«Даму» қорының 2 млрд теңгеден астам қаржысы мақсатына сай пайдаланбаған

Жарияланды
2019 жылы 20 кәсіпкер алған займдарын қайтарып берді

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев кәсіпкерлердің қор қаржысын мақсатқа сай қолданбайтындығы туралы айтып берді. 

«2019 жылы 20 түпкі займ алушының қаржыны мақсатсыз пайдалануы анықталды. Экономикалық қызметтегі негізгі кодтың сәйкессіздігі 15 займ алушы да анықталған», – деп хабарлады ол ОКҚ өткен брифинг барысында.

Бұл жобаларға 2,2 млрд теңге бөлінген. Сарсекеевтің айтуынша, займ алушылар қаржыны кері қайтарған.

Сонымен қатар, біз де жұмыс орындарын ашу және салық төлеу жөніндегі талаптар бар. Салықтарды төлеу бойынша, бағдарламаға сәйкес келмейтін үш жоба анықталды. Жұмыс орындарын ашу бөлігінде (бағдарламаға сәйкес келмейтін) екі жоба анықталған», – деді сөзін нақтылаған ол.

Спикер  мектеп немесе балалар бақшасын салуға займ алған кәсіпкерлер оны жүзеге асыру барысында жобаларын мейрамхана немесе кафе салуға өзгертетінін атап өтті. Мұндай жағдайда қор қаржы мақсатқа сай пайдаланған жоқ деген қортынды шығарады. 

«Даму» қоры 1997 жылдан қызмет етіп келеді, бұрынғы атауы – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры». 2015 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қор кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетуді (кәсіпкерлердің несиелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау, банк алдында кәсіпкерлердің несиелеріне кепілдеме беру) жүзеге асырады.

 

Сондай-ақ оқыңыз