Перейти к основному содержанию

bavaria_seasonX_1200x120.gif


847 просмотров

FT: США грозят наказать ОПЕК за манипулирование ценами на нефть

Нефтяники США предупредили, что ответные действия ОПЕК могут навредить американским интересам

Фото: Slavko Sereda / Shutterstock.com

Конгресс США рассматривает законопроект, который позволит правительству США преследовать в судебном порядке страны-участницы ОПЕК за манипулирование ценами на нефть, передает Financial Times.

Попытки принять закон против картелей по производству и экспорту нефти (также известный как НОПЕК) были и раньше. Однако сейчас у НОПЕК самый высокий шанс на успех, учитывая давнишнюю неприязнь президента Дональда Трампа к Организации стран-экспортеров нефти, а также поддержку как среди республиканцев, так и среди демократов.

Трамп неоднократно критиковал ОПЕК. Когда в 2018 году цены на нефть выросли до четырехлетнего максимума, он заявил перед ООН в сентябре, что «картель ОПЕК грабит весь мир».

Боб МакНалли из консалтингового агентства Rapidan Energy заявил, что благодаря двухпартийной поддержке и одобрению со стороны Трампа, НОПЕК от принятия «отделяет один твитт». Раньше законопроект сталкивался с сопротивлением Белого дома, несмотря на поддержку обеих партий и резкий скачок цен на нефть в 2007-2008 годах.

Одобрение НОПЕК приведет к снятию суверенного иммунитета стран-участниц ОПЕК и подвергнет их риску судебного преследования за сговор согласно антимонопольному законодательству США.

Американский институт нефти (API) и Торговая палата США на этой неделе выступили против законопроекта, хотя, по их словам, они также выступают против картелей. Организации аргументируют тем, что предложенный закон поставит под угрозу американские интересы, а также, вероятно, повлечет ответные меры ОПЕК против международных нефтяных компаний и правительства США.

Exxon, BP и другие нефтяные компании ведут деятельность в странах ОПЕК, в том числе Нигерии и Ираке.

«Ответные меры ОПЕК определенно окажут негативное влияние на присутствие США в этих государствах на всех уровнях. Учитывая их нынешнее геополитическое значение и потенциал для американских инвестиций, НОПЕК может привести к серьезным непредвиденным последствиям», - предупредил Майк Соммерс, президент API.

Представители компаний добавили, что необходимость в НОПЕК отпала, поскольку сланцевый бум превратил США в крупнейшего производителя неочищенной нефти в мире.

Решение стран-участниц ОПЕК+, включая Россию, снизить предложение и простимулировать рост цен на нефть принесло выгоды американским компаниям и прекратило спад цен, наблюдаемый с 2014 года.

Мохаммед Баркиндо, генеральный секретарь ОПЕК, заявил в январе, что действия организации «способствовали спасению нефтяной промышленности США».

Новый закон может привести к конфронтации членов ОПЕК и США, что весьма беспокоит должностных лиц Саудовской Аравии – фактического лидера организации. Саудовская Аравия владеет крупнейшим в США НПЗ и ведет переговоры о приобретении газовых активов, сказал источник, осведомленный с позицией королевства.

Как пишет FT, законопроект НОПЕК послужил причиной выхода Катара из состава ОПЕК, членом которой он являлся 57 лет. НОПЕК поставит под угрозу инвестиции Катара в $10 млрд в Golden Pass – проект в штате Техас по экспорту сжиженного природного газа.

МакНалли считает, что если НОПЕК получит одобрение и вступит в силу, это может привести к более высокой волатильности цен на нефть, включая резкие спады, способные нанести урон нефтяной промышленности США.

«Вдоволь нахлебавшись НОПЕК в случае его одобрения, мы сами будем умолять членов ОПЕК вернуться в дело и управлять предложением нефти», - заявил МакНалли.

Ранее сообщалось, что ОПЕК может быть реорганизована и в новом составе включать Россию, чтобы получить контроль над мировыми ценами на нефть.


366 просмотров

Отқа оранған Венесуэла: мұнайға тәуелді экономиканың ақыры не болмақ?

