Bek Air 24-қаңтарға дейінгі барлық рейстерді алып тастады

Жарияланды (жаңартылды )
Техникалық қиындықтарға байланысты, әзірше, билеттердің ақшасы қайтарылып жатқан жоқ

Bek Air авиакомпаниясы 2020 жылғы 24-қаңтарға дейін жоспарланған барлық рейстерді алып тастады.

«Сіздерге 2020 жылғы 24 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жоспарланған барлық рейтердің ұшу кестесінен алып тасталынғанын хабарлаймыз. Билет құнын толық қайтарып алу үшін, билет сатып алынған жерге хабарласуларыңызды өтінеміз. Егер сіздер билетті авиакомпания сайтынан сатып алсаңыздар, онда ақшаны қайтарып алу үшін, сіздерге келесі электрондық поштаға: callcenter@bekair.aero сұраныс жолдау қажет. Қазіргі таңда техникалық қиындықтарға байланысты, ақшаны қайтару жүзеге асырылып жатқан жоқ. Алайда ақшаны қайтару жөніндегі барлық міндеттемелер орындалатын болады», – делінген компанияның хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, 18-қаңтарда Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы Bek Air-дің белгілеу кодын кері қайтарып алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз