Назарбаев Ресей мен Украинаны татуластырудың амалын тапты

Жарияланды
Елбасы барлық елдерді оларды жақындатуға үлес қосуға шақырды

Казахстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Клуб» саяси форумының V мерейтойлық отырысында Ресей мен Украина арасында диалог жүргізу туралы пікір білдірді.

Екі ел арасында орын алған оқиғаны ол қайғылы жағдай деп атады. 

«Алғашқы күннен бастап, оларды табыстыруға тырысып келемін. Менің алғашқы жұмысымның нәтижесі Минскідегі кездесу болды. Алдымен мен Еуропа елдерін аралап шықтым, одан кейін, мен Киевке, Порошенкоға бардым, одан кейін, Мәскеуге келдім. Франция президенті Қазақстанда болған еді, мен одан қайтарда Мәскеуге соғып, Путинмен кездесуді өтіндім. Міне, осылардың нәтижесінде, Минскіде жиналуға және сол кездегі мәселелерді шешуге қол жеткіздік. Барлығы қалыпты арнаға түсе бастаған еді», – деді Назарбаев.

Оның айтуынша, Мәскеу қойған шарттар мен білдірген өтініштер Укаинаның шығысындағы халықты қорғауға арналған арнайы заң қабылдауға бағытталған болатын.  Украина Радасы ондай заңды қабылдады. Бірақ ол жұмыс істемей, бос жатты. Атап айтарлығы, ол заңның әрекет ету мерзімі биылғы жылғы 21-желтоқсанда аяқталады. 

Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескені, ал күні кеше ғана Владимир Путинмен мәселені ары қарай қалай шешуге болатыны туралы сөйлескені жөнінде айтты. 

«Түсінікті, қарым-қатынастың алшақтағаны соншалықты, Украина Батысқа, Америкаға, норманд төрттігіне және тағы басқаларының көмегіне жүгініп, шағымдануда. Мен Ресей президенті мен Украина президентінің жеке, екеуара кездесуі қажет, деп есептеймін. Ешкімді қоспай (басқа елдердің көшбасшыларын – Курсив), мүмкін, (оларды – Курсив) кейін қосу қажет болар, бірақ келісуге тек осылай (Ресей және Украина президенттерінің жеке кездесуі аясында) болады. Өйткені барлығы емес, екі ел арасындағы жағдай шешіледі. Мен, міне, осы жайында сөйлестім, барлық мәселелерді талқылау үшін тет-а-тет кездесу мүмкін бе, жоқ па, соны білмек болдым. Менің ойымша, қазір қолайлы сәт келген сыңайлы. Біріншіден, Зеленский сайлауда халықтың жақсы қолдауына ие болды. Ол жігер танытып, осы мәселені шеше алады. Мәселенің шешімі бар, сондықтан президент Путинге де жігер танытып, мәселені алға тартып, шешкен жөн. Ол бейбіт өмір орнағанын қалайды», – деді жағдайды түсіндірген Қазақстанның экс-президенті.

Сондай-ақ Назарбаев, тараптарға кездесу үшін бейтарап алаң қажет болған жағдайда, Қазақстанды ұсынғанын атап өтті. 

«Жеке өз басым осы бағытта жұмыс істеп жатырмын, мүдделі жұмыс атқарып жатырмын. Баршаңызға оларды жақындату үшін қолдан келгенді істеуді ұсынамын. Алдымен Добасс пен Луганск мәселесін шешу қажет, процесс жүріп жатыр», – деді сөзін түйіндеген Елбасы.
 

Сондай-ақ оқыңыз