Перейти к основному содержанию

567 просмотров

Қазақстанда доллар бағасы өсті

Сауда-саттық қорытыныдысы бойынша ол 379 теңгені құрады

Фото: Shutterstock

27-қаңтарда қазақстандық қор биржасында (KASE) теңге/доллар жұбының таңертеңгі сауда-саттығы өтті.

Сессия қорытыныдылары бойынша орташа сараланған бағам бір доллар үшін 379,85 теңгені құрады.

Ұлттық валюта долларға қатысты 1,39 теңгеге әлсіреді.

ба5ам.png

 

banner_wsj.gif

Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұсынады

Регулятор коронавирусқа қатысты ДДСҰ ұсынған шараларды қатаң ұстану қажет деп тұжырымдайды

Фото: shutterstock.com

Вирустың таралуын барынша төмендететін тәсіл – байланыссыз есеп айырысу. Сондықтан Ұлттық банк дүкен-дәріханада, онлайн жеткізу кезінде қолма-қол ақшасыз төлемді көбірек пайдалануды ұсынады. 

ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың пікірінше, бұл байланыс санын төмендетуге, яғни коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. 

Оның айтуынша Қазақстан Ұлттық Банкінің COVID-19 вирусының таралу ықтималдығы туралы мәселеге түсініктеме беру құзыреті жоқ. 

«Сонымен қоса қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты тәуекел есік тұтқалары, кредит карталары мен мобильді телефондар сияқты кез келген басқа беткі қабаттарға жанасу тәуекелінен жоғары еместігіне назар аударған жөн. Біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар да бар. Бірінші кезекте, банкноттардың инкассациядан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына байланысты, COVID-19 вирусы жұққан банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мардымсыз. Ұлттық Банктің ішкі нормативтері бойынша, екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн, ал  қайта санаудан кейін бір жыл  бойы сақталуы мүмкін», – дейді Жомарт Қажмұратов.

 Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша қазіргі сәтте «зат бетіндегі вирустың тұрақтылығы туралы мәліметтер жоқ». 

Коронавирустың қоршаған ортадағы тұрақтылығы салыстырмалы температура мен ылғалға, сондай-ақ материалдың бетін қоса алғанда, өзге факторларға байланысты. 

«Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер – осы адамдар үшін ерекше маңызды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды сақтауы қажет», –дейді ол. 

 Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, науқастардың  жалпы саны 97 адамға жетті. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif