Қазақстанда 2020 жылдан малайзиялық лоукостер ұша бастайды

Жарияланды
Алғашқы рейс ІІ-тоқсанда ашылады деп жоспарланып отыр

Малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылғы ІІ-тоқсанда Қазақстанға рейс ашу  туралы жоспарларын растады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті. 

Әуе қатынастары туралы келіссөз жүргізуге бағытталған ICAN 2019 іс-шарасы  аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиация саласының өкілдерімен келіссөз жүргізген. 

 «Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді»,– делінген хабарламада. 

Сондай-ақ оқыңыз