Түркия американдықтар үшін өзінің әскери базаларын жабуға дайын

Жарияланды (жаңартылды )
Ердоган бұл Вашингтон санкциялар енгізсе, орын алуы мүмкін, деп мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоган Вашингтон әуе қорғанысының ресейлік С-400 жүйелерінің жеткізілгені үшін  санкциялар енгізетін болса, Анкара американдық әскерилерге өзінің әскери базаларын жабуға дайын екендігін мәлімдеді, деп жазады Интерфакс-Казахстан.

«Қажет болса, Түркия Инжірлік және Күйрежік авиабазаларын жабады «, – деді ол «А-хабер» арнасына берген сұқбатында, С-400 жүйелері бойынша АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастағы күрделіліктер туралы әңгіме қозғай отырып.

Осы аптада түрік СыртқыІсМинінің басшысы Мевлют Чавушолу,  егер  Вашингтон С-400 қондырғыларын сатып алғаны үшін Түркияға қарсы санкциялар енгізетін болса, Анкара американдық әскерилерді Инжірлік авиабазасынан шығару туралы мәселені қарастыруы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Инжірлік авиабазасы  осылай аталатын түрік қаласының маңында орналасқан. Оны АҚШ-тың да, Түркияның да әскери-әуе күштері пайдаланатын-ды.

Сондай-ақ оқыңыз