Бір кездері Оңтүстік Американың ең гүлденген мемлекеті атанған Венесуэладағы қазіргі жағдай – Қазақстанмен қатар, әлемдік қауымдастық үшін жақсы сабақ

Фото: Reuters

Қазір Венесуэладағы ахуал өте қиын. Бұл мемлекеттегі қос үкіметтіктің  ақыры азаматтық соғысқа әкеп соғуы мүмкін. Оңтүстік Американың ең жайлы мемлекеттерінің қатарына кірген Венесуэладағы қазіргі жағдай бүкіл әлемге, соның ішінде Қазақстан үшін де жақсы сабақ болуы керек.

Америкалық Stratfor сараптама агенттігі өткен жылдың желтоқсанында-ақ, Венесуэланы өте маңызды саяси және экономикалық қиындық күтіп тұр деп болжаған еді. Мұнайдан түсетін қаржының азаюынан, Венесуэла үкіметі заңға қайшы қадамға барып, нәтижесінде ішкі саяси жағдай шиеленіседі және көршілермен қарым-қатынасы қиындайды делінген еді.

Расында, көп күттірмей-ақ, Венесуэлада 11 қаңтар күні оппозицияның бастамасымен, ел Президенті Николас Мадуроның биліктен кетуін талап еткен жаппай наразылық акциялары басталды. Латынамерикалық елдегі қазіргі жағдайға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Өйткені Венесуэладағы экономикалық дағдарыс азаматтық соғысқа айналуы қаупін туындатқан жаңа кезеңге өтті.

Бәрін шешетін – мұнай

Айта кету керек, бұл елде жаппай  наразылық білдіру – қалыпты, күнделікті жайтқа айналып кеткен.  Венесуэланың дүрлігіп жатқанына отыз жылдай болды. Бұл жағдай тек мұнай өнеркәсібін дамытуға бағытталған ел экономикасының өзіндік ерекшелігіне байланысты. 70-жылдардың ортасынан бюджетке түсетін қаржының 95 пайызын қамтамасыз еткен мұнай саудасына ғана басымдық беріп, Венесэула үкіметі экономиканың басқа салаларын тұралатып тастады.

Атап айтқанда, елдің басым бөлігін субэкваторлы климат алып жатқанына қарамастан, Венесуэлада ауыл шаруашылық саласы дамымаған, туризм саласының негізі енді қаланып жатыр, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен тамақ өнеркәсібі жоқ. Нәтижесінде, 32 миллион халқы бар мемлекет өнеркәсіп пен азық-түлік тауарлары импортына толық тәуелді.

Алайда, елде тек мұнай өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуі – ешқашан ешкімді қатты алаңдата қоймаған. Өйткені Венесуэла – барланған мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрған мемлекет.

BritishPetroleum  мен америкалық ОББ (ЦРУ) мәліметтері бойынша, оның жер қойнауында көлемі 299 млрд баррельге жететін қара алтын жатыр. Салыстыру үшін айтсақ, мұнай қоры бойынша екінші орындағы Сауд Арабиясында ол 267 млрд баррельге тең, ал 12-орында тұрған Қазақстанның мұнай қоры –  30 млрд баррель. Сондықтан Каракаста кім билік жүргізгенінен қарамастан, мұнай экспортынан түсетін ақша елдің бәріне жететініне ешкім шүбә келтірмейтін еді. Венесуэладағы саяси партиялардың бағдарламасы бір-бірінен еш өзгешелігі жоқ, тек мұнай сатудан түскен қаржыны дұрыс игерумен байланысты болатыны – соның белгісі.

Өркендеуден бүлікке дейін...

Айта кету керек, көмірсутектің құны шарықтап тұрған кезде, экономикалық дамуға осы тұрғыдан қарау орынды көрінетін. Өткен ғасырдың 70-80-жж. соңына дейін Венесуэла расында, қатты өсіп-өркендеді. Халқының өмір сүру деңгейі Швейцария, Германия, Швецияның көрсеткіштерімен тең еді. Сол кезде Венесуэла  Оңтүстік Америкадағы ең дамыған елдердің қатарына кіргенін айтсақ та жетер. 

Сонымен қатар, елде тұтыну культының қарқын алуы, табыстың өлшемі – қымбат көлік, салтанатты сарайлар мен Рождествоны жыл сайын Еуропада қарсы алу болып, бұл жемқорлықтың асқынуына және мұнайды үсті-үстіне сатуға ықпал етті.  

Нәтижесінде 70-ж. ортасында ұзақ уақыт АҚШ пен Ұлыбританияның трансұлттық компаниялары қадағалаған мұнай өнекәсібі мемлекет қарамағына өтті. 

Алайда, 90-жылдың басында әлемдік мұнай нарығында қара алтын құнының күрт төмендеуі ел ішінде үлкен қиындық туындатты. Бюджет тапшылығы пайда болып, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың бірқатары тоқтатылды, жұмыссыздық белең алып, Венесуэланың ірі қалалары – Каракас, Маракайбо мен Валенцияда кедей аудандардың аймағы геометриялық прогрессиямен өсе бастады. Сол кезде билікте отырған Президент Карлос Перестің қызметтен кетуін талап еткен жаппай наразылық белең алды. Ол 1993 ұлттық көтеріліске ұласып, нәтижесінде президенттер шеруі басталды.  

Алдымен ел билігін Октавио Лепахе уақытша президент ретінде өз қолына алған еді, одан кейін Ұлттық конгрестің (Парламент) келісімімен мемлекет басшысының міндетін Рамон Веласкес атқара бастады, ең соңында, кезектен тыс президент сайлауы нәтижесінде Венесуэланы Рафаэль Кальдер басқарды.  

Соңғы президент жаңа ештеңе ұсынған жоқ. Ол либералдық реформа жариялап,  трансұлттық компаниялармен өнім мен табысты тең бөлу туралы көптеген келісім жасай отырып, олардың Венесуэланың мұнай секторына қайта алып келді. Бірақ одан ештеңе өнбеді. Мұнайдың арзандауынан Венесуэладағы экономикалық дағдарыс тереңдеп, бұған дейінгі жақсы өмірді естен шығармаған халық үздіксіз шеруге шығып жатты. Бұл наразылықтың алдыңғы шебінде кедей аудан тұрғындары мен биліктен көңілі қалған орта тап өкілдері жүргендіктен, аталмыш елдің саясат сахнасында есімі Колумбияның ФАРК және АНК солшыл радикалдық топтарымен (АҚШ пен Еуропада бұл топтар террористік деп танылған) тығыз байланысты Уго Чавестің жұлдызы жағылды.  

Бұзақы Уго Чавестің құпиясы 

1998 жылы Чавес Венесуэла президенті атанған соң, ел экономикасының құрылымын еш өзгертпегенін айта кету керек. Сол баяғыша:  мұнай өндіру өнеркәсібіне сүйеніп, көмірсутек шикізатын АҚШ-қа сатудан табысты молынан алуға үміттену. Алайда, Переске қарағанда, популист Чавестің жолы болды: 1999 жылдан мұнай бағасы қарқынды өсті.  

Бұл өз кезегінде Уго Чавеске шетелдік компаниялардың елдің жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем көлемін арттыру арқылы, мұнай саласындағы мемлекет бақылауын алдын-ала күшейтіп алып, өз уәдесін орындауға мүмкіндік берді. Тұрмысы төмен отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі өсті. Кедейлер тұратын аудандарда өмір сүруге қолайды жағдай жасалды. Ең қажетті тауарлар мен қызмет құны арзандады. Үндістерге өздері тұрған жерді иелену құқығы берілді. Нәтижесінде, 2003 жылға қарай, Венесуэладағы өмір өткен ғасырдың 70-жылдарындағы деңгейге жетіп қалды.  

Дегенмен, Уго Чавес билігі тұсында көп өзгеріске ұшыраған сыртқы саясат еді. Егер Чавеске дейінгі ізашарлары билік басында жүргенде АҚШ-пен қатаң тайталасқа түсуден қашқақтаса, Уго керісінше істеді. АҚШ-қа сенімсіздік танытқан Оңтүстік Американың ұлт батыры Симон Боливардың идеясын негізге ала отырып, Вашингтонды сынайтын бірнеше латынамерикалық саясаткерлермен тығыз байланыс орнатты. Олар: Куба лидері – Фидель Кастро, бразилиялық Луис да Силва, 2006 жылдан бері Боливия Президенті – Эво Моралес және Никарагуа басшысы Даниэл Ортег. 

Чавестің бұл қадамының салдары АҚШ-Венесуэла қарым-қатынасына қатты әсер етті.  

Венесуэла билігінің бірқатар сын-ескертпелерінен кейін, Вашингтон 2006 жылы ресми Каракасқа қарсы алғашқы санкцияларын енгізіп, «колумбиялық террористік топтар Чавестің режимін қолдайды» деген сылтаумен қару-жарақ сатуға тыйым салды. Бір жылдан соң Чавес жауап қатты: 1999 жылы Чавестің  ұсынысымен қос палаталы Конгрестен бір палаталы Ұлттық ассамблеяға айналған Венесуэланың парламенті ел президентінің «америкалық корпорациялар бақылайтын ірі телекоммуникация және электр энергетика компанияларын мемлекет қарамағына өткізу» туралы бастамасын қолдады. Одан бөлек Чавес  Exxon Mobil, Shevron, British Petroleum және  Conoco Phillips компаниялары венесуэлалық филиалдарының негізгі акциялар пакетін талап етті.  

Соның салдарынан, 2007 жылдан Уго Чавес қайтыс болғанға дейін (2013), Каракас пен Вашингтонның қарым-қатынасы шиеленісті жағдайда өрбіді. Каракас Вашингтонды «Әзәзілдің өкілдері мекендеген жер» деуінен танбады, ал АҚШ-тың ресми тұлғалары деп дүркін-дүркін «Венесуэла –АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төген қатер» мәлімдеді.  

Санкциялар соғысы да жалғасып жатты, оның көпшілігі жекелеген шенеунік мен бизнесмендердің АҚШ-қа немесе Венесуэлаға келіп-кетуіне тыйым салуға қатысты болды.  

«XXI ғасырдағы социализм» идеясы үшін   

Билікке Чавестің ізбасары Николас Мадуро келген соң, екі ел арасындағы жағдай қатты шиеленісіп кетті. АҚШ тарапынан салынатын санкциялар әлдеқайда қатайды. Мадуро Венесуэланың Уго Чавес кезіндегі не ішкі, не сыртқы саясатына өзгеріс енгізбеді. Тек мұнай экспортына басымдық беріп, экономиканың өзге салаларын одан әрі тұралатумен қатар, халықтың кедей бөлігіне әлеуметтік жәрдемақыны көбейту мен түрлі үгіт-насихат жобаларына кететін шығынды арттыру арқылы Венесуэлада «ХХІ ғасыр социализмін» орнатуға ұмтылды.  

Айталық, елде «жаңа сипаттағы социализм» орнату үшін Николас Мадуро президент атана салысымен, баға қалыптасу үрдісіне қатты килікті. Бағаны, әсіресе, азық-түлік пен тұрмыстық техника құнын қатаң реттеуге қарсы шыққан кәсіпкерлерді қамауға алып, олардың тауарларын 90 пайызға арзандатып, тұрмысы төмен тұрғындарға сата бастады.   

Бұның барлығы бизнесмендердің «көлеңкеге кетіп», тіпті импорттан бас тартуына әкеп соқты. Дүкен сөрелері босап, дәріханаларда дәрі жоқ, жұмыссыздық деңгейі 30 пайызға өсіп, қылмыс қатты өршіді. Мадуро билігіне қарсы қандай да бір сын айтқан жандарды қудалап, әкімшілік айыппұл салып, жұмыстан шығарып жіберуге дейін барды. 

«Чавес саясатын» белсенді жүзеге асыруына жыл толмай жатып-ақ, елде жаппай наразылық басталды. 2014 жылдың басында ол Венесуэланың бүкіл қалаларын қамтыды. Алайда орта тап пен бай венесуэлалықтардан тұратын шерушілер Мадуроны биліктен кетіре алмай қойды. Өйткені Чавес ізбасары жағында тек ұлттық гвардия, полиция және армия ғана емес, қаланың кедей аймақтарынан шыққан қылмыстық топтар да тұрды, олар наразылық білдіргендерді аяусыз басып-жаншып, Николас Мадуроның өз билігін сақтауына көмектесті.  

Сонымен қатар, 2014 жылғы жаппай наразылық акцияларынан кейінгі кейбір оғаш жайттарды байқамау мүмкін емес. Мәселен, президент Николас Мадуроның да, Венесуэланың ішкі істер министрі Мигель Родригестің шеру қатысушыларына 5 мың боливар көлемінде (сол кезде шамамен 793 доллар)  төлемақы беру және оппозиция көшбасшыларының америкалықтармен тығыз байланысы туралы, олардың Колумбия аумағында тұрақты түрде кездесіп тұрады-мыс деген тұжырымына қармастан, «қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан» 12 партияның бірде-бірі жабылған жоқ. Бұл 2015 жылғы парламент сайлауында «Демократиялық бірлестік дөңгелек үстелі» оппозициялық тобының жеңіске жетіп, одан кейін көптеген наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы да, президенттің бүкіл бастамаларына қарсы шығуына ықпал етті.  Алайда, ең таң қалдырғаны Мадуро болды, 2017 жылы, оппозицияның Ұлттық ассамблея құрамында кіргеніне 2 жыл толған соң, кенет парламентті таратып, оның орына заң шығарушы қызметін өз мойнына алған Констутициялық Кеңесті құрды.  

Алайда Уго Чавес құрған Ұлттық ассамблеяны толықтай қадағалап отырған оппозиция Констутициялық Кеңестің өкілеттілігін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып қана қоймай, өз бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы Николас Мадуроны жемқор және елдегі билікті заңсыз иемденгісі келеді деп айыптады. 

Сонымен қатар, ескі парламент өз жақтастарын жаңа парламент қабылдаған заңдарға бағынбай, «басынған диктаторды» биліктен кетіру үшін тағы да жаппай наразылыққа шығуға үндеді. Оппозицияның бұл үндеуін Мадуроның ел ішіндегі қарсыластары ғана емес, АҚШ та «естіп», Венесуэлаға қарсы кезекті санкцияларын енгізді. 

 Әсіресе, 2017 жылдың 26 тамызында енгізілген санкциялар ел экономикасы үшін үлкен соққы болды, бұл ретте Дональд Трамптың талабы бойынша, Венесуэла үкіметі мен Каракастың бақылауындағы PDVSA ұлттық мұнай компаниясының құнды қағаздары мен борышкерлік міндеттемелері бойынша келісім жасауға тыйым салынды. Екіншіден, Венесуэла мемлекеттік секторының бұрынырақтағы борышкерлік міндеттемелері бойынша да келісімнен бас тартты, одан осы елдің билігі жақсы дивидент алып отырған еді. Трапм әкімшілігінің бұл қадамы бірнеше тілектес елдердің, соның ішінде Никарагуа да бар, Америка санкцияларының астында қалудан қорқып, Венесуэлаға азық-түлік жеткізуден бас тартуына әкеп соқты.  

Нәтижесінде миллионға жуық венесуэлалықтар өз отанын тастап кетті, ал қалғандары елді жайлаған ашаршылық салдарынан қатты қиналды, өйткені инфляция деңгейі рекордық – 2 млн пайызға жетті. Бұл өз кезегінде тұрғындардың наразылығын тудырды. 

Венесуэлалық дежавю 

Айта кету керек, Венесуэлада қаңтарда өткен жаппай наразылық акциясы 1993 жылғы көктемнің соңы, жаздың басындағы оқиғаларға қатты ұқсайды. Бұл жолы да сол кездегідей, Каракастағы митингіде билікке уақытша президент келгені жарияланды. Ол – Ұлттық ассамблеяның 11 қаңтарда өткен сессиясында тағайындалған социал-демократиялық бағыттағы «Ұлт еркіндігі» партиясының мүшесі, 35 жастағы Хуан Гуайдо еді. Әрине, толып кеткен Николас Мадуроға қарағанда, оның сымбатты екені анық, оған қоса, саясаткерге қажет харизмасы да жетерлік. Бірақ оның да өз «ерекшелігі» бар. Егер 1993 жылғы уақытша президент сол кезде елге танымал  Октавио Лепахе – Бельгиядағы елші және ішкі істер министрі болса, ал Хуан Гуайдоны 2019 жылдың қаңтарына дейін ешкім танымайтын еді. Айталық, Хуан Гуайдоның Twitter-дегі 2018 жылдың желтоқсанындағы жазбасына ары кетсе 50-60 адам назар аударған. Ал америкалық саясаткер Рон Пол өз YouTube каналындағы соңғы шығарылымында, Венесуэладағы жағдайға қатысты ой толғай келе: «Венесуэлалықтардың басым бөлігі олар үшін АҚШ таңдап берген жаңа президент туралы ештеңе естімеген» деп айтып өтті.  

Жалпы, қазір Хуан Гуайдоның танымалдығы артып тұр. Батыс елдерінің басым бөлігі мойындаған Венесуэланың жаңа Президентінен әлемдік белгілі ақпарат құралдары сұхбат алып, оның әр басқан қадамын бақылап отыр.  Гуайдоның елде демократия орнатуына көмектесу үшін АҚШ Ақ үйі Мадуро үкіметі мен оған бағынышты мемлекеттік құрылымдардың валюталық есепшоттарын бұғаттау жөнінде санкция енгізді. Әңгіме миллиардтаған доллар жайлы өрбіп тұр. Сонымен қатар, Гуайдо өз жариясөздерінде конституциялық тәртіптің орнауы, еркіндік пен демократия туралы көп айтқанымен, экономикалық бағдарлама туралы ләм-мим демейді. Тек оның жақтастарының пікірінен Рафаэль Кальдердің «Вашинтон бәтуаластығы» туралы аз-кем ақпарат кездестіруге болады, бұл бағдарламада Венесуэла мұнай секторына трансұлттық компаниялардың қайта келуі қарастылған-тұғын.  

Жағдай қалай өрбиді: үш нұсқа 

Өткен ғасырдың 90-жылдары ел басқарған Кальдерден айырмашылығы, Николас Мадуро биліктен кетпек емес. Куба, Қытай, Ресей мен Түркия тарапынан, сондай-ақ, ұлттық гвардия, полиция және Венесуэланың қылмыстық топтарынан қуатты қолдау көріп отырған Мадуро «АҚШ-қа арқа сүйеген Хуан Гуайдо бастаған қастандық жасаушыларға қатты соққы бермек».  

Сәйкесінше, «екінші кезеңге заңсыз сайланған Мадуроны орнынан алуға президент сайлауын өткізу керек» деп талап қойған оппозицияның ультиматум уақыты 1-ақпанда бітті, одан кейін жағдай негізгі 3 нұсқа бойынша өрбуі ықтимал.   

Біріншісі – наразылық акцияларының күшеюі, оған толықтай рақымшылық беру шартымен күштік құрылымдар қосылып, нәтижесінде, Мадуро биліктен кетіп, елден қашуы мүмкін. Екіншісі – азаматтық соғыстың басталуы, Хуан Гуайдо бастаған оппозицияға көмекке АҚШ пен Батыс Еуропаның қолдауымен көрші Бразилия мен Колумбиядан қарулы күштер келуі мүмкін. Үшінші, екі тарап бітімге келіп, Николас Мадуроның да қатысуына рұқсат етілетін жаңа президенттік сайлау жарияланбақ. Венесуэлада тұрақты өзгермейтін жалғыз дүние – мұнай өндіру, ал әлемдік нарықта оның бағасы күрт өсуі мүмкін. Түптеп келгенде, бұл Венесуэладағы текетірестің барлық тараптары үшін тиімді, өйткені, қай жағынан алып қарасаң да, ешқайсысы өз өмірлерін елдің мұнай саласын бақылаусыз елестетпейтін секілді... 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Многие люди уезжают из Казахстана по тем или иным причинам. Почему Вы остаетесь здесь жить?

Варианты

Цифра дня

$22,012
трлн
составил госдолг США, впервые в истории превысив отметку в $22 трлн

Цитата дня

«Достигнутый без труда успех – это несчастье. Можно по наследству богатых родителей получить, но не будет впрок. Я вам заявляю, как поживший человек, опытный: я не видел ни одного счастливого человека-миллиардера, у которого 10-20 миллиардов денег (долларов). Я могу вам привести список миллиардеров, которые покончили жизнь самоубийством и в тюрьмах закончили, потому что просто так данные средства, кажется, не сделают тебя счастливым, а счастливым тебя делает то, что ты горбом заработал и получил это. Сделал, создал свое счастье, свой успех».

Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана

Спецпроекты

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций

Home Credit Bank

Home Credit Bank