Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


1 просмотр

Определены смартфоны, которые чаще всех требуют ремонта

Исследование проведено среди москвичей

Фото: shutterstock

Городской цифровой сервис «Чудо техники» в Москве опубликовал статистику ремонта смартфонов за год, сообщается на их сайте.

По результатам исследования было определено, что чаще всего ремонтируют смартфоны Apple - 32%. На долю китайских брендов пришлось 27% всех ремонтов. 

Среди китайских брендов по количеству ремонтов лидирует - Xiaomi - 12%, а за ним - Huawei - 9,6%

Далее по антинадежности следуют Samsung  - 18%, Sony - 7%, Asus - 3% и на другие марки пришлось 13%.

Самыми частыми причинами ремонта у Apple, как выяснилось, по сравнению с Samsung и китайскими брендами, являются проблемы с батареей, звуком, камерой и питанием.

У Samsung это системная плата, корпус и камера. В свою очередь, для китайских брендов слабым местом остается экран гаджета.


58 просмотров

Цифрлық қауіпсіздік тұлғаны когнитивті қорғауға ұласады

Prime Source CEO қызметі ол қалай жүзеге асатынын түсіндірді

Фото: Shutterstock

Жақында ғана Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылардың жеке деректері мен цифрлық ізіне қол жеткізетіні белгілі болды. Қазақстанда цифрлық сертификат енгізіліп жатыр. Ал Илон Маск тіпті алысқа кетті: ол миға бірден қосылатын имплант жасайтынын хабарлады. 

3 шілде күні Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджерінің жұмысында ірі  іркіліс болды: қолданушылар бірнеше сағат бойы қосымшаларға кіре алмай, жаңалықтар тізбегін көре алмай қалды. Сонымен қатар  сервистің үшеуі де сурет ашпай, аватардағы бейнені көрсетпей тұрып алды.  

Соның салдарынан қолданушылар Facebook және Instagram-ның веб-нұсқасында ерекше жайтты байқады: суреттің орнына оны мәтіндік сипаттамасы пайда болды. Мәселен, ит жетектеген қыздың суретінің орнына «бұл суретте қыз бен ит тұруы мүмкін» деген тег жазылуы ықтимал. 

Қолданушылардың бірі өз аватарының мәтіндік сипаттамасын «Бір ер адам және сақал» деп мені айна-қатесіз сипаттаған», – деп бағалады.

17-18 шілде күні Қазақстанның бірқатар қаласының тұрғындарына қызық хабарлама келді. Абонеттерге  www.gca.kz сайтына өтіп, интернетке қосылған құрылғылардың барлығына қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі хабарланды. Мәселенің байыбына бара келе, аталмыш жаңалықтың мәні түсінікті бола бастады. Қауіпсіздік сертификатын орнатудың тиімді тұсын айтсақ, ол – заңға қайшы контентті анықтау мен бұғаттау. Оның ішіне қауіпті вирустар мен фишингтік сайттар да кіреді. 

Ал қауіпсіздік сертификатын сенімділердің тізіміне қосу техникалық тұрғыда құрылғының трафигіне енуіне және ақпаратты оқуға, талдауға, бұғаттауға, өзгертуге мүмкіндік беретіні көптеген сауал тудырады. 

Ал шенеуніктердің, мәселен, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, жеке ақпаратты алуға заңмен шектеу қойылмақ: «Осындай оқиғалардың барлығын анықтап, реттейтін жедел-іздестіру қызметі туралы заң бар. Бұл әрі-беріден соң, қылмыстық іс. Сондықтан, ол тек заң аясында жүзеге асырылатын болады», – деді министр.

Ал Қытай үкіметі оншақты өңірінде «әлеуметтік сенім жүйесінің» пилоттық жобасын сынақтан өткізіп жатқанын мәлімдеді. 

Ол жеке адам туралы кез-келген ақпаратты: не сатып алды, қайда барды, қандай қызмет пайдаланды, қандай сайтқа кірді, интернет-трафигі қандай, төлеген салығы, жасаған қылмысы, өмірдегі белсенділігі, әлеуметтік желіде кіммен байланыс орнатты – бәрін жинайтын цифрлық деректерге негізделген. Бұл ақпаратты талдап, әр адамға рейтинг береді.

Рейтингі жоғары болса – жоғары тап, төмен болған сайын, қоғамдағы ең соңғы адамға айналады. Мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да адаммен байланыс орнатпас бұрын, ең алдымен оның әлеуметтік сенім жүйесіндегі рейтингіне назар аударады. Осы жағдай «Қара айна» сериалындағы бір эпизодқа қатты ұқсайды. Онда америкалық футурологтардың қиялы бойынша, қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік қолданушыға айналып, оның қоғамдағы орны рейтингпен анықталатын еді. Бұл – болашақтың емес, дәл қазір болып жатқан жайт. 

Бірақ Илон Маск құлашын одан әріге сермеді. Ол 17 шілде күні SiliconValley.com сайтында Neuralink компаниясы миға қондырылатын bluetooth-құрылғы жасаумен айналысып жатқанын мәлімдеді. Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, онда кез-келген ақпаратты бірден адам миынан көшіруге мүмкіндік туады. 

Ал бұл жаңалықты естіген сарапшылар «мидағы өңделмеген деректерді жинау – көптеген адамдарға қауіп-қатер төндіріп, оларға ықпал етуге, манипуляция жасауға және оларды басқаруға әкеп соғуы мүмкін» деп тұжырымдайды. 

Осы орайда адамзат алдында этикалық, заңдық және техникалық тұрғыда шешілуі тиіс үлкен мәселе тұр: қолда бар ақпаратты адам игілігі үшін, жеке тұлғаның кеңістігіне қол сұқпай қалай пайдалануға болады? Жеке деректерін қолдануға беру-бермеу туралы шешімді әр адам өзі қабылдауы керек. Расында, Оруэллдің «1984» романынан айтылған екіойлылық, ойша қылмыс жасау сынды қауіп-қатердің белгілері көріне бастады. Жеке қауіпсіздіктің жаһандық мәселесі бізді интернет қолданушының цифрлық ізіне емес, адамның жеке басының қауіпсіздігіне, сананы қорғауға алып келеді. Ал бұндай кезде  жұқалтырдан жасалған бас киім еш көмектеспейді...

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

b2-uchet_kursiv.png

Цифра дня

1,6 млрд
тенге
задолжали казахстанские работодатели своим работникам

Цитата дня

Порой некоторые лозунги и призывы выглядят крайне привлекательными, но их авторы не несут ответственности перед страной. Реформы ради реформ - это верный путь к кризису и потери управляемости государством. Уверен, никто из нас этого не желает. Развитие должно быть последовательным, поступательным, без забегания вперед, но и без отставания.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций