Түркия Сириядағы әскери операцияны жалғастырмақшы

Жарияланды (жаңартылды )
Анкара ресейлік тараптың міндеттемелерді орындау барысына наразылық білдірді

Түркия Сирия аумағындағы әскери операцияны қайтадан бастайды, өйткені Ресей қол жеткізілген келісімдерді орындамай отыр деп есептейді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

«Егер біз қалаған нәтижеге қол жеткізбейтін болсақ, онда бұрынғыдай, қажетті нәрсені жасайтын боламыз. Басқа шара жоқ. Біз жанымыздағы террор қауіпін жоюуымыз керек», – деп мәлім етті Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Анкара күрдтік қол жеткізілген келісімдерге қарамастан, YPG тобы жасақтарының барлығы бірдей шекара маңындағы аймақтан кеткен жоқ деген пікірді ұстанып отыр.

Естеріңізге салсақ, 22-қазанда Ресей мен Түркия 10 тармақтан тұратын өзара келсісімділік туралы меморандумға қол қойған болатын, атап айтқанда, сириялық шекара қызметі және ресейлік әскери полиция бөлімшелерін Түркия мен Сирия шекрасының сириялық жағына, түрік тарапының «Бейбітшілік бастауы» операциясы аумағынан тыс жерге шығару туралы. Олар күрд отрядтарын және олардың қару-жарағын Сирия-Түркия шекарасынан 30 километр алшақ жеоге шығаруға көмек көрсетулері керек болатын.

1-қарашада Ресей мен Түркия түрік-сириялық шекара маңын бірлесіп патрульдеуге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз