Перейти к основному содержанию


367 просмотров

Банктерді мемлекеттік қолдауға қанша қаржы кетті?

Оның қысқаша тарихы қандай?

Фото: Shutterstock

Қазақстанда жаңа президенттің бастамасымен тұтынушылық несие бойынша қарызды кешіріп жатқанда, «Курсив» бұған дейін мемлекеттің банк пен оның клиенттері – жеке тұлғаларға қалай көмектескенін және оған қанша қаржы кеткенін еске түсіруді ұсынады. 

2007-2010 жылдардағы дағдарыс 

2008 жылдың 13 қазанында, әлемдік дағдарыс тереңдеп тұрған шақта (ол Қазақстанда 1 жыл бұрын басталған) Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «нақтыланған бағдарламалар» үшін Ұлттық қордан 2009-2010 жылдары $10 млрд бөлуді тапсырды. Осы қаражаттың $4 миллиарды, яғни, 480 миллион теңгесі қаржы секторы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталды. 

Дағдарысқа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрылды. Қордың басты міндеттеріне коммерциялық банктерді қосымша капиталдандыру арқылы қаржы секторын тұрақтандыру, үлескерлік нарықтағы түйткілдерді шешу, қымбат ипотекалық қарызды қайта құрылымдау кірді. 

2009 жылы мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы БТА, Альянс, Халық және Қазкоммерцбанктің (сол кездегі елдегі ең ірі 4 банк) жай және артықшылық берілген акцияларын сатып ала бастады, БТА мен Альянс толық мемлекет қарамағына өтті. Әуелде банктер дағдарыстан шыққан соң мемлекет салған қаржыны қайтаруы тиіс делінген еді, алайда оның қалай қайтарылып жатқаны көпшілікке беймәлім. 

2012 жылы Халық банк басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Halyk жай және артықшылық берілген акцияларын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан 60 млрд теңгеге мерзімінен бұрын сатып алады деген еді. Алайда 2013 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан президенті бұған қарама-қайшы мәлімдеме жасап: «Ұлттық қорда жатқан қаржыны алып, оңды-солды шашқан оңай. 2008 жылғы дағдарыс кезінде бөлінген $10 млрд қаржыны көрмедік, ешкім сол күйі қайтармады»,–деді.
 
«Самұрық-Қазына» қорын 2008 жылдың қазанынан – 2011 жылдың сәуіріне дейін Қайрат Келімбетов басқарды. Кейіннен парламент алдында осы 10 млрд доллардың қайда кеткені туралы есепті де соған беруге тура келді. «Халық банк бойынша қаржы толық қайтарылған. Қазком кестеге сай қайтарып жатыр. БТА, Альянс пен Темірбанк туралы айтсақ, өздеріңіз білетіндей, мемлекет бұл банктердің капиталынан шығуы, яғни бұл банктерді сату үшін мемлекет басшысы бір жыл ішінде инвестор табуды тапсырған», – деді Қайрат Келімбетов. 

Альянс пен Темірбанкке Болат Өтемұратов инвестор болуға құлшыныс танытып, нәтижесінде 2015 жылы аталмыш қаржы ұйымдары ForteBank-ке қосылады. Ал БТА да, Қазком да қазір нарықта жоқ, алайда олардың нарықтан кетуі мемлекет үшін өте қымбатқа түсті (алдында бөлінген 4 млрд теңгеге қосымша тағы шығын шықты). 

Жүйе құраушы банктерге бөлінген қаржыдан бөлек, 2009 жылы мемлекет «адал ипотекалық борышкерлерге» көмек көрсетті. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтар үшін пайыздық үстемақы 9 пайызға дейін төмендетілсе, басқа азаматтар үшін 11% болды. Қайта құрылымдауға қажетті 1 млрд доллар немесе 120 млрд теңге тағы Ұлттық қордан алынды. Бағдарлама нәтижесі бойынша 30 мың борышкердің қарызы қайта қаржыландырылды. Алайда ипотека нарығындағы өртті сөндіруге бұл миллиард жетпей қалып, ақыры ипотекалық борышкерлер мәселесін шешу үшін мемлекетке тағы да екі мәрте шығындалуға тура келді. 

Сайлау және девальвация –2015 

2015 жылдың 26 сәуіріне бекітілген кезектен тыс президент сайлауы өтер алдында, Ұлттық банк 24 сәуірде «2004—2009 жылдар аралығында қарыз алған ипотекалық борышкерлердің жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын» бекітеді. Бағдарлама сыйақы, айыппұл, комиссия бойынша қарызды кешіріп, негізгі қарыздың қалған бөлігін жылдық 3 пайыз мөлшерлемемен қайта қаржыландыруға бағытталған (бұл жылдары жасалған ипотекалық келісім-шарттардың орташа мөлшерлемесі 15 пайызды құрайтын еді). Оны жүзеге асыру үшін Ұлттық банк 2026 жылға дейін 130 млрд теңге бөлген. 2019 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында банктер жалпы сомасы 148,3 млрд теңге болатын 25249 қарызды қайта қаржыландырған.

Алдағы уақытта теңгенің тағы да құнсызданатынына қарамастан, депозитін теңгемен сақтаған салымшыларға 2015 жылдың тамызы өте сәтті болды. Өйткені мемлекет басшысы Ұлттық банкке осы адамдарды қолдау үшін, олардың курс айырмашылығынан жоғалтқан қаржысын өтеуге тапсырма берді. Өтемақы 2015 жылдың 18 тамызында депозитінде 1 миллионнан аспайтын қаржы жатқан салымшыларға берілді. Нәтижесінде 1,7 миллион салымшыға 250 млрд теңге өтемақы түсті.

Қазком 2017

2017 жылы БТА мен Қазкомға не болғанын толық түсіну үшін, 3 жылға кері шегінуге тура келеді. БТА үшін инвестор іздеудің соңы 2014 жылы оған Қазком мен Кеңес Рақышевтің келуімен тынды. Олар «Самұрық-Қазынадан» БТА-ның 46,5 пайыз акциясын сатып алды. 

Бұл келісімде екі банктің Қазком бренді аясында толық бірігуі қарастырылған еді. Алайда оған дейін де хәлі мүшкіл Қазкомның 2016 жылы жағдайы тіптен нашарлап, ағымдағы өтімділігін қамтамасыз ету үшін регулятордан көмек сұрайды.

2016 жылдың желтоқсанынан Ұлттық банк Қазкомға жалпы сомасы 625 млрд теңге тұрақтандырушы қарыз береді. 

Алайда Қазком секілді алып банктің банкрот болуына биліктегілер жол бере алмағандықтан, қайраңға батып бара жатқан банкті Халық банкке қосу арқылы құтқару туралы шешім шығарылады. Осы мақсатта мемлекет әуелі Проблемалық кредиттер қоры арқылы БТА-ның нашар активтерін 2,4 трлн теңгеге сатып алады, ал БТА бұл қаржымен Қазкомның алдындағы қарызын жабады. Ал Қазком өз кезегінде осы ақшамен Ұлттық банк пен Самұрық-Қазынаның алдындағы міндеттемелерінен құтылады.

Бұл келісімдердің барлығы 2017 жылдың шілде айында іске асып, артынан Халық банк Қазкомды жеке қаржысынан 185 млрд теңге көлемінде қосымша капиталдандыру шартымен бар-жоғы 2 теңгеге сатып алады. Ал 1 жылдан соң, 2018 жылдың маусымында Қазком өз еркімен лицензиясын тапсырып, нарықтан кетеді. 

БТА-ның нашар активтерін 2,4 трлн теңгеге сатып алған «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 2012 жылы банктерді жұмыс істемейтін қарыздарынан тазартуға жәрдемдесу үшін құрылған. Қор құрылғалы оны Ұлттық банк басқарып келген-ді, ал 2017 жылы Үкімет ПКҚ-ның жалғыз акционері атанып, қор Қаржы министрлігінің қарамағына өтеді. 2017 жылдың 14 ақпанында президент банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан 1,093 трлн теңге мақсатты трансферт бөлу туралы жарлыққа қол қояды. Ал осыдан 1 күн бұрын Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков бюжетке енгізілетін өзгерістерді таныстыру кезінде депутаттардың сұрағына жауап бере тұрып, Проблемалық кредиттер қоры тағы да 2 трлн теңге көлемінде қосымша капиталдандырылатын мәлімдеген еді. Ал Қазқомды құтқаруға кеткен мемлекеттің 2,4 трлн теңге қаржысы қашан қайтарылатынын, оның тағдыры не болатынын билік өкілдерінен ешкім сол күйі көтермеді. 

RBK Bank және басқалары

Сол 2017 жылы тағы да 5 отандық банк мемлекеттік қолдауға ие болады. Ақша реттеуші арқылы түсіп: RBK Bank (243,7 млрд теңге), АТФ (150 млрд теңге), Еуразиялық банк (150 млрд теңге), Цесна (100 млрд теңге), БЦК (60 млрд теңге) сынды банктер Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылықты көтеру бағдарламасының қатысушысы атанады. Бұл қаржы ақылы, белгілі бір мерзімге, қайтарылу шартымен берілді. Банктер 15 жылға табыстылығы 4 пайыз тәртіптелген облигация шығарды. Оны Ұлттық банктің «қызы» – «Қазақстанның орнықтылық қоры» сатып алады. 2018 жылдың аяғында парламент қабырғасында есеп берген Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев: «Бұл бағдарлама банктерге 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 794,3 млрд теңге көлеміндегі  проблемалық қарыздарын шығысқа шығаруға мүмкіндік берді. Бұл ретте банктер нашар активтерін 1,2 трлн теңге көлемінде төмендетуге міндеттеме алды», – деп мәлімдеді.
 
Ең қызығы, сол кезде бұл бағдарламаға қатысушы 5 банктің ішінде тек біреуінің жағдайы қиын еді: RBK Bank 2017 жылдың күзінде карта мен ағымдағы есепшот бойынша транзакция жасау және  салымдарды беруді тоқтатты. Банк клиенттері 1 айдай алаңдап, ақыры банктің акционері ауысып, қосымша қаржыландыру мен Ұлттық банктен түскен ақшаның арқасында RBK Bank-тегі жағдай тұрақтанды. Ал Цеснабанкті мүлдем басқа тағдыр күтіп тұрған еді. 

2018–2019 жылдардағы Цеснабанк 

2018 жылдың ортасынд Цеснабанк өтімділігін ұстап тұру үшін реттеушіден150 млрд теңге қарыз алғаны белгілі болды. Банк өтімділік тапшылығын бірқатар квазимемлекеттік компаниялар қаржысының қомақты бөлігін шешіп алуымен түсіндірді. Күзде Проблемалық кредиттер қоры 450 млрд теңгеге банктің қайтарымсыз қарызын сатып алады. ПКҚ 2019 жылдың қаңтарында осы мақсатқа тағы да 604 млрд теңге жұмайды. 2 ақпан күні First Heartland Securities брокерлік компаниясы банк акцияларының бақылау пакетін сатып алады. Бұл келісімнің құны құпия қалып тұр, дегенмен жаңа акционер сол күні-ақ банкті 70 млрд теңгеге қосымша қаржыландырды. Ал сәуірде аграрлық банктің «Цесна» бренді жойылып, оның орнына Jýsan бренді келді. 

11 ақпанда өткен баспасөз-жиынында қаржы министрі Әлихан Смайылов Цеснаның ауылшаруашылық несиесін сатып алуға кеткен қаржы мемлекетке қайтарылады деп мәлімдеді. «Банк жүйесін сауықтыру масатында қаржы ұйымдарының проблемалық несиелерін сатып алу үшін арнайы құрылған Проблемалық кредиттер қоры өз облигацияларын қор нарығына шығарды. Бұл облигацияларды Қазақстанның орнықтылық қоры алып, одан түскен ақшаға Цеснабанктің аграрлық қоржыны сатып алынды. Жағдай біраз жақсарған соң, бұл қоржынды жеке секторға сатып, одан түскен қаржы Қазақстанның орнықтылық қорына қайтарылады, өйткені ол қайтарылу шартымен берілген қарыз. Алғашқы өтем 10 жылға жоспарланса, екіншісі – 15 жылға, активтердің сатылғанына қарай, бұл ақшаны қайтарамыз», – деді Қаржы министрі. 

Ипотека 3:0

2018 жыл 10 қаңтардағы Елбасы жолдауында президент «2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген валюталық ипотекалық қарызы бар тұрғындардың мәселесін түбегейлі шешуді» тапсырады. Ұлттық банк 27 наурыз күні 2015 жылы қабылданған ипотекалық борышкерлерді қолдау бағдарламасына өзгеріс енгізеді. Аталмыш өзгеріс 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген валюталық борышты теңгенің 2015 жылдың 18 тамызындағы бағамы бойынша қайта қаржыландыруды қарастырады. 

Реттеуші валюта бағамындағы айырмашылықты жою үшін қайтарымсыз 156 млрд теңге бөледі. Банктер борышкерлердің сыйақы, комиссия пен айыпақы ретіндегі 136 млрд теңге көлеміндегі қаржысын кешіреді. 2019 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 51,4 млрд теңгені құрайтын 6283 қарыз қайта қаржыландырыған. Жаңа сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12 пайызды құрайды. Ал әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін ол 3 пайыздан аспайды.


1 просмотр

Почему казахстанцы не привыкли пользоваться кредитками

Из 5,2 млн кредитных карт почти половина «простаивает»: операции проводятся только с 2,8 млн

Фото: Shutterstock

Ужесточение регулирования в сфере потребительского кредитования снижает возможности банков расти на этом рынке. Выпадающие продажи банки могли бы частично компенсировать активным продвижением кредитных карт. Ниша привлекательна еще и потому, что ведущий розничный банк заполнять ее не хочет. 

В отличие от развитых экономик, где кредитки имеют тотальное хождение, в Казахстане этот продукт не столь популярен. По данным Нацбанка, на 1 июня доля кредитных карт в стране составила 21% против 75%, приходящихся на дебетные карты (еще по 2% занимают дебетные карты с кредитным лимитом и пред­оплаченные карты). При этом из находящихся в обращении 5,2 млн кредиток почти половина «простаивает»: операции проводятся только с 2,8 млн. 

Чем богаты…

Дело в том, что казахстанские банки часто предлагают кредитки как продукт, сопутствующий депозиту, зарплатной карте или потребительской ссуде. Например, Bank RBK готов открыть кредитную карту без обеспечения и под залог сберегательного счета. Во втором случае на кредитке будут деньги в валюте депозита, что позволяет расплачиваться кредиткой за рубежом, не боясь потерять на конвертации. 

В пресс-службе ForteBank утверждают, что их кредитка уникальна тем, что позволяет совершать покупки без переплаты: «C кредитной картой Forte покупки становятся доступнее, так как можно покупать по специальным предложениям без переплаты процентов до 12 месяцев». 

Евразийский банк предлагает клиентам не классическую кредитку, а карту рассрочки: «Наша карта рассрочки имеет предельно простую арифметику: совершил покупку на определенную сумму в магазинах-партнерах, поделил выплаты на три месяца. Если магазин не партнер, при сумме рассрочки не более 200 тыс. тенге одноразовая комиссия составит 2 тыс. тенге».

Спрос есть

В Банке ВТБ делятся позитивной динамикой спроса на кредитки. «На 1 июля нами выдано кредитных карт на сумму 600 млн тенге. Динамика с начала года составила плюс 3%, притом что данный продукт не являлся приоритетным для нас. Тем не менее мы видим огромный потенциал роста», – сообщил начальник отдела банковских карт Банка ВТБ (Казахстан) Фархат Айсаров.

Финансисты часто сравнивают рынок Казахстана и Турции, где кредитные карты давно стали драйвером продаж. 

Единственное отличие – у нас этот продукт только начал развиваться. Возможно, зная о перспективах рынка, Altyn Bank предлагает сразу три вида кредиток – для покупок, с возможностью обналичивания и для путешествий. «С каждым днем все больше растет потребность населения в быстрых способах получения ссуды на небольшие суммы для обеспечения своих каждодневных расходов», – констатировала начальник управления розничных продуктов Altyn Bank Татьяна Попова.

По данным Нацбанка, доля безналичных платежей в общем объеме операций с карточками казахстанских эмитентов выросла за год (май 2018/май 2019) с 29,2 до 42,6%. «Популярность кредитныx карт, как правило, определяется уровнем развития в стране безналичныx расчетов. Клиентам выгодно покупать товары и услуги сейчас, а платить за них через один-два месяца (типичный срок беспроцентного льготного периода по кредитной карте). Популярность безналичных покупок в последние годы существенно выросла, и, как следствие, можно ожидать существенного роста спроса на кредитки», – считает управляющий директор по розничному бизнесу Альфа-Банка (Казахстан) Иван Истомин.

По его словам, сейчас Альфа-­Банк пилотирует несколько видов кредитных карт, запуск продуктов планируется в следующем году. Похожими планами поделились в пресс-службе Банка ЦентрКредит: «В настоящее время на фоне роста привлекательности кредитных карт БЦК пересматривает продуктовую линейку и работает над созданием новой, прогрессивной карты».

условия обслуживания кредитных карт в казахстанских банках.jpg

Kaspi против

Директор центра по развитию финансовых технологий и инноваций Ассоциации финансистов Казахстана Константин Пак считает, что главной целевой аудиторией кредиток должны быть клиенты, уверенные в завтрашнем дне. «Однажды выдав кредитную карту, банк может оказывать кредитные услуги клиенту на протяжении длительного времени без необходимости посещения банка и оформления дополнительных документов. Поэтому в сегменте постоянных клиентов с высокой платежеспособностью их применять выгоднее, чем обычный розничный кредит», – отметил он.

По данным Первого кредитного бюро, задолженность казахстанцев по кредитным картам на 1 мая составляла 1,1% от совокупной ссудной задолженности физлиц, или около 68 млрд тенге. Статистика проблемных займов по кредиткам отсутствует. Зато присутствует риск, что карточный кредит является сложным продуктом для массового сегмента клиентов. Ведь человеку необходимо ежемесячно погашать процент от использованного основного долга плюс начисленное вознаграждение, а когда нужно подсчитать, из чего сложился минимальный платеж, люди зачастую теряются, не знают, как правильно высчитать сумму займа. Поэтому лидирующий на рынке розничного кредитования Kaspi в свое время отказался от выпуска кредитных карт. 

«Основной минус этого продукта – долг никогда не заканчивается. Люди гасят, потом снова берут и никак не могут погасить задолженность. В результате клиенты постоянно должны банкам и переплачивают за кредит огромные суммы. Именно по причине негативных последствий для финансового благополучия наших любимых клиентов мы прекратили предоставлять этот продукт и не планируем его возобновлять в обозримом будущем. Мы также советуем казахстанцам с большой осторожностью относиться к кредитным картам», – сообщили в пресс-службе Kaspi.kz.

Впрочем, финансово подкованные граждане активно и с удовольствием пользуются кредитками, применяя два простых правила. Первое: погашай задолженность в льготный период и не плати проценты. Второе: не обналичивай в банкомате деньги с кредитной карты, а оплачивай ими покупки в предприятиях торговли и сервиса.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций