Қазақстанда қолма-қол ақшасыз валюта сатып алуды шектеуі мүмкін

Жарияланды
Қаулы әлі қабылданбаған, әзірге талқыланып жатыр

Қазақстан валюталық реттеуді қатайтуға тағы бір қадам жасады. «Курсивке» белгілі болғандай, елімізде қолма-қол ақшасыз валюта сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулысының жобасында көрсетілгендей, (бұл құжат жобасы Курсивте бар), заңсыз ақша айналымы мен терроризмді қаржыландыруға қарсы осындай шаралар қарастырылған.  

Осы құжат бойынша, егер клиент үлкен көлемде, қайта-қайта қолма-қол ақшасыз қаржы алса, банктер бұл операцияларға ерекше назар аударып, қосымша тексеру жүргізуі тиіс. Бұл ретте соңғы 30 күндегі сұраныс сомасы жеке тұлғалар үшін – $1 млн, ал заңды тұлғалар үшін 5 млн доллардан аспауы керек. Алайда құжатта белгіленген сомаға қатысты қандай шектеу қойылатыны нақтыланбаған. Бәлкім, клиенттің тапсырысы бұл сомадан асып кетсе, күдік тудырып, қосымша тексеріс жүргізілетін шығар. Немесе бір ай ішінде сатып алуға рұқсат етілетін валюта көлемі туралы сөз болуы да мүмкін. 

Сонымен қатар, құжаттан түсінгеніміз, оның авторлары клиенттен қолма-қол емес валютаға тапсырыс түссе салысымен, бірден сатуға шектеу қоймақ. Құжатта «Клиент операция жүзеге асатын уақыттан 3 күн бұрын тапсырыс бере алады» делінген.  Ал бұл шектеудің қандай сомаға қатысты екені құжаттың мәтінінен түсініксіз. 

«Курсивтің»ақпараты бойынша, аталмыш құжат әлі қабылданбаған, әзірге талқыланып жатыр. Бұдан бірнеше күн бұрын қолма-қол төлем нарығындағы 2020 жылы енгізілетін шектеулер туралы белгілі болған еді. 

Экономикасы шикізатқа байланған елдердің көпшілігі капиталдың шетелге ағылу мәселесімен бетпе-бет келеді, бұндай жағдайда ел билігіне валютаның еркін айналымы мен оны елден заңсыз шығарудың алдын алу арасындағы тепе-теңдікті ұстауы керек. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкіметтің 23 шілдеде өткен кеңейтілген отырысында айтқандай, реттеуші қызметінің басты бағытының бірі – халық пен бизнестің жүргізіліп жатқан баға саясатына сенімін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету. «Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтау үшін квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың валюта нарығындағы іс-әрекетін келістіру және үйлестіру үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Сатылып алынатын валютаның көлемі ай сайын келісіліп отырады», – деді Досаев.  

Осы тұрғыдан алғанда, реттеуші өзінің ақша-несие саясатын тек мемлекеттік компанияларға ғана емес, валюталық операциялармен шектен тыс әуестеніп кеткен кейбір ойыншылар мен жеке секторға қатысты жүргізуінен бірізділікті байқауға болады. 

«Қазақстанды жемқорлық жайлағанын ескерсек, қаржылық бақылау саласында қатаң шаралар қажет екені айқын. Екінші жағынан, әлемде заңсыз ақша айналымы мен терроризмді қаржыландырумен күрес, коммерциялық кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға кедергі келтірместен, байыппен жүргізіледі», – деп тұжырымдайды халықаралық компанияның атын атағысы келмеген сарапшысы.

Сондай-ақ оқыңыз