Қазақстандықтар қаржысын қай валютада сақтайды?

Жарияланды
Кыркүйек қорытындысы бойынша, салымшылардың басым бөлігі теңге депозиттерін таңдаған

2019 жылғы кыркүйектегі көрсеткіш бойынша, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі,   өткен жылмен салыстырғанда, 4,2%-ға өсіп, 8,8 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ranking.kz.

Депозит көлемінің өсімімен қатар, ұлттық валютаға деген сұраныс та артып келеді. Қазіргі кезде барлық депозиттердің 55,6%-ы (4,9 трлн теңге) ұлттық валютада сақталған. Ал шетел валютасындағы депозиттер 44,4% (3,9 трлн теңге) құрайды.

Корпоративтік саланың да ұлттық валютаға деген қызығушылығы артып келеді. Заңды тұлғалардың салымдарының жалпы сомасы 6,7 трлн теңгеге жеткен, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, 1,5 пайызға артық. Соның ішінде, теңгемен салынған жинақтар 2018 жылғы 47,8 пайыздан биыл 51,2 пайызға өсіп,  3,4 трлн теңгені құраған. 

Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы жинақтары 5,2 пайызға азайып, 3,3 трлн теңге көлемінде қалыптасқан. 

Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі кезде 299,5 мың компания тіркелген, олардың 2,4 мыңы  – ірі бизнес болса, 6 мыңы  – орта кәсіп, ал 291,1 мыңы – шағын бизнес.

Сондай-ақ оқыңыз