Әуе билеттеріне сұраныс төмендейді

Жарияланды
Бұл – әуе тасымалы деген сұраныстың 2003 жылдан бері бірінші рет төмендеуі

Коронавирус індетінің таралуы 2020 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жолаушылар тасымалына деген сұранысты 12 пайызға дейін төмендетіп жіберуі мүмкін. Әуе көлігі халықаралық қауымдасты осындай болжам жасап отыр деп жазады Интерфакс-Қазақстан. 

Бұған дейін 4,8 пайыз өсім көрсетеді деп болжанған бағыт бойынша әуе билеттеріне деген сұраныс биыл 2019 жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға төмендеуі ықтимал. Бұл деген АТР әуе компаниялары 27,8 млрд доллар кірісіне айырылады деген сөз. Оның басым бөлігі қытай әуе тасымалдаушыларына тиесілі делінген қауымдастық хабарламасында.

Әуе компаниялары басқа аймақтардан да 1,5 млрд доллар шығын шегеді. 

Жалпы COVID-19 инфекциясының әлемдік сұранысқа деген теріс ықпалы 4,7 пайызға бағаланып отыр. Желтоқсан айында қауымдастық 2020 жылы жолаушылар айналымы 4,1 пайызға өседі деп болжам жасаған еді, енді бұл  тұрғыдағы көрсеткіштер де кері кетіп жатыр. 

Бұл – әуе тасымалы деген сұраныстың 2003 жылдан бері бірінші рет төмендеуі. 

Сондай-ақ оқыңыз