Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


244 просмотра

В G7 намерены усилить борьбу против российских хакеров

МИД стран «большой семерки» критикуют Россию за действия, дестабилизирующие ситуацию на мировой арене

Фото: Shutterstock.com

5 и 6 апреля во французском регионе Бретань прошли переговоры министров иностранных дел стран G7 (США, Великобритания, Германия, Италия, Канада, Франция и Япония). Страны «большой семерки» намерены усилить борьбу против ряда угроз, исходящих, по их мнению, от России, говорится в совместном коммюнике, опубликованном по итогам встречи, передает Интерфакс.

«Мы продолжим усиливать наши возможности для того, чтобы противостоять... угрозам со стороны России - в киберпространстве, сфере стратегической коммуникации и в том, что касается контрразведки», - отмечается в документе.

Главы внешнеполитических ведомств стран G7 критикуют Москву за действия, дестабилизирующие ситуацию на мировой арене, включая «вмешательство в работу демократических систем других государств».

В коммюнике прозвучал призыв к России «поддерживать мир во всем мире и соблюдать решения по оружейным эмбарго».

В то же время министры выражают готовность работать с РФ над поиском решений региональных кризисов и глобальных вызовов.


545 просмотров

Ертісбаев Қытайдың басты мақсаты туралы айтып берді

Қазақстанда қандай 55 кәсіпорын салынады?

Фото: Shutterstock.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мәселелер жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Қытай мен оның 55 кәсіпорнынан келетін еш қауіп жоқ деп тұжырымдайды.

Президент Қ.Тоқаевтың ҚХР-ға  мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстанның Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елшісі, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Казахстанская правда» газетінде бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

6 жыл шетелде тұрып, жақында Қазақстанға оралған, 2000-жылдардың басында өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша көптеген пікірталастарға үн қосқан саясаткер бұл мақаласында  қазақстандық қоғамның бір бөлігінде кең таралған синофобияға ешқандай негіз жоқ деп атап өтті. 

Ертісбаевтың кеңестері 

Жалпы көлемі 8 парақ, 28 мыңнан аса белгі түскен мақаланың алғашқы жолдарынан-ақ Ертісбаев мырза «қоғамдағы Қытайға қарсы қорқыныш оны жетік білмеуімізден, алып көршіні толық зерттеуге ұмтылмауымыздан туындап отыр, оған қоса ол ешқайда көшпейді, бір жаққа жоғалып кетпейтінін естен шығармайық, сондықтан көршімен салмақты және байыпты қарым-қатынас орнату керек» деп пайымдайды. 

Ал «қытай қаупі» мен «экспанциясынан» қорқып, бұл алып державамен бүкіл ынтымақтастық пен әріптестікті үзуді талап ететін кейбір азаматттарға Тұңғыш Президенттің бұрынғы кеңесшісі Генри Киссинджердің «Қытай туралы» кітабын оқып, шығыстағы көршіміздің 5 мың жылдық тарихын зерттеуді ұсынады. 

Қытай тарихын егжей-тегжей зерттеуге аз уақытын жұмсамаған Ертісбаевтың өзі басқыншылық қасиет қытайлардың генінде жоқ, оларда еш уақытта өзге халықты басып алу пиғылы болмаған деген тұжырымға келіпті. 

«Бір ғажабы, Колумб экспедициясына дейін-ақ, қытайлардың испан армадасымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен, ұрысқа бейім, қуатты флоты болған.  Бірақ еуропалықтардан айырмашылығы, Қытай ешқашан көршілеріне басқыншылық көрсетпеген. Неге? Өйткені Қытай - онсыз да  Жер ортасы, қытай халқының танымында өз-өзіне қанағаттану басым тұрады. Егер еуропалықтар жаңа елдерді аша отырып, оларды от пен қарудың күшімен шоқындырғысы келсе, Қытай ешқашан өзге аймақтарды жаулап алуға тырыспаған. Қытайлар айналасындағы өзге халықты шынымен де жабайы санаса да, оларды Конфуций іліміне табынушыларға немесе буддистке айналдыруға тырыспаған», –деп атап өтті өз мақаласында Е.Ертісбаев.

Үстемдік мен экспансиясыз

Ал бүгінгі күн туралы сөз қозғағанда, саяси ғылым докторы, Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елші қытайлардың көзқарасы Конфуций заманынан бері айтарлықтай өзгермегенін айтады. Сәйкесінше, қазіргі коммунистік Қытай үкіметінің әрекеті қандай да бір аумақты басып алу мен мәдениетін енгізуге емес, тек өз елінің экономикасын бейбіт жолмен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. «2013 жылы Қытай «Бір белдеу – бір жол» атты ауқымды бағдарламаны ұсынды. Тынық мұхитынан Атлантқа дейінгі аралықта көпір, порт, теміржол мен автомобиль жолдарын, құбырлар мен басқа да инфрақұрылым нысандарын салуға бірнеше триллион доллар бөлінбек. Қытайдың басты мақсаты – әлемдік гегемония, яғни жерін кеңейту мақсатында басып алу емес, инфра¬құрылым құру», – деген Ертісбаев Қытай бұның бәрін еркін сауда-саттықты дамыту үшін жасап жатқанына ерекше мән береді. 

Сонымен қатар, Ермұхамед Ертісбаев өз мақаласында "Батыс стратегиясы мен дипломатиясынан айқын және түбегейлі ерекшеленетін, «нақты саясатты» жүзеге асырудың үлгісіне айналған» қазіргі Қытаймен өзара тиімді әріптестік мәселесін айналып өтпеді. Саясаткердің пікіріне сүйенсек, ортақ шекарасы 1700 шақырымды құрайтын шығыстағы қуатты көршімен достық қарыс-қатынаста болу Қазақстан үшін аса маңызды. «Қытай жылдан-жылға байып келеді және сапасы жоғары, экологиялық таза ауылшаруа¬шылық өнімдеріне мұқтаж, осы орайда ол Қазақстан үшін игерілмеген тың секілді. Бидай, қант, сүт, ет, жүн, зығыр, қызанақ, рапс майы және басқа да ауылшаруа¬шылық өнімдерін қайта өңдеу және экспорттауда бірлескен инвестициялық жобалар бұған дейін де жүзеге асырылып келеді. Әрине, Қытаймен робототехника мен заттар интернеті саласында бірлескен кәсіп¬орын құрғымыз келеді, осы мақсатта «Болашақ» іске қосылып, Назарбаев Университеті құрылды, бірақ бұл келешектің мәселесі екеніне сенімдімін», – деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев.

Маңызды тізім

Айта кетейік, Тұңғыш Президенттің саяси мәселелер жөніндегі бұрынғы кеңесшісінің мақаласында Қазақтан аумағында жүзеге асырылатын қытайлық жобалардың тізімі алғаш рет жарияланды, аталмыш жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімге биыл сәуірде Пекинде өткен, Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан «Бір белдеу – бір жол» форумында  қол жеткізілген. Бұл тізім келесідей:

  1. Полипропилен ұнтағын шығаратын қондырғыны жаңғырту;
  2. JAC маркалы автокөліктерді ірі түйінді әдіспен құрастыру;
  3. Күріш майын шығару;
  4. Қорғастағы құрғақ порт;
  5. Құрғақ бие және түйе сүті өндірісі;
  6. Штапель талшықтарын шығару;
  7. Шымкент МӨЗ-ін қайта құру;
  8. Көпсалалы автокөлік құрастыру кластерін дамыту;
  9. Шыны зауытын салу жобасы;
  10. Шанхай қор биржасы мен Жібек жолы қорының AIFC құрамына кіруі;
  11. Цемент өндірісі;
  12. Күн электр станциясының құрылысы;
  13. Трактор шығару;
  14. Үлкен диаметрлі болаттан дәнекерленген құбырлар өндірісі;
  15. Полипропилен өндірісі;
  16. Кальцийленген тұз өндірісі;
  17. Қуаты 60 МВт жел электрстансасының құрылысы;
  18. «Тұрғысын ГЭС-ін» жаңғырту;
  19. Қуатылығы 100 МВт жел электр стансасын алу;
  20. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды шығаратын зауыт;
  21. Қыш бұйымдар өндірісі; 
  22. Күн электр стансасының құрылысы; 
  23. Суды тұщытатын қондырғы құрылысы; 
  24. Май экстациясын өндіретін зауыт салу; 
  25. Күн энергиясын өндіретін кәсіпорындардағы үлесті сатып алу; 
  26. Жылжымалы бұрғылау қондырғыларын жасау; 
  27. Қуаттылығы 50 МВт жел электрстансасын салу; 
  28. Табиғи тастан жасалған бұйымдарды өңдеу және өндіру; 
  29. Көміртекті өндіріс; 
  30. Кабельдік өнімдер өндірісі; 
  31. Жамбыл облысындағы тау-кен, химия және металлургия кешені; 
  32. Вольфрам кенінің кен орындарын өнеркәсіптік игеру; 
  33. Кешенді қорытпаларды өндіру

«Басқа жобалар бойынша әлі дайындық жұмыстары жүріп жатыр (электролиттік мырыш зауыты, қауіпті мұнай қалдықтарын өңдеу, ауылша¬руа¬шылық дақылдарын қайта өңдеу кешені, биохимиялық кластер құру, жылу электр стансасын салу және басқалары)», – деп Ермұхамет Ертісбаев Қазақтан аумағында пайда болатын 55 кәсіпорын туралы өз білгенімен бөлісті.
Айта кету керек, «Казахстанская правда» газетінде жарияланған бұл мақалада одан басқа да қызықты ақпарат мол. 

Мысалға, Қазақстанда жүрген қытай жұмысшыларының саны туралы. «Ресми деректер бойынша, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасымен Қазақстанда қазіргі кезде 4300 қытай маманы жұмыс істейді, ал 2019 жылы 23 мың адамға квота бөлінген», – деп атап өтті Ертісбаев.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

b2-uchet_kursiv.png

Цифра дня

1,6 млрд
тенге
задолжали казахстанские работодатели своим работникам

Цитата дня

Порой некоторые лозунги и призывы выглядят крайне привлекательными, но их авторы не несут ответственности перед страной. Реформы ради реформ - это верный путь к кризису и потери управляемости государством. Уверен, никто из нас этого не желает. Развитие должно быть последовательным, поступательным, без забегания вперед, но и без отставания.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций