Apple компаниясының тоқсандық кірісі артты

Опубликовано
Бұл компания тарихындағы рекордтық көрсеткіш

Apple компаниясының тоқсандық кірісі 2 пайызға артып, 64 миллиард долларға жетті. Бұл ақпарат компанияның сәрсенбіде жарияланған есебінде келтірілген, деп хабарлайды ТАСС агентігі.

«Біз 2019 қаржы жылғы төртінші тоқсанды табысты аяқтадық. Оған біз ұсынатын қызметтер, өзімен алып жүретін электроника және iPad сегментінің жылдам өсуі себеп», – деп атап өтті Тим Кук.

Ол 2019 қаржылық жылдың IV тоқсанында Apple өнімдерін сатудан түскен кіріс рекордтық деңгейге жетіп, 12,5 млрд долларды құрады, деп нақтылап өтті. 

Бұл тоқсандағы таза пайда $13,686 млрд құрады, ол 2018 жылғы дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 14,125 млрд долларға аз. Солтүстік және Оңтүстік Америкада сату көлемі $29,3 млрд болса, Еуропада – $14,946 млрд, Қытайда – $11,134 млрд, Жапонияда – $4,982 млрд, Азия-Тынық мұхиты аймағында 3,656 млрд долларға жеткен.

Өзге тауарлармен салыстырғанда, компанияға ең көп кіріс әкелетін өнім – iPhone смартфондары. 2019 қаржы жылының төртінші тоқсанында iPhone-ның сатылым көлемі $33,362 млрд құраса, бұл көрсеткіш былтыр $ 36,755 млрд көлемінде қалыптасқан. Сондай-ақ, компания  жалпы құны 6,991 млрд долларға iMac компьютерлерін, 4,656 млрд долларға iPad планшеттерін сатқан.

Айта кетейік, 29-маусымда аяқталған 2019 жылдың үшінші тоқсанында Apple компаниясының табысы $10,04 млрд құрады, ал 2018 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 11,5 млрд долларға тең болған. 

Негізі 1976 жылы қаланған Apple компаниясы iPhone смартфондарын, iPad планшеттерін, iMac компьютерлерін, MacBook ноутбуктарын, iPod музыкалық плеерлерін және басқа да жоғары технологиялық жабдықтарды шығарады. Штаб-пәтері Купертино қаласында орналасқан  корпорация – әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 2018 жылдың күзінде компанияның нарықтық капиталы 1 трлн доллардан асқанымен, дәл қазір, шамамен, 960 млрд долларға дейін төмендеп кетті.

Читайте также