Перейти к основному содержанию
3092 просмотра

Нацбанк впервые за год повысил базовую ставку

В последний раз Нацбанк повышал ставку 16 октября 2018 года

Национальный Банк Республики Казахстан принял решение о повышении базовой ставки с 9% до 9,25%.

Напомним, глава Нацбанка Ерболат Досаев 15 июля на расширенном заседании правительства не исключил возможности повышения базовой ставки во второй половине года для сдерживания инфляции.

«В сфере денежно-кредитной политики будут приняты меры для сохранения инфляции внутри коридора: главной задачей является сдерживание влияния на рост цен значительно возросших расходов. Во втором полугодии при усилении инфляционного давления возможно ужесточение денежно-кредитной политики через повышение базовой ставки», - сказал он.

Предыдущее решение о базовой ставке было объявлено 15 июля 2019 года. Тогда финрегулятор сохранил ставку на уровне 9%. Следующее решение о базовой ставке будет объявлено 28 октября 2019 года.

Напомним, 16 октября 2018 года Нацбанк впервые за долгое время принял решение повысить базовую ставку до 9,25% с коридором процентных ставок на уровне +/-1. Ставки по операциям предоставления и изъятия ликвидности были повышены до 10,25% и 8,25%, соответственно.

Последнее повышение базовой ставки до октября было зафиксировано 2 февраля 2016 года. Тогда базовая ставка поднялась с 16% до 17%. После чего до октября 2018 года наблюдалась устойчивая политика снижения и сохранения базовой ставки финрегулятором.

Безымянный_64.png

banner_wsj.gif

372 просмотра

Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдігі қарастырылған?

Спикерлер салық жеңілдіктері және оны қанша адам пайдаланып үлгергені жайлы айтып өтті

Фото: shutterstock.com

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан үкіметі кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктер ұсынған болатын. Қазірге дейін бұл мүмкіндікті бірқатар компаниялар пайдаланып үлгерген. Сарапшылар онлайн-конференцияда нақты цифрларды атады. 

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басшысының кеңесшісі Бақытгүл Қазақпаеваның айтуынша, Үкіметтің 2020 жылдың 20 сәуіріндегі 224 қаулысына сәйкес орта және шағын бизнес субъектілері, ірі бизнес субъектілері және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырған. 

«Ірі бизнес субъектілері үшін 3 айға, яғни 1 маусымға дейін салықтан босату қарастырылған. Ал орта және шағын бизнес және жеке тәжірибемен айналысушылар 6 айға, яғни 1 сәуір мен 1 қазан аралығында салықтан босатылады. Бұл біздің нормативтік-құқықтық актіміздің негізгі бөлігі. Қазір салық төлеушілердің көбін пеня туралы сауалдар мазалайды. Бізде 1 маусымға дейін төлемдер бойынша, жылдық декларация бойынша 10 маусымға дейін кейінге шегеру уақыт бар. Кеше ғана осы сұрақты талқылаған едік. Бүгін 12-ге дейін жаңа скриптер (интернет бағдарлама) іске қосылады. Яғни, қазірдің өзінде салық төлеушілердің 98 пайызы реттелді. Шегеру мерзімі 1 маусымға дейін. Ал пеня кейін қайта есептеледі» дейді Бақытгүл Қазақпаева. 

Маманның айтуынша, «егер кәсіпорын бірнеше қызмет түрін ұсынып отырса салық жеңілдігін қалай пайдаланады» деген сауал жиі қойылады екен. 

«Өкілетті органдармен ақылдаса келе біз бөлек есеп жүргізгенді дұрыс деп таптық. Егер салық төлеушінің еншісінде химиялық тазалау орны және ол жерде 5 жұмысшысы болса, онда еңбекақы қоры ол 5 жұмысшыға жеңілдік жасайды. Бірақ бір уақытта химиялық тазалаудан бөлек тағы басқа жұмыстарды жүргізіп отырған болса, онда ол қызмет түрлері салықтан босатылмайды» деді министрлік өкілі. 

    Онлайн-конференцияға қатысқан келесі спикердің айтуынша, қазірге дейін 400 мыңға жуық салық төлеуші жеңілдіктерге ие болған. 

«Біз осыған дейінгі барлық инкассолық және шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша өкімдердің күшін жойдық.  Күші жойылған инкассолық өкімдер саны – 500 мың, ал банк шоттарының шығын операцияларын тоқтату бойынша өкімдер – 250 мың. Бұл жұмыс сәуір айының басында атқарылды. Сондай-ақ салық төлемдерін және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша хабарландыруларды бұғаттадық. Мемлекеттік кірістер комитеті атқарған осы жұмыстардың нәтижесінде салық қарыздарын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі 360 мың салық төлеушіге берілді. Бұл қарыздардың көлемі – 337 миллиард теңге. Сонымен қатар мүлікті сатуға тыйым салу туралы 200 мың шешімнің де күші жойылды. Егер салық төлеуші орта және шағын бизнес өкілі болса онда алдыңғы салық қарыздары бойынша инкассолық өкімдердің күші жойылады. Екінші деңгейлі банктерден алатын барлық шоттар бойынша» деп атап өтті қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті борышкерлермен жұмыс басқармасының жетекшісі Айгүл Уәлиева. 

     Еске салсақ, 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылған. 

    Сондай-ақ кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкіл Рустам Жүрсінов импортқа қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу бойынша кейінге шегеру мүмкіндігі ұсынылғанын жариялады. 

    «Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып импортқа салынатын ҚҚС-ны кейінге қалдыру туралы шұғыл шаралар қабылдауды өтінген болатынмын. Осыған дейін кіші, шағын және орта бизнес субъектілері импортқа ҚҚС төлеу бойынша кедендік декларациялау кезінде кейінге шегеру мүмкіндігін пайдалана алмайтын. Ал бұл дегенің аталған бизнес түрлерінің төтенше жағдай кезіндегі қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Комитет біздің өтінішімізді ескеріп түзету енгізіпті. Енді тауарларды кедендік рәсімдеу кезінде импортқа ҚҚС төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігін пайдалана алады» дейді ол. 

    Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Любовь Худова мемлекет жергілікті өндірушілерді қолдауы, оларға салық жеңілдігін көрсетуі тиіс деп санайды. Бұл туралы ол онлайн брифингте мәлімдеген. 

    «Пандемия кесірінен пайда болған дағдарыс бөлшек сауда брендтеріне кері әсер етуде. Өйткені қазір ритейл (бөлшек сауда) мүлде жұмыс істеп тұрған жоқ. Мұндай сәтте қазақстандық бренд мүлде бас көтерместей болып құлдырайды. Сондықтан қолдау өте керек. Саланың дамуын ынталандыру үшін қабылдауға тиіс шаралар бар. Сауда алаңдарын жалға алуға кететін шығын жеңіл өнеркәсіп тауарлары құнының 30-50 пайызын құрайды. Сол себепті, жалға алу құнының 50 пайызын субсидиялау керек деп есептейміз. Сауда орталықтары жабық тұрған кезде 15 наурыз бен 15 маусым аралығында арендалық каникул жариялануы тиіс. Өйткені мамырда сауда орталықтары ашылмайды» дейді Mimioriki ЖШС директоры Инна Апенко. 

Оның айтуынша, аренда құнын субсидиялау жыл соңына дейін жалғасқаны жөн. «Біз импорттық шикізатқа тәуелді болғандықтан шикізатқа қойылатын импорттық баж салығының күші жойылуы керек. Бұл біздің тауарлардың бағасын сақтауға көмектеседі» дейді ол. Спикер сондай-ақ мектеп формаларын өндірушілер үшін де қосымша құн салығын жоюды сұрайды. Егер мектеп формалары қымбаттап кететін болса онда бұл халыққа тіпті ауыр тиюі ықтимал. 
     
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png