Блумберг АҚШ президенті болып сайланбақшы

Жарияланды
Сайлау 2020 жылғы қарашада өқтеді

Миллиардер және Нью-Йорктің экс-мэрі Майкл Блумберг АҚШ президетін сайлау науқанына қатысатын болды.

«Мен президент сайлауына Дональд Трампты жеңу, сөйтіп, Американы қайта жаңғырту үшін қатысамын», — деп жазды Блумберг Twitter-де.

Сонымен қатар, Блумберг өз компаниясын өзі қаржыландыратынын мәлім етті. Бұған біздің қосарымыз, АҚШ президентінің сайлауы 2020 жылғы қарашада өтеді.

«Біз президент Трамптың ақылсыз және этика аясына сыймайтын әрекеттеріне тағы төрт жыл төзе алмаймыз», -деп жазды миллиардердің сөзін келтірген Reuters.

Кампания өкілінің айтуынша, Блумберг телевизиялық жарнамаға $31 млн кем емес қаржы жұмсаған, ол алдағы екі апта бойы бүкіл ел бойынша барлық штаттарда көрсетілетін болады.

Майкл Блумберг – Bloomberg LP медиакомпаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры. Forbes мәліметтеріне сәйкес,  $53,4 млрд қаржысы бар ол байлығы жағынан Америкада сегізінші орында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз