Израильдіктер арнайы қызметтің тапсырысымен WhatsApp қолданушыларының артынан тыңшылық құрған

Енді олармен Facebook соттасып жатыр

Фото: Shutterstock

Facebook кибер қауіпсіздік жөніндегі израильдік NSO Group компаниясын WhatsApp қолданушыларының артынан тыңшылық құрды деп айыптап, сотқа берді. Бұл туралы Engadget жазады.

NSO Group компаниясы WhatsApp желісін 20 елдегі 1400 пайдаланушы арасында тыңшылық бағдарламаны тарату үшін пайдаланған. 

Мессенджер желісін бұзу үшін Pegasus бағдарламасы пайдаланылған деген болжам бар. Қондырғының қалай орнатылғаны туралы айтылмайды, бірақ бұл үшін қоңырау түскенде тұтқаны көтерудің қажеті жоқ. Сотқа түскен арызда Pegasus-тың WhatsApp шифрлауын бұзуға қауқарсыз екені айтылған, бірақ хабарламалар пайдаланушының құрылғысында ашылғаннан кейін, оған қолжетімді болады екен. 

WhatsApp NSO Group-тың әректі салдарынан Мексикадағы, Бахрейндегі және Біріккен араб әмірліктеріндегі 100 жуық журналистің, құқық қорғаушыларды, көшбасшы-әйелдердің, және саяси диссиденттердің зардап шеккенін алға тартады, 
«NSO-ның жалғыз мақсаты — лицензияланған технологияларды терроризммен және қылмыспен күресу үшін үкіметтің барлау және құқық қорғау органдарына ұсыну. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне араша түсуге мүмкіндік берді.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg