Twitter 22-қарашадан саяси жарнамаға тыйым салады

Жарияланды
Мұндай шешім Трамп штабы тарапынан сынға ұшырады

Қараша айынан бастап Twitter Inc өз платформасында саяси жарнамаларға тыйым салатынын мәлімдеген компанияның бас директоры Джек Дорси демократтардың қолдауына ие болса, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың штаб-пәтерінің сынына ұшырады.

«Біз Твиттердегі барлық саяси жарнаманы тоқтатуға шешім қабылдадық. Саяси ақпараттың ықпалын сатып алмай, соған лайықты болу керек деп есептейміз», – делінген Джек Дорсидің мәлімдемесінде.

Сарапшылар 22-қарашада өз күшіне енетін шектеу Twitter-дің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді деп ойламайды. Компания акцияларының құны ресми сессия аяқталғаннан кейін 1,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды Reuters.

Өзге әлеуметтік желілердің иелері, оның ішінде, Twitter-дің бәсекелесі  Facebook те бар, сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін жалған ақпарат тарататын жарнаманы орналастырудан бас тартуға итермелейтін үлкен қысымның астында қалды. 

Трамп сайлау штабының басшысы Брэд Парскейл Twitter-дің бұл қадамын «консерваторлардың үнін өшіру әрекеті» және компания акционерлерінің «өте орынсыз шешімі» деп атады. 

Сондай-ақ оқыңыз