Перейти к основному содержанию

«Самұрық-Қазына» қоры үкіметке 190 млрд теңге дивидент төледі

Қор өткен жылдың аралық қорытындысын шығарды

Фото: Shutterstock

2019 жыл қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобы бойынша 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда (NOPLAT) тапты, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5%-ға немесе 157 млрд теңгеге артық. Таза табыс 1 256 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 38%-ға артық, делінген қордың ресми хабарламасында. 

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының борыштық жүктемесі 2017 жылдан  бері 1 трлн теңгеге азайса, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларға төмендеген.  Жыл қорытындысы бойынша, акционерге (үкіметке) түскен дивидендт көлемі 189 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 2 есе көп. 

«Эйр Астана» АҚ жолаушылар тасымалы 2018 жылмен салыстырғанда 17% -ға өссе, «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ таза кірісі 39%-ға артқан. «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық кірісі 2018 жылмен салыстырғанда 35% -ға артты», – делінген хабарламада.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор компаниялары тобы бюджетке салық 1,2 трлн теңгеден аса салық төлеген, бұл елдің жиынтық бюджетіне түсетін түсімнің 10%-ын құрайды.

Қор өкілдерінің айтуынша, ашық тендер және баға ұсыныстарын сұрату әдістерінің үлесін арттыру арқылы сатып алудың жаңа моделіне көшу есепті кезеңде 155 млрд.теңге үнемдеуге ықпал еткен.

banner_wsj.gif

76 просмотров

Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұсынады

Регулятор коронавирусқа қатысты ДДСҰ ұсынған шараларды қатаң ұстану қажет деп тұжырымдайды

Фото: shutterstock.com

Вирустың таралуын барынша төмендететін тәсіл – байланыссыз есеп айырысу. Сондықтан Ұлттық банк дүкен-дәріханада, онлайн жеткізу кезінде қолма-қол ақшасыз төлемді көбірек пайдалануды ұсынады. 

ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың пікірінше, бұл байланыс санын төмендетуге, яғни коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. 

Оның айтуынша Қазақстан Ұлттық Банкінің COVID-19 вирусының таралу ықтималдығы туралы мәселеге түсініктеме беру құзыреті жоқ. 

«Сонымен қоса қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты тәуекел есік тұтқалары, кредит карталары мен мобильді телефондар сияқты кез келген басқа беткі қабаттарға жанасу тәуекелінен жоғары еместігіне назар аударған жөн. Біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар да бар. Бірінші кезекте, банкноттардың инкассациядан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына байланысты, COVID-19 вирусы жұққан банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мардымсыз. Ұлттық Банктің ішкі нормативтері бойынша, екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн, ал  қайта санаудан кейін бір жыл  бойы сақталуы мүмкін», – дейді Жомарт Қажмұратов.

 Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша қазіргі сәтте «зат бетіндегі вирустың тұрақтылығы туралы мәліметтер жоқ». 

Коронавирустың қоршаған ортадағы тұрақтылығы салыстырмалы температура мен ылғалға, сондай-ақ материалдың бетін қоса алғанда, өзге факторларға байланысты. 

«Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер – осы адамдар үшін ерекше маңызды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды сақтауы қажет», –дейді ол. 

 Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, науқастардың  жалпы саны 97 адамға жетті. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif