Қазақстанда «Шұбаркөл Көмір» Акционерлік қоғамына қатысты тергеу басталды

Жарияланды (жаңартылды )
Көмір нарығындағы сөз байласу нышандары анықталған

Қазақстанда көмірді көтерме бағамен сататындарға қатысты тергеу басталды. Бұл турасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі комитеті хабарлайды.

Тергеу көмірді көтерме бағамен сатушылардың (Алматыда, Қарағанды жәнеЖамбыл облыстарында) экономикалық  қызметін үйлестіру белгілері бойынша басталған, осындай үйлестірудің нәтижесінде, сатушылар «Астана» тауар биржасындағы көмір көлемін өзара бөліп алу туралы сөз байласқан.
 
Сонымен қатар, «Еуразиялық сауда брокері» ЖШС брокерлік компаниясына қатысты тергеу басталған. Компания «Богатырь Комир» ЖШС-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірін көтерме бағамен сататын алты сатушының экономикалық қызметіндегі көлемді бөлу бөлігінде сөз байласуды үйлестірді деген күдікке ілінген. 

Бұдан бұрын, ҰЭМ-де көмір бағасының жоғары болуына сөз байласудың себеп болғаны туралы айтып берген болатын.

«Көмір өндіретін компаниялар және солармен қосылған трейдерлер арасындағы биржадағы сауда-саттықтағы сөз байласу, монополияға қарсы органның пайымдауынша, халыққа арналған көмір бағасының жоғары болуының негізгі себебі болған. Монополияға қарсы күрес ведомствосының ақпараты бойынша, көмірдің бір тоннасын 5,5 теңге бағасымен сатқан кезде, көмір өндіруші компаниялармен ауыз жаласқан делдалдар (жыл сайын сол баяғылар) көмір құнын 10 мың теңгеге дейін немесе екі есе көбейтіп жібереді. Көмірді басқа делдалдар халыққа қайта сатқанда, оның бағасы тоннасына 15-18 теңгеге дейін шарықтап кетеді», – деп көрсетілген 25-қыркүйекте таратылған материалдарда.
 

Сондай-ақ оқыңыз