Акциялардың үлесі 0,5% ғана. KASE-дегі акцияларға инвесторлар неге қызықпайды?

Опубликовано
Отандық трейдерлер негізінен шетелдік биржаларда жұмыс істейді

Қазақстанның қор биржасы неліктен банктерге арналған айырбастау пунктіне көбірек ұқсайды? Себебі, қор нарығының көп бөлігін валюта және ақша операциялары алады. Ал акциялар саудасы тіпті 0,5%-ына жетпейді. Бізде инвесторлар мен трейдерлер жоқ деп айсақ, шындыққа жанаспайтын болар. Отандық трейдерлер негізінен шетелдік биржаларда жұмыс істейді.  Халық отандық қор нарығына қарағанда Форекс брокерлерге көбірек сенетін сияқты. Алайда «Форекс» брокерлері Қазақстанда лицензиясыз және кепілсіз жұмыс істейді. Соған қарамастан ел тұрғындары бұл брокерлерге көп ақша салады.

Сонымен, осы салада қандай түйткіл бар, ең негізгілерін шолып өтсек:

  1. KASE-де өтімді құралдар жоқ, нақты айтсақ, акциялар бөлімі бос. 
  2. Халықтың қаржылық сауаты аз.
  3. Халықтың табысы өте төмен.
  4.  Миноритарлық акционерлердің мүддесі қорғалмаған.

Егер акциялардың жалпы сауда-саттық көлеміндегі үлесін көретін болсақ, келесі жағдайға куә боламыз:

Монтажная область 38.png

 

KASE-дегі әр жылдағы сауда-саттық көлемі
* Қайталама қор нарығында 2018 жылы  сауда-саттық көлемі 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 2017 жылғы 261,8 млрд.теңгеден 539,3 млрд теңгеге өскен. Бұған көп жағдайда бірнеше компания акционерлерінің ауысуы және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акцияларын сатып алу салдарынан туындаған, қайталама нарықтағы тұрақты емес сипаттағы ірі мәмілелер саны әсер етті.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, жалпы айналым ішінде акция сауда-саттығы орташа есеппен алғанда 0,25% -дан аспайды, бұл –KASE-дегі сауда-саттыққа трейдерлер мен инвесторлар тарапынан қызығушылық жоқ деген сөз. Акция сауда-саттығы ірі компанияларда акционерлердің қандай да бір өзгерісі болған жылдары ғана артады: 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда сауда-саттық көлемі екі есеге жуық артқан.

Әрине, қаржылық құралдардың аздығы үлкен әсер етеді, қазіргі уақытта KASE-де 136 акция ғана бар. Оның жартысы  – банктердің акциясы, ал қалғаны  – жер қойнауын пайдаланушы компанияның акциялары. Бұндай жағдайда инвестициялық портфельді әртараптандыру мүмкін емес. 

Осы ретте көрші елдің қор биржасы –  Мәскеу қор биржасына көз салсақ. Төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай, MOEX (Мәскеу қор биржасы) биржасындағы сауда-саттық орташа алғанда 1,6% құрайды. Бұл, әрине, жоғары көрсеткіш, бірақ біздікінен әлдеқайда жақсы. Төменде көріп отырғанымыздай, MOEX-те валюта нарығы мен ақша нарығы басым.

KASE-де де, MOEX-те де елдің орталық банктері акционер ретінде отыруында ұқсастық бар. MOEX-тің 11%-ы – Ресейдің Орталық банкіне тиесілі болса, ал Ұлттық банктің KASE-дегі үлесі – 49,1%. Қаржылық реттеушінің Қор нарығының акционері болғаны өте қызық жағдай. Іс жүзінде KASE MOEX-пен өте тығыз байланысты. Біріншіден, біз MOEX жүйесін қолданамыз, екіншіден MOEX –  KASE-нің акционері және оның 3,6% үлесі бар.

Жоғарыда аты аталған «Форекс» брокерлер жайлы айтатын болсақ, Ресей Федерациясында 2015 жылы Forex нарығын реттеу туралы заң ресми түрде қабылданды. Бұл дегеніміз  – халықтың мүддесі қорғалады деген сөз, ал бізде Forex брокерлері әлі де ешқандай заңға бағынбайды.

Монтажная область 13.png

Ал әлемдік биржалардағы акциялардың АҚШ долларымен жасалған сауда-саттық көлемі мынандай:

Монтажная область 7 копия 4.png

Осы ретте төмендегі кестеге қарасақ, халықтың табысы АҚШ долларымен есептегенде, төмендеп келе жатыр. Ал халықтың табысы төмен болған сайын, жинақтары да аз болады. Ал жинағы аз адамның қор биржасына ақша салуы екіталай. Сондықтан, біріншіден халықтың орташа табысын өсіріп, орташа табыспен бірге, қаржылық сауатын да  арттыру қажет. 

Монтажная область 39.png

 

Читайте также