Перейти к основному содержанию

1027 просмотров

Ұлттық банк AQR-дың алғашқы нәтижесін жариялады

Банктерге реттеуші тарапынан ұсыныстар жіберілген

Фото: Олег Спивак

Активтердің сапасын бағалау (asset quality review, AQR) Қазақстанның банк секторында оң динамика барын анықтады. Алматыда өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының бірінші орынбасары Олег Смоляков осылай деп мәлімдеді.

Сарапшылар AQR бағдарламасына 100-ден аса портфельді қосқан. Ұлттық банк қызметкерлері мен сарапшылары 6 мыңнан аса борышкер мен жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын, кепілмен қамтамасыз етілген 7 мың неси ық нормативтері AQR бағдарламасының нәтижелерін ескере отырып, жүйелі деңгейде еге талдау жүргізді.

«Ұжымдық  қорландыруды талдау аясында қосымша 8,5 млн қарыз алушы бойынша талдау жүргізілді. Жалпы, AQR аясында несие бойынша 1,9 миллардтан астам деректер жиналып, өңделді. Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша, капитал тапшылығы байқалмайды. K1 және k2 пруденциялары орындалады», – деп мәлімдеді Олег Смоляков.

Шоғырландырылған деңгейде алсақ, K1 капиталының реттеуші минимумына қатысты өсімі AQR барысында активтердің сапасы  мен қаржы құралдарын қайта бағалаудан қосымша түзету деңгейін ескере отырып, 70%-ды құраған.

«Қатысушы банктер  бойынша негізгі капиталдың нақты деңгейі 2019 жылғы 1-сәуірде 2 трлн 378 млрд теңге немесе активтердің 11,2%-ын құрады. AQR нәтижесі, яғни, тәуекелдерді жабу үшін қажет қосымша негізгі капитал, активтердің 3 пайызына немесе AQR-ге қатысқан 14 банк үшін 450 млрд теңгеге бағаланады»,– деп түсіндірді спикер.

AQR нәтижесі бойынша, к2 пруденциялық капитал қоры жүйелі деңгейде тәуекелдерді толық жабуға жетеді екен. 

«Осы орайда, AQR нәтижесі  банк капиталына немесе олардың қаржылық есептілігіне әсер етуі міндетті емес екенін айтып өткім келеді», – деді спикер.

Олег Смоляков қазірдің өзінде банктерге ішкі саясатты жақсарту бойынша ұсыныстар жіберілгенін айтып өтті. 

Бұл процесс 2020 жылдың 1-қаңтарында басталып, сол жылдың 15-ақпанына дейін аяқталады деп күтілуде.

AQR – бұл банктердің капитал қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін тексеріс, ол банк қоржынының сапасына баға береді, несие беру тәжірибесін талдайды. Аталмыш ауқымды тексеруден Халық банкі, Сбербанк, Kaspi, Forte, БЦК, АТФ банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Хоум Кредит және ВТБ банкі өткен.

banner_wsj.gif

76 просмотров

Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұсынады

Регулятор коронавирусқа қатысты ДДСҰ ұсынған шараларды қатаң ұстану қажет деп тұжырымдайды

Фото: shutterstock.com

Вирустың таралуын барынша төмендететін тәсіл – байланыссыз есеп айырысу. Сондықтан Ұлттық банк дүкен-дәріханада, онлайн жеткізу кезінде қолма-қол ақшасыз төлемді көбірек пайдалануды ұсынады. 

ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың пікірінше, бұл байланыс санын төмендетуге, яғни коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. 

Оның айтуынша Қазақстан Ұлттық Банкінің COVID-19 вирусының таралу ықтималдығы туралы мәселеге түсініктеме беру құзыреті жоқ. 

«Сонымен қоса қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты тәуекел есік тұтқалары, кредит карталары мен мобильді телефондар сияқты кез келген басқа беткі қабаттарға жанасу тәуекелінен жоғары еместігіне назар аударған жөн. Біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар да бар. Бірінші кезекте, банкноттардың инкассациядан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына байланысты, COVID-19 вирусы жұққан банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мардымсыз. Ұлттық Банктің ішкі нормативтері бойынша, екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн, ал  қайта санаудан кейін бір жыл  бойы сақталуы мүмкін», – дейді Жомарт Қажмұратов.

 Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша қазіргі сәтте «зат бетіндегі вирустың тұрақтылығы туралы мәліметтер жоқ». 

Коронавирустың қоршаған ортадағы тұрақтылығы салыстырмалы температура мен ылғалға, сондай-ақ материалдың бетін қоса алғанда, өзге факторларға байланысты. 

«Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер – осы адамдар үшін ерекше маңызды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды сақтауы қажет», –дейді ол. 

 Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, науқастардың  жалпы саны 97 адамға жетті. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif