АҚШ-та Трамп импичменті процесі басталды

Жарияланды
Трамп тарихта импичмент жарияланған үшінші президент атанды

АҚШ Жоғарғы сотының басшысы Джон Робертс пен  сенаторлар президент Дональд Трампқа жарияланған импичмент процесін бастау үшін ант берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылай, өкілдер палатасы мемлекет басшысына қарсы ұсынған айыптарды қарау басталды, процесс барысында сенаторлар алқабилер рөлін атқарса, конгрессмендер тобы – айыптаушылар, ал Робертс – соттың рөлін атқарады.

Өкілдер палатасы желтоқсанда Трампқа екі бап – өкілеттерін асыра пайдалану және конгресс жұмысына кедергі келтіру – бойынша импичмент жариялаған болатын.

Демократтар істі сенатқа беруді созып, жоғарғы палатадағы республикалық көпшіліктің олардың процесті өткізу жөніндегі талаптарын қабылдауына қол жеткізуге тырысқан-ды, алайда республикалықтар олардың уәждерін қабылдамады.

Трамп тарихтағы импичмент жарияланған үшінші президент атанды. Демократтар Трамп Украинаға конгресс уәде еткен әскери көмекті кідіртіп, президент Владимир Зеленскийден Трамптың оппонеті Джо Байденге қарсы тергеу түріндегі саяси қызмет көрсетуді талап еткен, деп мәлімдеуде. Сөйтіп, Трамп өз өкілеттігін асыра пайдаланған, ал одан кейін, конгреске тексеру жүргізуге кедергі келтірген, делінген импичмент жөніндегі резолюцияда. Трамп, өз кезегінде, украиналық биліктен тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді талап еткенін алға тартуда. 
 

Сондай-ақ оқыңыз