Сауда-саттықтың биылғы төмендеуін KASE топ-менеджерлері түсіндірді

Жарияланды
Атап айтарлығы биржа индексі өсімді көрсетіп отыр

2019 жылы Қазақстандық қор биржасындағы сауда-саттығы біріккен жиынтығының көлемі өткен жылғы көсрсеткішпен салыстырғанда, 7,6%-ға төмендеп, 118,1 триллион теңгені құраған. 

Қысқару бірнеше сауда алаңдарының: акциялар нарығы, ақшалай және валюталық нарықтар есебінен орын алған. Шетелдік валюталар нарығындағы сауда-саттықтар көлемі 11,1 трлн теңгені құраған, бұл өтккен жылғы көрсеткіштен 17,1% немесе 2,3 трлн теңге төмен. 

Ақшалай нарық 7%-ға азайған. Мұндағы сауда-саттықтардың біріктірілген көлемі 101,7 трлн теңгені құрады (2018 жыл – 7,8 трлн теңге). 

«Свопа және  репо нарықтарына көп факторлар әсер етеді, мәселен, жаңа қызметтер пайда болады. Шетелдік валюталар нарығына келетін болсақ, ол экспортерлердің валюталық түсімдерінің объективтік төмендеуіне байланысты», – деп түсіндіреді KASE төрайымының орынбасары Андрей Цалюк. 

«KASE-дегі  Орталық контрагент (ОК) қызметінің іске қоылуына байланысты биржаның сауда жүйесінде жаңа қызметтер пайда болды. Қатысушылар, әзірше, ОК-ның артықшылықтарын түсінбей жатыр, бірақ ол жақтағы операциялар қымбатқа түседі. Дегенмен банктер шетелдік қатысуларды жақсы қабылдайды», – дейді KASE басқармасының төрайымы Алина Алдамберген.

Акцияларды саудалау көлемі 2019 жылы 2018 жылғыға қарағанда, 62,3%-ға немесе 336,3 млрд теңгеге құлдырап, 203,6 млрд теңгеге дейін жетті. Мұндай елеулі төмендеу 2018 жылы тұрақты емес сипаттағы мәмілелер көлемінің көп болуына байланысты орын алған, дейді қазақстандық қор биржасы төрайымының орынбасары.  

«Өткен жылы «қандай да бір ұйымды құтқару жөніндегі операциялар» аз болды, 2018 жыл мұндай мәмілелерге толы болды. Сонымен қатар, KASE-нің ресми тізімінен Kaspi Bank, АЛАТАУ-ҚҰС, «Цесна» корпорациясының және «ҚазМұнайГаз» Барлау-өндіру акциялары шығарылды, – деп еске салды Цалюк мырза. 

Соңғы 12 айда сауда-саттығы көлемінің төмендегеніне қарамастан, KASE индексі 2,6%-ға артып, 2 363,79 тармаққа дейін жеткен.

 

Сондай-ақ оқыңыз