nedvijimost-v-krizis.png

3282 просмотра

Kaspi Gold арқылы жасалған аударымдар бақылауға алынады

Кәсіпкерлер салық салынатын табысын төмендетіп көрсетеді

Фото: Shutterstock

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев шағын кәсіпкерлік саласындағы нақты ақша айналымын тіркеу бағытында министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып өтті. 

Онлайн кассалық-бақылау аппараттарына арналған жиын кулуарында вице-министр: «Қазір ақшаны Kaspi Gold-пен аудара салу кең таралып тұр. Бұл мәселені біз Ұлттық банк және Kaspi Bank-пен талқылап жатырмыз. Төлем жүйелері туралы заң тұрғысынан алсақ, оның заңға томпақ келетін тұсы жоқ. Ал Салық кодексі тұрғысынан келер болсақ, бұл операциялар тіркелмейтіндіктен, заң  мен фискализацияға қайшы», – деп мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қосымша арқылы ақша аудару – шағын кәсіп иелері үшін өз табысын салық органдарынан жасырудың оңтайлы жолы.

Вице-министр қазіргі кезде Kaspi Bank мұндай аударымдарды бақылау тетіктерін әзірлеп жатқанын айтып өтті. Уақыт өте келе, олар онлайн-кассалық-бақылау құрылғы ретінде пайдаланылып,  Мемлекеттік кірістер комитетінің талаптарына сай болады. 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif