«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2030 жылға дейін $20 млрд тартуды уәде етіп отыр

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Ал әзірше, оған жыл сайын бюджеттен 11-12 млрд теңге бөліп отыру қажет

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңына 2030 жылға дейін $20 млрд тікелей және портфельдік инвестициялар тарту жоспарланып отыр, деп хабарлады «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов.

«Өз бағдарламамызда біз 2030 жылға дейін АХҚО алаңы арқылы 20 млрд доллар көлеміндегі тікелей және портфельдік инвестицияларды тартамыз деп, болжап отырмыз», – деді ол журналистерге 4-желтоқсанда, мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын бекіткен соң, мәжіліс кулуарында.    

Оның айтуынша, тек инвестициялық резиденттік бағдарламасы арқылы 100 млрд теңгеге жуық қаржы тарту жоспарланып отыр екен.

«Жалпы (бесжылдық көп жолғы инвесторлық) виза (инвестор және оның отбасы мүшелері үшін) Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІшкіІсМин тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық тексеру жүзеге асырылғаннан кейін, халықаралық қаржы орталығының биржасындағы бағалы қағаздарға жыл сайын 60 мың доллар инвестициялаған жағдайда берілетін болады. Бұл бірінші бөлігі», – деді ол.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, қосымша Қазақстан Республикасының салық резиденті мәртебесін алуға ниет білдіріп отырған қатысушылар да бар екен.

«Ол үшін қосымша екі мүмкіндік енгізіліп отыр. Салық кодексінің жобасында Қазақстан Республикасының аумағында 90 күнге дейін болу және 7 мың АЕК, ал ол 45 мың долларға жуық сома, төлеу сияқты мүмкіндіктер қарастырылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының экономикасына 100 мың доллардан инвестиция құю, біздің есептеулеріміз бойынша, бес жыл ішінде Қазақстанға 100 млрд теңге сомасындағы инвестиция әкеледі», – деді Келімбетов.

Қызметін бастағаннан бері АХҚО $216 млн портфельдік инвестиция, АХҚО алаңында орналастырылған облигацияларға құйылған $2,2 млрд доллардан астам қаржы, $134 млн доллар  тікелей инвестициялар тартқан, оларды комапаниялар Қазақстан Республикасының аумағында құрылған кәсіпорындарға инвестициялаған. 

«Қазіргі таңда бізде әлемдегі 323 елдің 330 компаниясы тіркелген. Олар сонымен қатар, алдағы үш жылда 3,5 млрд доллар көлеміндегі инвестиция құюды жоспарлап отырғанын жеткізді. Келесі жылы біз «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі компаниялардың IPO-сын күтіп отырмыз. Жекешелендіру жалғасын табады. Біз «ҚазМұнайГаздың» IPO-сын, Air Astana, «Казахтелеком» сияқты компаниялардың IPO-сын күтудеміз. Жалпы, біздің компания өз шығынын өзі көтеретін деңгейге шықты», – деді Келімбетов.

«Сіз білесіз бе, келесі үш жылға біздің бюджетіміз орташа есеппен 11-12 млрд теңгеге жуық соманы құрап отыр. Өйткені өткен жылдарда инвестициялар негізінен, АХҚО биржасының жарғылық қорын және АХҚО соты, халықаралық арбитраж орталығы, қаржы-техникалық хабы және үздіксіз кәсіби білім беру орталығы сияқты басқару органдарын құруға құйылды. Принциптік тұрғыдан алғанда, біз алдағы үш жыл ішінде оңтайлы бюджеттік цифрларға шығамыз», – деді ол.

Сонымен қатар, Келімбетов АХҚО-дағы еңбекақы туралы да айтып өтті. 

«Бонус деген бізде жоқ. Еңбекақымыз «Бәйтеректегімен» бірдей деңгейде… Менің ойымша, «Бәйтеректегі» басқару персоналы, шамамен, бес мың доллардай алады», – деді ол.

Өз кезегінде, премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов депутаттарға АХҚО-ның алдағы екі-үш жылда өз шығынын өзі көтеретін деңгейге шығатынын жеткізді.

 

Сондай-ақ оқыңыз