«ҚазАгроның» тәуелсіз директорларын шетелдік мамандармен алмастырады

Жарияланды
Олар стратегиялық жоспарлау, аудит және кадр мәселелері жөніндегі комитеттерге жетекшілік ететін болады

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингін реформалау жөніндегі жоспар турасында басқарма төрағасы Ербол Карашүкеев айтып берді.

«Бізде стратегиялық жоспарлау, аудит және кадр мәселелері жөніндегі комитеттер бар. Біз басшылық құрамындағы барлық тәуелсіз директорларды шетелдік мамандармен ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұйрық жобасын шығарып та қойдық, қазір оны рәсімдеу жүріп жатыр. Олар қарашаның соңына дейін «ҚазАгроның» басқармасына кіреді және тиісті комитеттерді басқаратын болады», – деп хабарлады Қарашүкеев.

Холдингтің туелсіз директорлары ретінде келесі кандидатурлар ұсынылды:

Йорг Андреас Динкелакер – «Қазақстан-Герман саяси-аграрлық диалогы» жобасының жетекшісі. 2009-2015 жылдар аралығында Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы түрлі құрылымдарда ауылшаруашылығын дамыту, «жасыл технологиялар», энергетикалық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесші қызметін атқарды.

Майкл Ванштейн – Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің стратегия жөніндегі басшысы, «KazakhExport». АҚ-ның тәуелсіз директоры. 2009-2013 жылдар Аралығында аталмыш банктың Қазақстан бойынша тәуелсіз директоры болған. Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық кеңесі директорларының алқасында жұмыс істеген. 

Игорь Абрамов – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, Allur компаниялары тобының тәуелсіз директоры. 1997-2008 жылдар аралығында АҚШ Сауда министрлігінің Халықаралық сауда басқармасында Тиімді басқару бағдарламасының директоры ретінде Ресей, Украина және Евразия бойынша аға кеңесшісі болып жұмыс істеген. 

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 15-шілдесіндегі үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстана президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгроның» шығымен жұмыс істеу мәселесін шешу бойынша, оның ішінде, осы холдингті басқаруға шетелдік мамандарды тарта отырып, шаралар дайындау жөнінде тапсырма берген-ді.

Сондай-ақ оқыңыз