Перейти к основному содержанию

bavaria_seasonX_1200x120.gif


16954 просмотра

Актюбинский рельсобалочный завод планирует экспортировать 30% продукции

ТОО «Актюбинский рельсобалочный завод» (АРБЗ), строительство которого профинансировано «Банком Развития Казахстана», с начала текущего года произвел 8 000 тонн рельсовой продукции, в том числе 6 500 тонн на сумму 1,3 млрд тенге было отгружено на внутренний рынок

ТОО «Актюбинский рельсобалочный завод» (АРБЗ), строительство которого профинансировано «Банком Развития Казахстана», с начала текущего года произвел 8 000 тонн рельсовой продукции, в том числе 6 500 тонн на сумму 1,3 млрд тенге было отгружено на внутренний рынок. На сегодняшний день в числе покупателей продукции АРБЗ филиал АО «НК КТЖ «Дирекция магистральной сети», ТОО «Теміржол жөндеу», ТОО «Компания «Жол жөндеуші», ТОО «Концерн «Найза-Құрылыс», ТОО «Теміржол Құрылыс Жоба», ТОО «Индастри ЛТД».

Всего в текущем году АРБЗ планирует выпустить порядка 100 000 тонн рельсовой продукции, из которых более 70% будет поставлено для нужд АО «НК «Қазақстан темір жолы», 30% - на экспорт в соседние страны. Так, планируемый объем поставки в Узбекистан составит 13 000 тонн, Таджикистан – 5 000 тонн, Белоруссию – 5 000 тонн, Грузию – 4 700 тонн, Кыргызстан – 1 000 тонн, сообщает пресс-служба Банка развития Казахстана.

На 2017 год запланирован выпуск крупносортового фасонного проката. После выхода на полную проектную мощность в 2018 году завод будет выпускать 430 000 тонн проката в год, в том числе 200 000 тонн термоупрочненных длинномерных (до 120 м) рельс для высокоскоростных магистралей, 230 000 тонн фасонной продукции для строительного сектора. Общая стоимость проекта строительства АРБЗ составила 82,707 млрд тенге, до 70% необходимого финансирования было предоставлено со стороны БРК, срок займа – до 20 лет.

Строительство АРБЗ началось в апреле 2013 года. Проект реализован в рамках Государственной программы индустриально-инновационного развития Казахстана на 2015-2019 годы (ГПИИР-2). В рамках проекта по состоянию на 7 июля освоено около 86,8% предусмотренного со стороны БРК объема финансирования. В марте текущего года решением уполномоченных органов БРК было одобрено внесение изменений в условия финансирования проекта, включающих конвертацию задолженности из долларов США в тенге, увеличение срока займа до 20 лет с 15 лет. В результате задолженность АРБЗ перед БРК на сумму $140 542 905,91 была сконвертирована в национальную валюту.

«Осуществить все этапы строительства высокотехнологичного комплекса с «нуля» удалось благодаря долгосрочному финансированию со стороны БРК. Весь объем планируемой к производству продукции на текущий год уже законтрактован. С целью расширения географии поставок мы проводим дополнительную аттестацию и испытания рельс АРБЗ на базе полигона Московского научно-исследовательского института железного транспорта. Изменение условий финансирования проекта со стороны БРК позволило предприятию нивелировать валютные риски, а также снизить долговую нагрузку», - отметил генеральный директор АРБЗ Андрей Кузьмин.

Отметим, что для финансирования проектов ГПИИР-2 банку было выделено 75 млрд тенге средств Национального фонда. По состоянию на 7 июля нынешнего года первый транш полностью освоен, всего на указанную дату БРК профинансировано семь проектов на сумму 153,95 млрд тенге, включая средства Национального фонда и собственные средства БРК. В числе проектов - внедрение сетей LTE/GSM/UMTS на всей территории РК (АО «Алтел»), создание комплекса по производству железнодорожных колес в Павлодарской области (ТОО «Проммашкомплект»), строительство рельсобалочного завода в Актобе (ТОО «Актюбинский рельсобалочный завод»), газификация пяти населенных пунктов в Кызылординской области (АО «КазТрансГаз Аймак»), модернизация завода по производству минеральных удобрений в Мангистауской области (ТОО «КазАзот»), производство моторных топлив эко-класса К5 (АО «Конденсат»), строительство завода по производству цианистого натрия мощностью 15 000 тонн в Каратау (ТОО «Talas Investment Company»).


116 просмотров

Константин Федорец, «Рахат» АҚ басқарма төрағасы: «Кондитерлік іс – стартап үшін керемет идея емес...»

Константин Федорец Kursiv.kz сайтына кондитер нарығының даму қарқыны қандай, бұл салада бос ниша бар ма және кәрістермен әріптестік «Рахат» кондитер фабрикасына қалай әсер етіп жатқаны туралы әңгімелеп берді

Фото: Офелия Жакаева

Кондитер нарығының дамуы қандай, бос жатқан ниша бар ма, Алматы кондитер фабрикасына кәрістермен бірлесу қалай әсер еткені жайлы «Рахат» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец айтып берді. 

–Кондитер нарығының қазіргі ахуалын қалай бағалайсыз? 2000-жылдармен салыстырғанда, кондитерлердің өмірі қалай өзгерді?

–Нарық туралы айтар болсақ, ол қарқынды дамып келеді, 2000-жылдармен салыстырғанда, нарық ойыншыларының қатары негізінен ТМД өндірушілері есебінен көбейді. Басым бөлігі – Ресей, Украина, Беларусь кәсіпкерлері. Аталмыш елдердің барлық дерлік өндірушілерінің өнімі отандық дүкен сөрелерінде толып тұр, соның әсерінен бәсекелестік те артып келеді. Жаңа ойыншылар үшін қандай мүмкіндік бар дегенге келер болсақ, бәсекелестік жоғары болғандықтан, мүмкіндік аз. Біздің нарық – кемелденген, қалыптасқан нарық, сондықтан оған кіру қиын. Оған қоса өндірісі технологиялық тұрғыда өте қиын болғандықтан, шикізатқа, қызметкерлерге, өнім шығару үрдісіне қойылатын талаптар да жоғары. Сондықтан, бизнесті  тәтті шығарудан, әсіресе ірі кондитер ретінде бастау – ең керемет идея емес дер едім.  Шағын жобалар үшін нарықтан орын табылып та қалар. 

–Мәселен, қандай?

–Айталық, жергілікті нарыққа арналған, крафттық жобалар. Кондитерлер тек торт пен тәтті бәліш пісіріп қана қоймай, шоколад та әзірлеп жүр. Негізінен олар шоколадты ірі өндірушілер шығарған шоколадтан жасайды. Шағын кондитер шығарған тәттінің дәмі ірі  фабриканың өнімінен өзгеше болатынын естен шығармаған жөн. Кез-келген кондитер какао ұнтағы немесе какао дәнін сатып алып, оны шоколадқа айналдыра алмайды, өйткені бұл – қымбат құрал-жабдықта жасалатын өте қиын технологиялық іс. Ал крафттық пісірмелер, печеньенің болашағы бар. Нешетүрлі, ерекше өнімді жақсы көретін, соны іздеп жүретін тұтынушыларды тартуға болады. 

–Қазір өндірушілерге мемлекет қолдауы қажет деген сөзді жиі естиміз. Ал кондитерлерге мемлекеттен не керек?

–Ең маңыздысы және қажеттісі  – нарықтың барлық өкілдеріне бірдей жағдай жасау. Ірі өндірушілерге  бүкіл нарық өкілдері Кедендік Одақ талаптарына сай жұмыс істеуі және осы талаптардың орындалуын мемлекеттің қатаң қадағалағаны керек. Мәселенің бәрі шикізат құрамына қатысты туындайды. Регламент бар ма, өндірушілер соны ұстануы шарт. Егер қатаң бақылау болса, импортерлер мен жергілікті өндірушілерге азды-көпті тең жағдай жасалар еді. Іс жүзінде жергілікті өндірушілер регламентті қатаң ұстанады. 

–Ал Кедендік одақ салаға қалай әсер етті? Қазақстандық кондитерлер бәсекеге қаншалықты қабілетті? 

–Кедендік одақ құрылмай тұрып, барлық импортерлердің мүмкіндіктері тең еді. Қазір Кедендік одақ аясында импортерлердің жағдайы әрқалай: Кедендік одақ аймағында өндіріс орны барларға бірегей кеңістікте баж салығы мен басқа да салықтың салынбауы үлкен артықшылық болып тұр. 

Халықаралық деңгейдегі көптеген ірі ойыншылардың Ресейде өндіріс орны бар, әлемдік бренд болса да, жергілікті нарық өкілі саналады.
 
Әрине, олардың деңгейін де естен шығармаған жөн. Ірі өндірушілер шикізат сатып алуда да жеңілдікке ие, ол айналып келіп өнімнің нақты құнына әсер етеді. Айталық, Ресейдің кез-келген ірі кондитерлік фабрикасының қамтитын ауқымы бүкіл қазақстандық өндірушілерді қоса алғаннан да үлкен. Сәйкесінше, шикізат алу бағасы да, маркетинг бюджеті да басқа. Кондитерлік алыптардың бюджеті, қазақстандық нарықтың ең ірі ойыншысы – «Рахаттың» бюджетінен ондаған есе көп. 

–Кедендік одақ аясында экспортқа есік кеңінен ашылуы керек еді, бірақ тауарлық белгі мәселесі оны тежеп тұрған секілді...

–Импорттық тауарларды шекарадан өкізер кезде тексеретін Кондитерлер қауымдастығына алғыс айтамыз, олардың қол жетпегенін өзіміз тексереміз, өйткені біздің де қорғалған тауарлық бегілеріміз, патентіміз бар. Тауарлық белгі мәселесі де аздап  реттелді, бірақ толық шешімін тапты деп айта алмаймын. Егер бұл қорғалған тауарлық белгі болса, мәселен, «Көктем» деп алайық, ол «Весна» конфетінен бөлек екені анық. Ал Ресейде жағдай сәл басқаша. Экспорттың жалпы алғанда, артықшылығы бар, қазір бізге Ресей нарығы ашық, ол жақта өз өнімімізді сатып та жатырмыз. Алайда көрші ел нарығына экспортымыз төмендеп келеді, өйткені кейбір «Зеленый кузнечик» және «Кузнечик», «Зазнайка» немесе  «Зайка» сынды тауарлық бегілеріміз өте ұқсас. Бұл конфеттердің барлығы Кеңес Одағының мұрасы, оларды пайдалану құқығы ресейлік кондитерлерге тиесілі. Бірақ біз «Зазнайка» деген тура сол «Зайка» емес, ал «Ракушка-завитушка» конфеті «Рачкиден» мүлдем бөлек деп есептейміз. Десе де ірі  көтерме саудадағы клиенттеріміз бұл өнімдерді сатылымнан алып тастауға мәжбүр, сондықтан осы мәселе біз үшін әлі де өзекті болып тұр.
 
–Ал бірлескен кондитерлермен осы тұрғыда келісудің жолы жоқ па?

–Кондитерлердің ұстанымын да түсінуге болады. Олар өз нарығы мен үлесін қорғап жатыр. Тауарлық белгілер де сондай. Оны бірге пайдаланайық деп ұсыныс тастауға болады әрине, бірақ пайдаланғаның үшін де ақы төлеу қажет, бұл экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Онда экспортқа шығудың қажет қанша? Қажеті жоқ секілді. Сондықтан келісімге келуіміз екіталай. Бұл ретте атауы таза қазақша конфеттерді экспорттауды жалғастырамыз, өйткені оған ешкімнің таласы жоқ, оны Ресей аймағында тіркеу мүмкін емес. Әрине бұл біздің мүмкіндігімізді шектейді, алайда біз үшін басты нарық – Қазақстан. Біз – қазақстандық тұтынушы үшін отандық өнім шығаратын  жергілікті өндірушіміз.

DSC06056.JPG

–Ал қазақстандық тұтынушылар өнімнің қымбаттауын қалай қабылдап жатыр?

–Әрине, қымбатшылық тұтынушының қалтасына салмақ салары анық, дегенмен отандастарымыздың патриоттығын ерекше атап өткім келеді. Әсіресе кондитерлік салада бұл айқын байқалады, өйткені шетелдік арзан өнімді емес, қазақстандық конфеттерді саналы түрде таңдайтындар бар. Шетелге шыққан азаматтар отандық өнімнің сапалы екенін бірден байқайды. Өзім де қазақстандық өнім өзгелерге қарағанда сапалы деп санаймын, ал тұтынушы таңдауына әрқашан сапа әсер етеді.

–Ассортиментті кеңейту немесе қысқарту жоспарда бар ма?

–Қазір бізде 400-ден аса аталым бар. Жалпы, ассортимент деген – сұранысқа байланысты өзгеріп отыратын дүние. Әлі де нарыққа шықпаған аталымдар бар, соларға стратегиялық тұрғыда басымдық беріп отырмыз, жақын арада жаңа өнім түрлері де шығып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, белгілі бір себептерге байланысты уақыты өткен, сұранысы төмен тәттілер де бар. Бұл қалыпты жағдай. Негізінен жоғарыда аталған 400 аталымды шығаруды ары қарай жалғастыра береміз.
 
–Ал қандай өнімдерге сұраныс жоқ?

– Айталық, иристің заманы өтіп барады, өйткені ирис – ескінің өнімі, қазір оны басқа конфет түрлері алмастырып жатыр. Бисквит тобындағы вафлидің дәмімен түрлі тәжірибе жасап көріп едік, ол да сұранысқа ие болмай шықты. Сұранысы төмендеген шоколадты конфеттер де бар. Бұл жақсы да, жаман да емес, нақты дерек қана. 

–Ал Шымкентте печеньеден басқа не өндіресіздер, фабриканы сол жақта ашуларыңызға не себеп?

–Фабриканы 2013 жылы сатып алдық. Халқы тығыз орналасқан, жас, қарқынды түрде өсіп келе жатқан аймақта фабриканың оналасуы – стратегиялық шешім. Бұл ғимараттың өзі кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында америкалық жоба бойынша салынған, техникалық жабдықталуы мен инфрақұрылымы жақсы. Ғимараты да кондитерлік фабрикаға ыңғайланып салынған, 2000-ж дейін ол жерде Шымкент кондитер фабрикасы жұмыс істеген, кейін темекі өнімдерін шығаратын өндіріс орналасқан. Біз ғимаратты құрал-жабдық пен техникасыз сатып алдық, дегенмен бұл өте маңызы және стратегиялық қадам болды. 

Фабрика бисквит өнімдерін, зефир мен мармелад, карамельдердің бірнеше түрін шығарып, бүкіл өнім көлемінің 27 пайызын құрайды. Ол жақта 1,5 мың адам жұмыс істейді. Шымкент – өндірісті дамытуға өте қолайлы қала. Жұмысқа деген сұраныс та жоғары, жоғары білікті мамандар да жеткілікті. Биыл мармелад өндіретін тағы бір өндіріс желісін қосуды жоспарлап отырмыз, келер жылы печенье өндірісін жолға қоймақпыз. Инвестиция салу және даму тұрғысынан басымдық беріп отырған бағытымыз – осы. Қазір оның жүктемесі 90 пайыздан асты, ал 2800 адамды жұмыспен қамтып отырған алматылық фабриканың жүктемесі 105 пайызға жетіп қалды. Әзірге қосымша өндіріс орынын салуды жоспарлап отырған жоқпыз. 

– Ал салынатын инвестиция көлемі қанша?

–2018 жылы 3,7 млрд теңге инвестиция салынды. Биыл да өндіріске осы көлемдегі қаржыны құямыз. Инвестиция өндірісті дамытуға жұмсалады, бұл біздің өз қаржымыз. Lotte одан дивидент алмайды, түскен табыстың барлығы өндірісті ары қарай дамыту үшін «Рахатта» жинақталады. Бізде қаржылық тапшылық жоқ, банктен несие алмаймыз. Тіпті төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардан бас тартамыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалары бар, кейде іске қосылған өндірістің 30 пайызына дейін субсидиялайды. Егер бізді шақырса, оған біз қуана қатысамыз.
 
–Әдетте керісінше болып жатады...

–Енді бізде солай болып тұр, әрине ұсыныстан бас тартқан ақымақтық та шығар. Ондай ұсыныс жасалмаған күннің өзінде, әу баста оған басымдық бермегендіктен, өз тіршілігімізді жалғастыра береміз. Ал өзге өндірушілерге келер болсақ, бұл жақсы мүмкіндік, осы мүмкіндікті құр жібермей, демеуқаржыны игергені дұрыс. 

–Lotte әзірге дивидент алмайды дедіңіз. Бұл уақытша шара ма? Оның нақты белгіленген шекті мерзімі бар ма?

– Бұл стратегиялық әдіс. Кәрістерге нарыққа кіріп, өз позицияларын таңдап, табыс тауып, жергілікті бағытты дамытқан тиімді. Lotte секілді алып компания Қазақстанда тапқан қаржыға мұқтаж емес. Әзірге ешқандай шек қойылған жоқ, оның үстіне Lotte біздің жұмысымызға тек инвестжобаларды қорғау мен стратегия әзірлеу кезеңінде ғана араласады. Не өндірістік жоспарға, не рецептураға араласпайды, жылдар бойы қалыптасқан дәстүр мен сапаға құрметпен қарайды. Олар бізге жергілікті нарыққа жаңа өнім шығару мүмкіндігін беріп отыр. Кәріс әріптестеріміздің өнімін шығару – біздің жеке шешіміміз. Бірнеше брендті нарыққа табысты кіргіздік, көктемде тағы жаңа өнімдерді шығарамыз. Сапасы тексерілген өнімді нарыққа шығару мүмкіндігі туып тұрса, оны неге қолданбасқа? Әрине арзан емес, дегенмен тұтынушының қалтасы көтеретіндей.  Кей-поп мәдениеті Қазақстанда өте танымал, басқа ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, олардың өнімдеріне де сұраныс үлкен. Бұл жақсы үрдіс, қазақстандық жастар қарқынды дамып жатқан елдің ерекше мәдениетіне қызығушылық танытып жатқаны тамаша емес пе? Кей-поп АҚШ-та да танымал. Бұл – бүкіләлемдік жаңа тренд. Ендеше оны неге пайдаланбасқа?

–Сіз өнім сапасы мен қалыптасқан дәстүрді сақтауға көп мән бересіз. Дегенмен кейінгі кезде көпшілік тәттілердің дәмі өзгергенін айтады...

–«Өнімнің дәмі өзгерген» деген пікірді естіп те, оқып та жүрміз. Алайда көп жылдық тарихы, қалыптасқан дәстүрі бар өндіруші ретінде оған бей-жай қарай алмаймыз. Бұрын тұтынушының таңдауы аз еді, нарықта өнім түрлері қазіргідей самсап тұрмайтын, сондықтан салыстыру мүмкіндігі де болмады. Ал қазір біздің шекарамыз ашық, көпшіліктің саяхатқа шығып, ел аралап, түрлі өнімдердің дәмін татып көруіне мүмкіндігі зор. Тәттілер – балалық шақтың дәмі, сондықтан бала кезде, қиын шақта жеген «құйқаның дәмі таңдайдан кетпейді». Ал өнім құрамына келер болсақ, сол қалпы, өзгерген ештеңе жоқ. Әлі де ең сапалы шикізат қолданылады. Елдің бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес, сынап-мінейтіндер әркез табылады. Өнім сапасы мен дәміне қойылатын талап бірдей болу үшін, сын тағушылардан әркез «сіз қазір не жеп жүрсіз және оның бағасы қанша?» деп сұрағым келеді. Тіпті сынап-мінейтіндердің өздері біздің өнімдерді шетелдіктерге мақтанышпен сыйлап, шетелге базарлық, сарқыт ретінде алып барып жатады. 

–Ал дайын өнімге соя мен пальма майы қосылуына қатысты айтар қандай уәжіңіз бар?

–Шоколадқа соя қосуға келер болсақ, бұл үнемі айтылып жүрген дүние. Естеріңізде ме, Кеңес Одағы кезінде «Пальма» деп аталатын соя плиткасы бар еді ғой. Ол шоколадтан үш есе арзан тұратын, таңдайға жабысқаны – жабысқан, иісі де какао секілді емес, дәмі де нашар еді. Ал қазір тура осы шоколадты қайтадан шығарғыңыз келсе де, ол өте қымбатқа түсер еді, тіпті табиғи какаодан жасалған шоколадтан да қымбат, оған қоса дәмі де нашар. Ендеше соядан шоколад жасаудың қажеті қанша? Шоколадтың құрамында соя бар деген ойға қаптамасындағы «соя лецитині» деген жазу жетелейді. Ал лецитин деген – өнімнің жабысқақтығына, тұтқырлығына әсер ететін табиғи эмульгатор. Ол шоколад өндірісінде  бұрыннан бар, өндірушілердің барлығы қолданады, онсыз шоколадты қалыпқа келтіру мүмкін емес: не қоқымдалып, не жайылып кетеді. Өнімнің жалпы салмағының 0,5 пайызын ғана құрайды. Лецитин – табиғи өнім, ол кез-келген ағза жасушасының, жасуша қабығының құрамына кіреді, мамандығым дәрігер болғандықтан, ол туралы ұзақ әңгімелеп бере аламын. Ал соя лецитині – шоколад өндірісінде қолдануға ең ыңғайлы, табиғи өнім, онсыз шоколад шығару мүмкін емес. Ал ірі көлемде шоколад өндірушілер тәттіге лецитин қоспаймыз десе, олардың жұқалап айтсақ, қулыққа басып отырғаны.

Пальма майына қатысты жағдай тура осындай. Ол кондитерлік өнімдерде бұрыннан пайдаланылады. Бұл – өсімдік майының бір түрі. Бір кезде маргарин мен басқа да синтетикалық май өндірушілер «пальма майы – зиян өнім»  деген шу көтерді. Ал пальма майының ішінде де әртүрлісі бар. Трансзимері төмен қымбат пальма майы бар, біз соны пайдаланамыз. Жергілікті кондитерлер арзан пальма майын қолданбайды. Оның үстіне күнбағыс майын, рапс майын және сары майды қолдануға болмайды. Бұл майларды тек үй жағдайында тәтті пісіргенде пайдалана аламыз, өйткені олар ұзақ сақтауға шыдамайды. Айталық сары майға піскен өнімнің дәмі үшінші күні-ақ бұзылып кетсе, ал сұйық май қолданылған өнімнің сақтау мерзімі – 18 күн ғана. Ал пальма майы пайдаланылған өнімді ұзақ уақыт сақтауға болады, оған қоса, пальма майы толығымен қорытылып, таралып кетеді. 

DSC06049.JPG

–Ал өндіріске қажетті шикізатты қайдан аласыздар, жергілікті өнімнен, ұннан басқа қандай шикізат қолданылады?

–Ұннан басқа... су ғана шығар. Тұзды Беларусь пен Польшадан әкелсек, қантты Украина, Польша мен Ресейден, Германиядан тасымалдаймыз, жаңғақты – Бразилия, Калифорния, Испания, Түркия, Вьетнамнан, қара өрікті – Испаниядан, өрік-мейізді – Түркиядан, ал шиені Сербиядан алып келеміз. Ал ұн –отандық, сапасы жақсы. Ал хош иісті қоспаларды Австриядан алдырамыз. Біздің технологтарымыз өте қатаң, оларды экономикалық қиындықтар қызықтырмайды, бұл тұрғыда біз оларды қолдаймыз. Картон қорап – қазақстандық, қалғаны Ресей мен Еуропадан келеді. 

–Қант мәселесі күздегідей өте өткір болмаса да, әлі де өзектілігін жойған жоқ. Былтырғы жағдай қайталануы мүмкін бе: Ресей қант құнын көтереді, Қазақстан қажет мөлшерде өндіре алмайды, оған қоса Кедендік Одаққа кірмейтін елдерден қант тасуға берілген жеңілдік мерзімі де биыл аяқталады?

–2019 жылы жеңілдік мерзімі бітеді. Қантқа қатысты жағдай жергілікті өндірушілер өндіріс көлемін жыл сайын арттырып отыруы қажеттігін байқатады. Қазақстандық өндірушілер уәде етілген көлемде қант шығаратынына сенемін. Басқа жол жоқ... Берілген уәде мен міндеттемелерді орындауға тура келеді. Қант бағасына келер болсақ, қазір оның құны шарықтап тұр, жеңілдік уақытының аяқталуы қант бағасына қатты әсер ете қояды деп ойламаймын. Оның үстіне нарыққа алыс шетелдерден тасымалданатын емес, ТМД аумағында өндірілетін қант бағасы әсер етеді. Ал ішкі нарықта оның бағасы өте жоғары.

– Биыл күзде жағдай сәл-пәл тұрақтана ма?

–Қант – құны құбылып тұратын, егін шығымына өте тәуелді тауар. Өткен жылы Германияда құрғақшылық болды, ал Ресейде өнімді кеш жинап, ол жаңбыр маусымымен қатар кеп қалды – қанттың әлемдік және ресейлік нарықта қымбаттауына әкеп соққан осы сынды сәйкестік, себеп көп. Қазір ұн мен қант өндірушілерімен тығыз байланыстамыз, олар ауа райы болжамын нақты беретін агенттіктерді үнемі бақылап, болжамын қадағалап отырады. Болжам бойынша биыл өнім жақсы түсуі тиіс, сәйкесінше баға да төмен. Болашақта жағдай тұрақтанады деп сенеміз.

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

В Казахстане недавно обновился кабинет министров во главе с премьер-министром. Как Вы считаете, на какие проблемы нужно обратить внимание новому правительству прежде всего?

Варианты

Цифра дня

29
лет
возглавлял Казахстан Нурсултан Назарбаев

Цитата дня

Как президент Казахстана я принял решение о сложении полномочий...

нурсултан назарбаев
Президент Казахстана

Спецпроекты

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank