, Баян Есенбаеваға да, Қоянбаевқа да шығармашылық табыс тілеймін. Олар талантты жастар, алаңда бірнәрсе жасай алады, ең құрығанда бұл қандай еңбек екенін түсінді. Бірақ олар өз-өздеріне есеп беріп, не істеп жүргендерін түсінулері керек. Мен сол үшін Ұлттық кітапханада өз киноклубымды аштым, ол жерде Қожықов, Бертолуччи, Феллини, Куросаваның және басқа да классиктердің киноларын көрсетемін. Негізінен жастар келіп көреді.

– Оған қоса көптеген жастар Милоша Форманның «Көкектің ұясының үстімен ұшқанда» атты таспасының оқиға желісін білмейтінін де мойындауымыз керек...

–Білмейді. Өз лекцияларымда кейде Форман, Висконти немесе Трюффоның фильмдерін көрмегендердің қолын көтеруін сұраймын. Кейде олардың саны 90 пайыз екені анықталады. Бұл нені білдіреді? Бұл бұқараның ақымақтанып, топастанып бара жатқанын білдіреді. Кітапқа да қатысты тура осындай жағдай.

– Ерінбегеннің бәрі кітап жаза ма?

– О, иә! Кітап дүкеніне кіріп, ол жерде не болып жатқанына назар аударып көріңіз?! Ол жерде сөренің барлығы нағыз қоқысқа толып тұр. Соған қарамастан бұл «қоқыс» кітапқа тән барлық сыртқы белгілерді иеленеді: мұқабасы бар, ішінде әйтеуір бір әріптер, тақырыптар, иллюстрация, тіпті авторы бар. Бұның барлығы сатылып қана қоймай, кеңінен жарнамаланады. Оған да аз қаржы жұмсалмайды. Адамдар бұл кітап екен деп сатып алып жатыр. Ал бұлардың қасындағы сөреде Лев Толстойдың, Набоковтың, Платоновтың, Мұқтар Әуезовтың, Абайдың шығармалары шаң басып тұр. «Абай жолы» немесе «Соғыс пен бейбітшілік» бұл –әдебиет, ал жарнамаланып жатқан мүлдем басқа дүние!

– «Мүлдем басқа дүние» дегеніміз – бизнес шығар мүмкін? Өйткені бүгінде табыс әкелетін киноға да, кітапқа да ақша беретін кез аз емес. Оның үстіне, сол фильмдердің табыстылығы кассалық сатылымының көлемімен өлшенеді. Бұл жерде көңіл көтеретін киноға қарағанда, салмақты киноның түсірілімге кеткен шығынын ақтауы неғайбыл екенін түсіну керек. Осылай емес пе?

– Мен былай айтайын: кинода ақша үлкен маңызға ие. Тіпті ең негізгісі да сол. Бірақ белгілі бір фильмнің құндылық деңгейін бағалайтын бірнеше өлшем бар. Әрине, әкелген табысымен де өлшеуге болатын шығар, бірақ Шәкен Аймановтың «Алдар көсе» немесе «Тақиялы періште» фильмдерінің құндылығын ақшамен қалай өлшеуге болады? Олар ұнай ма, ұнамай ма, маңызды емес, олар – өткен дәуірдің ізі. Олар классикаға айналған. Түсінесіз бе, ақша фильмді бағалаудың бірден-бір өлшеміне айналған кезде, дабыл қағу керек. Барлығын ақшамен өлшеу мүмкін емес… Леонардо да Винчидің «Джокондасы» қанша тұрады, ал Рембранд «Жас жігіттің портретінің» құны қанша? Ақшамен бағаланбайтын дүниелер бар. Оларды сату мүмкін емес, сатуға болмайды. Ал жарайды. Алматыдағы Көктөбенің құны қанша? Ал соны сатып жіберелік! Немесе Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» қартинасын еске түсірейік. Бұл жай кино емес, киноконцерт сынды. Қазір осы тектес дүние түсіріп, прокатқа шығарып көріңізші? Бұндай өнім касса жинамақ түгіл, өз шығынын да ақтай алмайды. Киноны бағалауда ақша бірінші орынға шыққанда, нағыз шығармашыл суретшілердің тіршілік жасау құқығынан айыратынымызды мойындау керек. Киноның тек бизнеске айналуы – үлкен қайғы.

– Әрине, бірақ бұнда кішкентай нюанс бар, кинодағы бизнеспен қатар, саяси тапсырыс та қосарланып, көп түсетін болды ғой? Әлде олай емес пе?

– Солайы, солай! Бұндай жағдай әркез болған. Кеңес Одағында да, гитлерлік Германияда да, Голливудта да бар ондай. Саясаткерлер киноға өз идеологиясын жеткізуші құрал ретінде қарайды. Біздің мемлекет те бұл үрдістен шет қалмақ емес. Бұл жердегі сөз тапсырыс туралы болып тұр. Қазіргі кезде мемлекет – жетекші кинопродюссер. Бұл ұнай ма, ұнамай ма, бірақ ол Қазақстанда кино түсіру үшін қажетті қаржыны беретін тұрақты, жалғыз кіріс көзі.

Ермек Турсунов_1_OFL (15).jpg

– Бұл кинопродюсер көбіне кімді, қалай түсіру керектігін нұсқай ма?

– Әрине нұсқайды! Басқалай болуы мүмкін бе?!

– Яғни мемлекет кейпіндегі тапсырыс беруші тек тақырыпты анықтап қана қоймай, сценариін бекітіп, кейіпкерді таңдай ма? Мәселен, тарихи кино түсірілетін болса, фильмде сөз болып жатқан кезеңнің белгілі тұлғалары өмірде мүлдем болмағандай сызып тасталынуы мүмкін бе?

– Әрине. «Қазақфильм» – бұл мемлекеттік қазынадан қаржы алып отырған, толығымен мемлекеттік құрылым. Кім ашқа төлесе, соның сөзі жүретіні анық жайт. Барлық уақытта осылай болған. Барлығы идеология шеңберінде. Бұрын халықтар достастығы туралы, «Қазақстан – 100 тілдің ғаламшары» атты фильмдер желісі түсірілетін. Қазір оның орнын Елбасы туралы, тарихи тұлғалар, батырлар мен хандар туралы фильмдер басты. Бұның барлығы – мемлекеттік тапсырыс. Бұл жаман да емес, өйткені нағыз суретшілердің кинолары да мемлекеттік тапсырыс болып табылады. Сондықтан да мемлекет үнемі нұсқау беріп, саяси фильм түсіре беруге болмайтынын түсінеді. Бізде кейбір суретшілерге авторлық кино түсіруге мүмкіндік береді. Меніңше, бұл жақсы үрдіс. Бұндай мүмкіндік барлық елде жоқ. Тағы бір мәселе, біздің әңгімемізді Наурыздың қарсаңында оқуға болатындықтан, барлығын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл жыл қазақтардың түсінігінде Жеті Қазынаның біріне кіретін Ит жылына қатысты. Ит әркез адамға жақын болатын. Ендеше жыл да жақсы болмақ!

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций