Перейти к основному содержанию

b1_lexus.jpg


230 просмотров

Цены на новое жилье в Казахстане выросли на 0,2%

В среднем по республике цена продажи 1 квадратного метра нового жилья составила в октябре 2018 года 265 319 тенге

Фото: shutterstock.com

Цены продажи нового и перепродажи благоустроенного жилья в октябре 2018 года по сравнению с предыдущим месяцем повысились на 0,2%, сообщает Комитет по статистике МНЭ РК.

Согласно статданным, цены на вторичном рынке на неблагоустроенное жилье выросли на 0,2%, а на благоустроенное остались на уровне прошлого месяца. Арендная плата за благоустроенное жилье понизилась на 0,1%.

1003.png

В среднем по республике цена продажи 1 квадратного метра нового жилья составила в октябре 2018 года 265 319 тенге, перепродаваемого благоустроенного жилья – 184 851 тенге, неблагоустроенного жилья – 114 260 тенге, аренды благоустроенного жилья – 1366 тенге за кв. м, отмечается в сообщении.

 


72 просмотра

2018 жыл жылжымайтын мүлік нарығында несімен есте қалды?

Сала мамандары «Курсивке» өткен жылдағы жылмайтын мүлікті сату мен жалға алудың ерекшеліктері туралы, сонымен қатар жаңа ипотекалық бағдарламаның нарыққа қалай әсер еткені жайында айтып берді

Фото: shutterstock.com

Тұрақтылық, келісім-шарттардың артуы, «7-20-25» бағдарламасының қабылдануы – осының барлығы жылжымайтын мүлік нарығында есте қалар оқиғалар. Мамандар жылжымайтын мүлікті сату мен жалға алудың 2018 жылғы ерекшеліктері мен жаңа ипотекалық бағдарламаның нарыққа қалай әсер еткенін айтып берді.  

Лариса Степаненко, «Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығы» ЗТБ президенті:  

– Кейбір ойыншылар 2017 жылдың аяғында тоқырау болады деп болжап, ал өзгелері нарық өсім көрсетеді деп үміттенгеніне қарамастан, 2018 жыл азды-көпті тұрақтылық байқатты. Нарықтағы ойыншылардың басым көпшілігі – сатушылар, олардың доллар бағамынан алшақ кете алмай, жылжымайтын мүлік бойынша жасалған келісімде міндетті түрде курс көрсеткішіне бейімделетінін түсіну керек, соның салдарынан сатылатын нысанның бағасы бірде арзандап, бірде қымбаттап тұрады. Негізінде, біз 2018 жылы қайталама нарықта мәміле қатарының артатынын күні бұрын білгенміз, яғни, бұл бағытта тұрақтылық сақталды, жалпы алғанда біздің үмітіміз ақталғандай. Атап айтсақ, жасалған келісім-шарттардың 45 пайызы қайталама нарық еншісінде.  

Қабылданған жаңа бағдарламалар есебінен бастапқы нарықтың дамуы байқалды. Оның үлессалмағы қомақты деп айтпас едім, дегенмен дәл осы келісімдер бастапқы нарықтағы сату-сатып алу мәлімелелер санының тұрақтылығын айқындайды. Айта кету керек, «7-20-25» бағдарламасы өз күшіне енген соң ғана, бастапқы нарықта оның талаптарына сай келетін тұрғын үйлер аз екені анықталды, өтінімдердің тек 30-дан бір бөлігі қанағаттандырылған. Мәселе мынада, жаңа тұрғын үйлердің кез-келгені бағдарлама талабына сай келе бермейтіні анықталды, шаршыметрдің бағасы бағдарламада бекітілген шектен жоғары немесе үйлердің шаршыметр ауданы бағдарламада бекітілген қаржыға сай болмай жатты. 

Дәл осы жағдай сатып алушыларға да, құрылыс компанияларына да 2019 жылдың негізгі бағытын айқындап берді деген ойдамын. Яғни, құрылыс компанияларының клиенттері «7-20-25» бағдарламасына емін-еркін қатысып, сату-сатып алу туралы шарт жасауы үшін тұрғын үй ауданы қандай болу керектігін көрсетті.  

Осы орайда, қайталама нарықтан үй алуға мүмкіндік беретін «Баспана-Хит» бағдарламасының іске қосылғаны көңіл аударарлық жайт, өйткені, арзандау үй алғысы келетін сатып алушылардың қарасы қалың. Жалпы, жасалған келісім-шарттар бойынша жыл соңындағы мәліметтерді талдасақ, 2017 жылмен салыстырғанда, бұл келісім-шарттардың қатары 15 пайызға артқан.   

Жалға алу нарығын да ерекше атап өткен жөн, өйткені, ол 2018 жылы соғы жылдары бұрын-соңғы байқалмаған ұзақмерзімді тұрақтылық көрсетті.  Студенттердің қалаға қайтар шағында, шілде-тамыз айларында бағаның тұрақты түрде өсетінін білеміз. Біраз қымбаттап барып, қыркүйектің ортасына таман өз қалпына келетін. Жылжымайтын мүлік агенттігіне түскен өтінімдерді талдасақ, әрине, бірінші кезекте студенттер тұрғаны даусыз, екінші орынға келісім-шарт бойынша шақырылған мамандардың жайғасқаны көңіл аударарлық. Меніңше, Алматы нарығына кірген көптеген компаниялар сырттан маман шақырып, солар кемінде 1-3 жыл тұратын жылжымайтын мүлікке өтінім  тастайды, мұндай сұраныс факторлары бағаның жоғары деңгейде тұрақтануына ықпал етеді. Шілденің соңы, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша айларында жалдамалы тұрғын үй құны тұрақты түрде жоғары болды. Тағы қоса кететін жайт, олардың 60-70 пайызы эконом-кластың үлесінде, қалғаны бизнес және комфорт санатындағы үйлер. Элиталық үйлердің саны сату-сатып алу бойынша да, жалға алу бойынша да аз, жылдық пайыздық үлесі де шағын.  

Жігер Қайыргелдин, ALEM жылжымайтын мүлік агенттінің директоры:  

– Жалпы алғанда, жыл жаман болған жоқ, ол жылжымайтын мүлік нарығында жасалған келісім-шарттардың артуымен есте қалады. Егер алдыңғы жылы қайталама нарық алдыңғы сапта болса, 2018-де қайталама нарық қарқын алып, аталмыш нарықта жасалған мәміле саны артты. Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік, қаңтар-қазан айларында тұрғын үй бағасы қымбаттады. 2018 жылдың қатар айыннан, бәрінен бұрын Шымкетте тұрғын үй бағасы қатты көтерілді – 10 пайыздан артық. Екінші орында – Өскемен қаласы. Шаршы метрі 342 мыңнан 360 мыңға қымбаттап, 5,1 пайыз өсім көрсеткен Алматы қаласы – үшінші орында. Нарық болғандықтан, тұрғын үй бағасы да құбылып тұруы тиіс. Әрине, оған доллар бағамы да әсер ететіні анық.  

Қазақстандықтар доллардан жиі бас тартып, жылжымайтын мүлік бағасын теңгемен белгілеп, ұлттық валютада есеп айырысуға көшкенін айтып өткім келеді. Доллар бағамына байланбай, қаржылық есеп айырысудың барлығын ұлттық валютада жасасақ, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай қазіргіден де тұрақты болатынына сенімдімін. «7-20-25» бағдарламасын қоса алғанда, сатып алушыларға тиімді шарттармен тұрғын үй алуына мүмкіндік беретін тартымды ипотекалық бағдарламалар белсенді түрде жетілдіріліп жатыр. Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламалары – бір жағынан, мемлекет қамқорлығының белгісі болса, екінші жағынан, елдегі банктер мен нарықтық жүйе қазақстандықтарды қалта көтеретін қолжетімді ипотекалық бағдарламамен қамтамасыз ете алмай отырғанының көрінісі.  

Нұрлан Әлібаев, «КВАДРАТ» Риэлторлар тобы» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:  

– Жыл басында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында тұрақтылық байқалды. Тұрғын үйге деген сұраныс әлі де жоғары. Жаңа үйлердегі шаршыметр бағасы жыл бойына АҚШ долларының айырбас бағамына байланысты шектеулі  ауқымда құбылып тұрды.  Сонымен қатар, Алматының жаңа үйлеріндегі «шаршыметрдің» орташа құны, жыл соңында шамамен 375 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Астана қаласының қайталама нарығында тұрғын үй бағасы бір жыл ішінде 11,3% -ға қымбаттаған. Ал Алматыдағы жылжымайтын мүлік бағасы тек 1,2%  өсті. Құрылыс компаниялары нарықтың дәл осы жағдайында үй бағасын көтере алмайды. Қазір экономикалық жағдай басқа, егер алдыңғы жылдары тек Алматы емес, бүкіл ел бойынша тұрғын үй тұрақты түрде қымбаттаса,  қазір біз оның тоқырауға ұшырағанын, ары кетсе сәл-пәл қымбаттағанын көріп отырмыз. Баға ең алдымен қатты көтерілген аймақтарда түсіп жатыр. Ең бірінші – Алматы қаласы. 

Krisha.kz сарапшылары 

– 2018 жылдың тұрғын үй нарығы үшін басты оқиға – ипотека нарығының бойына қан жүгірткен «7-20-25» тұрғын үй несиелеу мемлекеттік бағдарламасы. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымдардың пайыздық мөлшерлемесі нарықтық бағадан төмен коммерциялық бағдарламалары да іске қосылғанын айта кетейік. Кейбір қиындықтарға қарамастан (халықтың төлем қабілетінің төмендігі, бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үйлердің аздығы) жобаның болашағы бар деп ойлаймыз.  

Атап айтқанда, саланы қаржылық қолдаудың есебінен, ол құрылыс компанияларының жоспарына әсер етуі мүмкін. 

«7-20-25» бағдарламасы нарықтағы бағаға еш әсер еткен жоқ. Алдағы уақытта да баға өзгереді деп күтудің қажеті шамалы. Қазақстанда экономика тұрақтанып, халықтың тұрмысы түзеліп, тұтынушылық қабілеті артқан кезде ғана жүзеге асатын, кейінге қалдырылған сұраныс қалыптасып отырғанын естен шығармаған жөн.   

2018 жылы Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында шағын, дегенмен тұрақты оң динамика байқалды.  

Қолда бар деректерге сүйенсек, Қазақстан тұрғын үй нарығындағы ұсыныс бағасы орта есеппен 3,8 пайызға өскен.  

Ал жалға алу құнына келер болсақ, сұраныс артатын кезеңде тұрақты маусымдық баға өсімі ғана байқалды. Жалып алғанда, 2018 жыл бойы жалға алу бағасы өзгермеді.  
 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Из Казахстана продолжает уезжать большое количество людей. Как Вы думаете, в чем главная причина?

Варианты

Цифра дня

Более 14 тысяч
ДТП
зарегистрировано в Казахстане за 2018 год, в них пострадало более 20,2 тысяч человек

Цитата дня

Судьями хотят многие (стать - ред.), кто в правоохранительных органах не нашел себе достойного места. Вот какая плохая тенденция. Поэтому я уверен, что придут достойные. Пусть меньше – зато качество будет гораздо выше и будут люди, которые будут в состоянии нести это высокое звание судьи...

Жакип Асанов
председатель Верховного суда РК

Спецпроекты

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank