Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


2314 просмотров

Инвестиционная компания Ракишева добровольно сдала одну из лицензий

Действие лицензии Fincraft прекращено с 20 июня

Нацбанк прекратил действие лицензии компании Fincraft на проведение банковских операций в иностранной валюте. Лицензия была выдана 13 ноября прошлого года. Приказ о прекращении действия лицензии подписан 20 июня, соответствующая информация размещена на сайте регулятора.

Как пояснили «Курсиву» в Fincraft, компания сдала лицензию добровольно.

«Эту лицензию АО «Инвестиционный дом Fincraft» получило в ноябре 2018-го, с тех пор компания не осуществляла операций, связанных с этой лицензией. В целях сокращения операционных расходов, связанных с данной лицензией, компания решила добровольно вернуть ее. При этом компания продолжает оказывать услуги в рамках имеющихся лицензий на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг, в том числе брокерские услуги и услуги по управлению инвестпортфелем», –сообщил советник председателя правления АО «Инвестиционный дом Fincraft» Миржан Каракулов.

АО «Инвестиционный дом Fincraft» было создано в 1997 году, первое название компании – «Туран Алем Секьюритис». Нынешнее имя компания получила в ходе ребрендинга в 2017 году, говорится на сайте Fincraft.

Единственным акционером Fincraft является предприниматель Кенес Ракишев. По данным KASE, весь чистый доход компании за 2018 год в размере 1,635 млрд тенге акционер направил на выплату дивидендов.

В настоящее время у Fincraft осталось три лицензии: по деятельности на рынке ценных бумаг, а также по брокерской и дилерской деятельности в сфере товарных бирж.


193 просмотра

Банктер қазақстандықтардың төлем қабілетін қалай бағалайды?

Ұлттық банк жаңа шектеулер енгізбек

Фото: Shutterstock

Халықтың тұтынушылық қарызының бір бөлігін кешіре салысымен, мемлекет Ұлттық банк арқылы бұл нарықта бірқатар шектеулер енгізбек. Жаңа ереже бойынша, қарыз алушының төлем қабілетін бағалауда оның кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бар-жоқтығын ескеру ұсынылып отыр.

Ұлттық банктің «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" құжаттың жобасы реттеушінің сайтында жарияланған. 

Аталмыш құжат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» жарлығын жүзеге асыру мақсатында дайындалған. Азаматтардың қарызын кешіру мемлекет қазынасына 115 млрд теңгеге түскені белгілі. Осы жарлықта Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке табысы  күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға кепілсіз несие беруге тыйым салуды енгізуді тапсырды.

Қолданыстағы ереже бойынша, қазіргі кезде банктер кепілмен қамтамасыз етілмеген несие беру немесе бермеу туралы шешімді қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентін есептеп барып қабылдайды. БЖК бөлшек бойынша есептеледі, бөлшектің алымында қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем сомасы (мерзімі өткен несиелерімен бірге) және жаңа несие бойынша ай сайынғы төлемі орналасса, бөлшектің бөлімінде қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа айлық кірісі көрсетіледі. БЖК-ның максималды деңгейі - 0,5 болуы тиіс. БЖК көрсеткіші осы деңгейден асатын қарыз алушыға жаңадан несие берілмеуі керек. 

Ал жаңа ереже бойынша Ұлттық банк несие ұйымдарына қарыз алушының БЖК-сін санаудан бұрын, оның төлем қабілетін ҚК ≥ ЕТКД + ЕТКД С _КТОМ /2 формуласы арқылы тексеруді ұсынып отыр. Мұндағы: ҚК – қарыз алушының кірісі;

ЕТКД – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (биыл ол 29698 теңгеге тең). Ал ЕТКД С _КТОМ  – кәмелеттік жасқа толмаған әр отбасы мүшесінің ең төменгі күнкөріс деңгейі. Табатын табысы осы формуланың оң жағындағы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтарға несие берілмеуі тиіс. Бұл ретте қайта саналған БЖК көрсеткіші де 0,5-тен аспауы керек. 

«Борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қарыз алушының төлем қабілетін алдын ала бағалаудың қосылуы – БЖК-ны әр үй-жай бойынша есептеуге ақырындап көше бастағанымыздың белгісі», – деп түсіндіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз-қызметі. 
Ұлттық банк бұл талапты банктер ғана емес, өзге де несие ұйымдары: шағын қаржы ұйымдары, ломбардтар, онлайн-несие беретін мекемелердің де сақтауын міндеттемек. Сәйкесіше, борышкерлік жүктемені есептеген кезде, жеке тұлғаның барлық несие ұйымдары алдындағы қарызы ескерілетін болады. 

Тұтынушылық несие нарығын реттеу тәсілінің өзгеретіні жайлы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев шілде айында-ақ айтқан еді:  «Болашақта бірқатар қосымша реттеу шаралары: БЖК есептеуді өзгерту мен банктердің жеке капиталына қойылатын талаптарды қатайту қарастырылып жатыр. Бұл шаралар, әсіресе, кірісі төмен азаматтарға оңды-солды кепілсіз несие беруді шектеуі тиіс».

 «Несие беру талаптарын қатайту – бір жағынан банктер мен шағын қаржы ұйымдарының қызметін ретке келтіріп, шектесе, екінші жағынан, тұтынушыларды өздері қайтара алмайтын қарызды алудан қорғайды», – деп пайымдайды ALPHALUX Consulting бас сарапшысы Сергей Полыгалов. Сарапшының ойынша, Ұлттық банк несиелеудің жаңа ережелерін енгізу арқылы несие ұйымдарының қызмет сапасын арттыруды қалайды, ол өз кезегінде банк секторынының тұрақтануына ықпал етуі тиіс.  

Кейбір екінші деңгейлі банктерді Ұлттық банктің БЖК есептеуде қолданылатын табыс көзін реттеуге ұмтылуы алаңдатып отыр. «Менің білуімше, регулятор нақты кірісті санағанда мемлекеттік жәрдемақыны есепке алмауды ұсынып отыр. Бұл да дұрыс шығар, өйткені мемлекет жәрдемақыны ең негізгі шығындар үшін бөледі. Алайда бұл шара қарыз алушылардың қатарын азайтып жібереді. Банктер мен шағын несие ұйымдары қарыз беруден бас тартса, адамдар өсімқорлардың қызметіне жүгініп, несиенің «қара» нарығы пайда болады», –деді өз есімін атамауды жөн көрген қаржыгер. 

Расында, жаңа ережелер жобасында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты жеке тармақ бар. Ұлттық Банк атаулы әлеуметтік көмек алатын борышкерлер үшін БЖК-ні тек ресми кіріс деректері негізінде есептеуді ұсынады. Десе де Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы Ұлттық банктің бұл ұсынысы әлі  талқыланып жатқанын айтады: «Қазіргі кезде Ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, пруденциялық реттеу шеңберінде активтерді несиелік тәуекел дәрежесіне қарай сәйкестендіру, сол бойынш  кепілсіз тұтынушылық несие берген кезде банктердің жеке капиталына қойылатын талаптардың қатаюын қамтитын өзгерістерді талқылап жатыр».

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

b2-uchet_kursiv.png

 

Цифра дня

1,6 млрд
тенге
задолжали казахстанские работодатели своим работникам

Цитата дня

Порой некоторые лозунги и призывы выглядят крайне привлекательными, но их авторы не несут ответственности перед страной. Реформы ради реформ - это верный путь к кризису и потери управляемости государством. Уверен, никто из нас этого не желает. Развитие должно быть последовательным, поступательным, без забегания вперед, но и без отставания.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций