Bek Air авикомпаниясының тағдыры қашан шешілмек

Жарияланды
Қазір компания қызметі уақытша тоқтатылған

Ұшағы 2019 жылғы желтоқсанда Алматы маңында апатқа ұшыраған қазақстандық Bek Air авиакомпаниясының одан арғы тағдыры туралы шешім келесі дүйсенбіде жарияланады, деп хабарлады «Қазақстанның авиация әкімшілігі» (ҚАӘ) акционерлік қоғамының бас директоры Питер Гриффитс. Бұл турасында Интерфакс-Казахстан жазған.

«Біз оқиғаны тексеруді бастадық, қазір мен комиссиямен сөйлестім, менің ойымша, келесі дүйсенбіге қарай, Bek Air-дің болашағына қатысты ақырғы кесімді күтуге болады», – деді Гриффитс «24.kz» телеарнасына берген сұқбатында.

Сонымен қатар, ол авиатасымалдаушының кезінде ішкі ұшулар үшін IOSA-ның міндетті аудитін алып тастау жөнінде бастама көтергенін еске салды.

«Олар IOSA-ның сертификатын алуға өтінім беруден бас тартқан болатын,  бұл белгілі бір алаңдаушылық тудырды. Өйткені сертификаты жоқ компанияны пайдалануды жалғастыру, бұл компанияның қызметінде бір нәрсе дұрыс емес дегенді білдіреді. Сондықтан мен бұл компанияның қалай жұмыс істегенін тексеру туралы шешім қабылдадым», – деді әкімшілік директоры.

Қазақстандық Bek Air-дің қызметі белгіленбеген мерзімге тоқтатылған. Сонымен қатар, Қазақстанның авиация әкімшілігі ұшақ құлағаннан кейін, авиатасымалдаушының пайдаланушы және ұшу жарамдығы сертификаттарын тоқтатқан.

Bek Air авиакомпаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша  ұшқан Fokker-100 ұшағы 27-желтоқсанда әуежайдан аспанға көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанына соғылып, тұрғын үйлер секторы аумағына құлаған. Апат салдарынан, 12адам қаза тапты, онң ішінде, әуе кемесінің командирі бар, 67 адам зардап шеккен, олардың 49 ауруханаларға жатқызылды. Барлығы, әуе кемесінің бортында 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.

Сондай-ақ оқыңыз