Қаржы министрлігі төлем аударымдарын реттеуді қолға алады

Өзгерістер Kaspi Gold арқылы жасалатын төлемдерді ғана емес, өзгелерін де қамтиды

Фото: Shutterstock

Электронды түрде карта арқылы аударылған төлемнің барлығына салық салынуы тиіс, деп мәлімдеді Сенат кулуарында Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің айтуынша, егер жасалған аударым адамға кіріс әкелсе, онда бұл табыс деп жарияланып, ол одан салық төлеуі тиіс.

«Егер аударымдар кіріс көзі болса, онда ол одан табыс табады деген сөз. Кіріс көзі бар, оны алушы бар – оның салық есепшоты бақылауда болады. Айталық, көптеген жеке тұлғалардан төлем түсе бастағанда, шартты түрде айтсақ, ол неліктен елдің бәрінен 100 теңгеден ала бастады деген сауал туындауы тиіс. Яғни, оның табыс тауып отырғаны анық»,– деді вице-министр.

Баланс толтыру, туысқандарға қаржы аудару сынды бір реттік аударымдардан салық ұсталмайды деген шенеушік «әр жағдай жеке қарастырылатынын» айтып өтті.

Сонымен қатар, бір адамға ем-домға немесе дәрі-дәрмекке деп, қайырымдылық мақсатта аударылған қаржы да тексеріліп тұрады.

Вице-министрдің айтуынша, картадан-картаға тікелей аударым, төлем жасау мәселесі Қаржы министрлігінің назарына баяғыдан ілінген. Бұл саланы реттеу  жұмыстары электронды коммерция пайда болғалы қолға алыныпты.

Осы ретте, министрлік банктердің бүкіл бизнес процесі цифрлық жүйеге өткендіктен, ең алдымен, қаржы ұйымдармен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасау тәсілін заңдастыру жолын қарастырып жатыр.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg